Жаңалықтар

Елдік пен ерліктің туы болған Ер Жәнібек

1

2014 жылы қаңтардың  29 күні Алматы қаласындағы Ұлттық Баспасөз клубында Елдік пен Ерліктің туы болған қазақтың хас батыры Ер Жәнібектің  300 жылдық мерей тойына арналған баспасөз жиыны өтті. Жиында Ер Жәнібек бабамыздың 300 жылдық мерей тойын өткізу туралы алдын ала жоспарланған іс-шаралар таныстырылып, ел ағалары Ер Жәнібектің қазақ өміріндегі алатын орны, оның тарихи тұлғасы жөнінде әр қырынан сөз етті. Соның ішінде, атап айтар болсақ,  Ер Жәнібектің 300 жылдық мерей тойы еліміз аймақтарында ғана аталып, тойланып, мерекеленіп қана қоймай, шет елдерде де, мәселен,  Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында, Қытайдың Шыңжаң өлкесінде, Түркияда және Еуропаның бір қатар елдерінде атап өту жоспарланған екен.

“Мінбер”

Теги: , ,

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*