Руханият

Ерзат Кәрібай:Тарбағатайдағы ұлт-азаттық күрес

Тарбағатайдағы ұлт-азаттық күрес

(Осы тарихи оқиғаның  70 жылдығына арналады)

Қазақ жерінің шығысындағы Тарбағатай жеріде тарихтың тарғалаң жылдарыныда бөліске түсіп жарымы қазіргі Қытай жерінде қалғаны белгілі. Осы қасиетті топырақ ежелден атам қазақтың құтты қонысы болып келген еді, осы Тарбағатайдың арғы бетінде (1944-1962) жылдарға дейін түрлі тарихи, саяси оқиғалар болып жатты, ішінде ең көрнектісі 1944-1947 жылдар аралығында болған ұлт-азаттық күрестер еді.  Деседе осы күрестер болған қазақтың төрт аймағының екеуінде яғни Алтаймен Іледе болған ұлт-азаттық күрестері туралы көп айтылыпта жазылыпта келеді, деседе Тарбағатай жерінде болған күрестер айтылмай келеді, болған тарих тасада қалмау керек, ендеше Тарбағатайдағы оқиғалар қалай болды? Кімдер қозғалыс бастады? Соңы немен аяқталды? Осы сауалдарға тарихи деректермен сол оқиғаға қатысқан куагерлердің естеліктері , тарихи картиналар арқылы жауап беруді жөн көрдік.  Үйткені осы оқиғаларды тек Қытайдағы Тарбағатай қазақтарының тарихы деп қарауға болмайды, үйткені 1931-1962 жылдарға дейін арнайы тапсырмамен Тарбағатайға барған жүздеген Кеңестік қазақ азаматтары болды, 1955-1962 жылдары Тарбағатайдан 60 мыңнан астам қазақ бері көшті, олардың Қазақстандағы ұрпақтарының ұзын саныда 600 мыңнан әлде қайда асып кеткені белгілі, сонымен бірге Кеңестер одағы КГБ генералы Белияның Алматыда тұрып басшылық еткен «Шығыс Түркістан операциясы» қимылына 3000-10000 ға дейін Орта Азиялық қазақ, өзбек, қырғыз, ұйғыр, орыс, татар  әскерлері ат салысты. Тіпті осы қатарда Моңғолиядағы қазақтарда ат салысты.

 

Тарбағатай ежелден қазақ жері!

Тарбағатай жерін әуелде сақтар, онан ғұндар мен телелер(оғыздар), түріктер, түргештер, қарлықтар, наймандар, керейлер мекендеп келген.  Шыңғыс қағанның империясы орнаған кезде оның мұрагері Өгедай қағанның ордасыда осы тарлан Тарбағатайдың Еміл бойында болды, онан кейінгі қаған Күйік Сауыр тауын, Маңырақты жәйлаған. Бастысы Тарбағатай жерінің малға аса жәйлі болуымен байланысты екенінде гүмән жоқ! Кейінгі Моғолстан мемлекетініңде құрамына осы Тарбағатай мен Алтай, Іле,  Санжы(Бесбалық), Баркөл кірген. Ол туралы Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің әйгілі «Тарихи Рашиди» еңбегінде былай дейді: «Моғолстан шығыста қалмақ жерлерімен(ойраттармен) Баркөл,  Ертіс, Еміл арқылы шектеседі»- дейді. Моғолстанда  дені ұлы жүздің басты рулары (Дулат, қаңлы, жалайыр т.б ) мен орта жүзге тән кей рулар (керей, найман, меркіт, күрлеуіт) мекендеген.  Деседе осынау қасиетті мекенді  15-16 ғасырлардағы толассыз соғыстардан кейін ойраттар иелеп алды. Демек 1756 –жылы жоңғар мемлекеті құлағаннан кейін осы мекенге қазақтар ат басын бұрып жаппай орала бастаған. Абылай хан өзінің манчжур императорына жазған хатында: « Тарбағатай ежелден ата қонысымыз еді, оны біздерге қайтарып берсеңіздер екен»- деп анық айтқан. 1771 жылдан кейін қазақтардың көші арқылы осы жерлердегі ойраттар сан жағынан ырықсыз орынға түсіп кішігірім қақтығыстардан соң шығысқа қарай ығыса берген.  Алтай өңірі мен Сауыр тауына керейлер, Тарбағатайға наймандар, Ілеге ұлы жүз рулары орналасты.  1864-1883 жылдардағы Ресей мен Цинь империясы арасындағы шегара келісімдерінен кейін өзге аймақтар сияқты Тарбағатайда екіге бөлінді. Зайсан, Көкпекті, Катонқарағайды жәйлаған абақ керейлер дені Циньге қарасты жерлерге көшкен, олар 5000 нан астам түтін еді, олар Алтайға симайтын болғандықтан жаппай Тәңіртаудың Еренқабырға, Боғда тауларына, Баркөлге көшті, тағыбір бөлімі Тарбағатайдың Майлы, Жәйір, Барлық тауларына келіп қоныстанды. Іледегі елден 20000 қазақ Ресейге қарасты жерлерге көшкен(албан, суан рулары) соң олардан босап қалған жерлерге найманның қызай руы келіп орналасқан.  1883- жылы Шыңжаң провинция болып құрылдыда Тарбағатай оған қарасты бір аймақ болып қалдыда ондағы қазақтар саны 30 мыңнан асып төріт үкірдай(болыс) ел болды. Тарбағатай тауы маңындағы дөртуіл елі бір үкірдай, Орқашар тауын мекендеген байжігіт рулары бір үкірдай,  Барлық тауының батыс қапталын мекендеген мәнбеттер(байжігіттің бір руы) бір үкірдай, Майлы-Жәйірді мекендеген керейлер бір үкірдай, тағы Жәйірдің терістігінде 300 үйден аса уақтар екі зәңгі болды.

1897-жылғы Шәуешек базары.

1912-жылы Цинь империясы құлағаннан кейін қытай миллитаристерінің билігі орнады. 1933 жылдан бастап Тарбағатай жерінде аудандық үкіметтер орнап ауыл көлеміндей Дөрбілжін, Қобық, Шәуешек(18-ғасырдың ортасынан бері бар), Шағантоғай аудандары орнады. Ол кезде Шиху мен Сауан Үрімжі аймағына қараса Толы ауданы әлі құрылмаған болатын.

1883-1944 аралығында Тарбағатайдағы елде аса үлкен өзгеріс болмады, ел өсіп іргесі беки түсті. 1883 -жылмен салыстырғанда халық саны 3 еседей артты, оған тағы 1916-1933 жылдары кеңестік жүйедегі соғыс, ашаршылық, қуғын-сүргіннен ауған қазақтар қосылып 1944- жылы қазақ саны 100 мыңнан асты.

Тарбағатайдағы ұлыт-азаттық күрестің туындауы

1934-1944 жылдардағы Шыңжаңның дара билеушісі Шың Шысайдың озбыр саясаты бүкіл Шыңжаң халқын күйзеліске ұшыратты. 1931-1938 жылдары Баркөл өңіріндегі қазақтардың күресі болып оған, Моңғолия арқылы кеңестер одағыда әскер кіргізіп басып-жаншуға әшкере ат салысты, осының салдарынан әлемге әйгілі «Тибет асқан қазақ көші» трагедиясы басталды, Баркөлден ауған 20 мыңнан астам қазақтың жарымынан көбі қытай, дұңған әскерлерімен соғыста оққа ұшты немесе қырғандалды, біразы тибеттің ысынан қаза тапса, мыңнан аса адам Үндістандағы қапырық ыстық пен обадан көз жұмды. Осылардың арасында Тарбағатайдан Баркөлге барған Ділдәбай (найман терістаңбалы руынан 1883-жылы барған) мен Шақпақбай (1930 жылы барған, Шақпақбай уақ руынан, Зуқа батырды өте пір тұтқан адам, 1929 жылы Зуқа батыр қастандықпен өлтірілгеннен кейін үміт үзіп Баркөлге Зуқаның ұлы Сұлтаншәріпке қосылған) елдеріде бар еді.

Бір бөлім ел қоныс тапшылығы мен Тарбағатайдағы Қытай ұлықтарымен шығыса алмай Еренқабырға тауына көшуге мәжбүр болған. Еренқабырға тауы  орналасқан Усу(Шиху қаласы)мен Сауан ауданы Үрімжі аймағына қарады. Осы өңірге 1870-1890 жылдарға дейін Шығыс Қазақстанның Жарма ауданында, Зайсан ауданында тұратын атақты керей Ер Жәнібек батырдың ұрпақтары мен руластарынан неше жүз үй ауып (Жәнтекейдің жәйлау, сары, есдәулет рулары) келіп мекендеген болатын, ол өңірге тағы Майлы тауынан 1919- жылы Түсіп Бозанұлы бастаған 300 үйден аса қазақтар(Барқы, қарақас рулары) келсе, 1935 жылы Майлы-жәйірдан Қалибек райымбекұлы бастаған қазақтар ауып келді.

Осы Қалибек Райымбекұлының баласы Қасен Өр Алтай өзінің «Елім-айлап өткен өмір» атты тарихи естелігінде былай дейді: «Мен 1933- жылы Жәйірда туылыппын, әкем 1935- жылы Тарбағатайдағы қытай ұлықтарына жақпағандықтан ауып Еренқабырғаға барған.  1936- жылы сол Еренқабырғада Жүніс қажы бас болып «Ұлтты қорғау ұйымы» құрылған. Жүніс қажы бастық болып, Қалибек орынбасары болған. Олардың мақсаты Такламакан шөлінен өтіп Пәкістанға жетуді көздеген әрі оған даярлықта көрген, бірақ ел ішіндегі жансыздардың кесірінен бұл жоспар сезіліп қалып Қалибекке миллион сом қытай ақшасы айыппұл салынған».  Бұған қарағанда Елісқан бастаған елдің Пәкістанға көшуімен Шыңжаңның өзге өңіріндегі қазақтардыңда байланысы барлығы аңдалады, әрине Баркөл елі 1883- жылдан бастап ауған Алтай қазақтары, 1934- жылы Елісқан әкесі Әліпке ас бергенде жер-жердегі қазақтарға шақырту жіберіп аста ашық түрде Шың Шысайға қарсы соғысуды дәріптеген.

Елісқан Әліпұлы

Елісқан Әліпұлы

1938- жылдың соңында Баркөл елінің дені Гансу, Цинхайға көштіде , 1939- жылдан бастап тұтас Шыңжаңдағы ел басылары жаппай тұтқындалды. Алтайдан Шәріпқан төре, Бұқат бейсі, Қалел тәйжі бастаған 40 тан аса адам, Іледен Әуелқан төре, Махсұт бастаған отыздан астам адам қолға алынды.  Осылардың қатарында Тарбағатайдағы төрт үкірдай(Омар, Қанағат, Таңғыт т.б) тағыда басқа рубасылар мысалы Уәйіс зәңгі қолға алынды. Әбдеш ілгідайда жолда бара жатып сақшыдағы күйеу баласы Сансызбай Иіс ұлының жеткізген хабарын алып бармай қалады. Еренқабырға елінен Ожаубай, Жүніс қажы, Мұхаметжан молла, Қалибектерде қолға алынды. Осылардың ішінде Омар үкірдай, жүніс қажы, Ожаубай қатарлы адамдар түрмеде өлтірілді. Омар үкірдайдың түрмеде жазған мынадай өлеңі бізге жетіп отыр;

Есекті жылқы екен деп малданыппыз,

Өкіл деген сөзіне алданыппыз,

Жатырмыз тас түрмеде зіндан жәйлап,

Іште кек, бойда қайрат қыж-қыж қайнап.

Дәрмен жоқ бұлқынуға амал нешік,

Қол –аяқ шынжыр арқан шандып байлап.

Ұйқысыз, не күлкісіз күні түні,

Зарығып арттағы елмен жерді ойлап.

Жатыр-ау бала-шаға , ауыл-аймақ,

Қозданып шала жанған оттай жәйнап.

Бұл заман қара түнек басқан заман,

Бақ-дәулет басымыздан қашқан заман.

Безініп ата қоныс қара жұрттан,

Біреуді- біреу аңдып ыбыр-сыбыр.

Өтірік өсек гулеп асқан заман,

Болар ек төртеу түгел бір төбеде,

Құтылсақ бұл пәледен есен-аман.

Омар Рақышұлы

Омар Рақышұлы. (Өлең мен сурет «Қытайдағы қазақ төрелер шежіресі»-нен алынды)

Омар Рақыш ұлы керей еліне 1935-1941 жылдары үкірдай болған(17 мыңнан астам адам), ел ішіне алты жаңаша мектеп ашып елді сауаттандыруға үлкен үлес қосқан еді. Оған  1941-жылы шығарылған үкім: «Алтайдағы Шәріпқанмен (екеуі аталас туыс) астасып Совет одағымен контрабанда жүргізіп коммунизмді үгіттеген, шегерадан жасырын қару жарақ кіргізіп елді қаруландырып керей азаматтарын үкіметті аударуға желіктірді, Сауандағы Шөмішбаймен( Қамза  Ұшар ұлының әкесі) астасып ел бүлдірді…»- болған екен. Бұған қарағанда Майлы-Жәйір еліндеде қытай билігіне қарсы қозғалыс дайындығы болғаны байқалады. Шың Шысай билігі дәуіренде жер-жерде тұтқындалған қазақ, ұйғырлар жане өзге ұлттар саны неше жүз мыңға жетіп 70-80 мыңы өлтірілген. Оның ішінде Кеңестер одағынан бас сауғалап келген алаш зиялыларыда көп болған, оларды анықтау, тергеуге Кеңестер одағынан келген КГБ жансыздары жұмыс істеді.

1939-жылдың соңы жаппай қазақтардан қару жинау науқаныменде әйгілі болды. 1934-1941 жылдары Шың Шысай Кеңестер одағымен достық саясат жүргізді(іс жүзінде  советтің бір провинциясы болып қалды), ол уақытта көптеген жаңаша мектептер ашылып сауаттылық артты, көптеген Тарбағатай қазақтары Алматы, Ташкент қалаларында оқыды. Көптеген кендер ашылып(соның бі Майтау мұнай кені), тас жолдар салынды, почта, телеграф желілері құрылды, қазақ тілінде газет журналдар жарық көрді.

1934-1944 Шыңжаң губернаторы-Шың Шысай

Осы барыста Кеңестер одағының экономикалық ықпалы артып, кеңестік товарларға иек арту құбылысы жаппай көзге шалынды. Оқу-ағарту арқылы ашық ойлы, зиялы қазақ азаматтары жетіліп шықты. Бұлай болуына Қазақстаннан келген азаматтардың әсіресе «Алаш орда» зиялыларының ықпалында баса айта кетуге тура келеді, соның бірі ретінде «Шұбартау көтерілісі» кезінде ауған зиялы азаматтардың бірі Нәриман Жабағытай ұлы жане Оспан батырдың кеңесшісі Ғаббас мүфтиді айтуға болады.

1940 –жылы Шың Шысай әскерінің зорлығымен қорлығына шыдамаған Алтай қазақтары Есімқан, Ырысқан, Оспан батырлардың бастауында көтеріліс жасады. Жеті айға созылған соғыс арқылы Қытай үкіметімен келіссөзге қол жеткізіп уақытша тоқтады. Бірақ арада көп өтпей Қалел Тәйжі, Сүлеймен батыр бастап қазақтар тағыда көтеріліс жасадыы, үйткені келіссөздегі шарттардың дені аяқсыз қалып адам ұстау қайта басталған еді. Бұл көтеріліс жеңіске жетпегінімен сөніп қалмады, Оспан батыр оны батыл жалғастырып 1944-жылы биік өреге көтерді, 1945-жылы күзде «Алтай қазақтарының төңкерістік уақытша үкіметі» ін құрып Көктоғай, Шіңгіл аудандарын алды, бұл қозғалысқа Моңғолия көмек беріп 300 ден аса қарулы қазақ(бұларды Қалқабай Орын ұлы, Қабилар бастап келген) тағы мыңнан астам түрлі қарулар берді.

Оспан батыр

1944-жылдың тамыз айында Іленің Нылқы деп аталатын таулы ауданында Әкбар Есбосынұлы, Сейт Көрпебайұлы бастаған қарулы топ пайда болып 800 адамнан астыда бір мезет аудан қалашығын басып алды.

Оспан батыр жане Алтай қазақ қарулы күштері

Осы уақыттарда 1941-1944 жылдары Тарбағатай өңірінде тағыда көптеген азаматтар қолға алынды, солардың қатарында жазушы Қажығұмар Шабдан ұлы, этнограф Жағыда Бабалық ұлы,  Балқаш Бапинда бар еді. Шәуешек қаласында Дубек Шалғынбай ұлы бастаған қазақ азаматтары «Жауынгер группа» құрды, оның көбі Шәуешектегі гимназия оқушылары еді. Олар Тарбағатайдың жер-жерінде ұлт-азаттыққа үгіттейтін көптеген әрекеттер жасады, деседе ұйымның көп мүшелері қытай үкіметі жағынан қолға алынды.

Кеңестер одағында төтеше жазумен шыққан «қазақ елі»журналы. Үш аймаққа кең тараған ұлттық оянуға үлес қосқан журналы болған.

Аймақ туралы:

Тарбағатайаймағына ол кезде Шәуешек, Дөрбілжін, Шағантоғай, Қобық төрт аудан қараған(Шихумен Сауан 1945-жылы қосылды).Халық саны 170мыңдай болып, оның 100 мыңнан артығын қазақ ұстайтын. Өзге моңғол 20мың, қытай 26-27 мың,  ұйғыр 10мындай болған, онан өзге орыс, татар, дұңған, татар, дағұр ұлттары болған.(Үш аймақ төңкерісі тарихы. 141-бет.  Ұлттар баспасы. Пекин. 2000ж )

Қазіргі Тарбағатайа аймағы

Майлы тауындағы азаттық күрес

Тарбағатай аймағындағы ұлт-азаттық күрес екі жерде пайда болды бірі  Майлы тауында, енді бірі Еренқабырға тауында тұтанды.

Майлы партизандары туралы деректерде былай делінген:

«Тарбағатай аймағының батыс оңтүстік өңіріндегі таулы  райондарда қазақ малшылары партизандар отриядын ұйымдастырып, Бұраталадағы Моңғол атты әскерлер баталионының көмегімен олар 200 адамға көбейіп Шағантоғайдың Ұзынбұлақ деген жерінде гоминдаң әскери бөлімдерімен соғысты. 6-айдың 16-күні олар 300 адамға көбейіп «Майлы партизандар отрияды» болып құрылып Нұрсапа Сейтжанұлы мер Қали Қизамаденұлы жауапты болды. Олар Толы,Шағантоғай өңірінде белсенді қимыл жасап гоминдаң әскерлері мен сақшыларына соққы берді»(Үш аймақ төңкерісі тарихы.142-143 бет. Ұлттар баспасы. Пекин. 2000ж)

Нұрсапа Сейтжанұлы

Осы үш аймақтағы ұлт-азаттық күрестің куәгері әрі қатардағы жауынгері болған Қожай Доқасұлы өзінің «Отқа оранған жылдар» кітабында Майлы партизандары туралы былай мәлімет келтіреді:

Қали Қизамаденұлы

«Гоминдаңға қарсы оқты тұңғыш рет Алтайда Есімқан, Нылқының Ластай тауында Әкбар Есбосын ұлы, Еренқабырғада Нұрпай, Майлы-Жәйірда Байкенже, Нұрсапа Сейтжандар атты…Бесінші үлкен топ Толы партизандары. Нұрсапа, Қайса, Байкенжелер бастаған 200 адам».(Отқа  оранған жылдар.  Қожай Доқас ұлы. 6-8 беттер.Ұлттар баспасы. Пекин.  2001)

Оспанның батыры болған Нұрғожай өз естелігінде былай дейді:« Тарбағатай қозғалысында Қалибек тобын басшылыққа алдық, Нұрсапа батыр жәйіндада естіген едім, бірақ бұларды әңгімелемедім, үйткені қозғалыс басшысы Қалибек әлі тірі болғандықтан ол туралы өзі айта жатар…».

Майлыда күрес енді басталған кезде Іле өңірі негізінен азат болған еді, Іленің шығыс аудандары қазақты негіз еткен аудандар болып, осы аудандағы малшыларға «Он мың ат» салығы түскен болатын, бұл Нылқы көтерілісіне әкеліп соққан білте болды. Қазақты негіз еткен, қосымша ұйғыр, моңғол, орыстарда бар партизандар барған сайын күшейді, оларды басу үшін Құлжа қаласындағы қытай әскерінің көбін шығыстағы тауларға жіберіп бастықтыру керек болды, осы кезде Құлжадағы қытай әскері азайған қолайлы сәтті пайдаланған Кеңес жансыздары шегарадан мыңдап өтіп бұқараша киініп Құлжаға кірді. Олар Нылқыдағы партизандарды көмекке шақырды, партизандар бір бөлігі жауды айналдыра тұруға қалдырып негізгі бөлігі жасырын түрде Құлжаға аттанды. Бұл стратегияны Алматыдағы Белия басқарды, Құлжа шайқасында Кеңестік әскерлерге(негізі  орыстармен татарлар) Александров қолбасшылық етті. Қала алынды, бірақ қазақ партизан қолбасылары Әкбар мен Сейт бірдей қаза болды.

Әкбар Есбосынұлы

Алматыда алдын ала дайындалған «Шығыс Түркістан республикасы» ертесі-ақ Құлжада құрылып Әлихан төре деген өзбек президент болып шыға келді, үкіметте 16 жора болып тек Әбілқайыр төре ғана қазақ болды, 8 жора ұйғырдан қойылды. бұл 12.11.1944 жылы болған оқиға еді. Іледе 450мың халықтың қақ жарымы қазақ болғаеына, Іледегі жерлік қарулы күштіңде көбі қазақ болғанына қарамастан Кеңестер одағының күшімен қазақ жеріне қазақтың күшімен қазақ емес қуыршақ үкімет орнады.

КГБ генералы Белия, Шығыс Түркістан операциясының бас қолбасшысы.

Құлжада Шығыс Түркістан республикасының құрылу салты

ШТР дың іс-жүзіндік басшысы Иганов.

ШТР президенті Әлихан төре(өзбек)

Тарбағатайдағы көлемі үлкенірек азаттық қозғалыстың Майлы тауында басталуының бірнеше себептері бар:

  1. Майлы тауы шет район, қала-қалашықтардан алыс, әрі таулы, адырлы болып жер жағыдайы күрделі. Толы ауданына қарағанымен ол кезде Толы ауданы құрылмаған болып Дөрбілжін ауданына қараған, Дөрбілжін қалашығы тым алыста, әскерлер келгенімен жер сырын білмейді.
  2. Майлының бір шеті Қазақстанмен тиіп жатады, ол шегарада Кеңестің Қызылқайың шегара қарауылы бар. Кеңестер одағы ол кезде Іледегі ұлт-азаттық қозғалысты бар күшпен қолдап жатқан кез, Майлы таудағы қазақтарға осы қарауыл арқылы қару жеткізіп отырды.
  3. Майлыдағы жәнтекей руының батыры көбен Мұқыұлынан бастап осындағы елдің 80 нен аса азаматы Манчжур империясы кезінде шегара күзететін жасақ қатарына алынған. 1920-1933 жылдарыда қытай үкіметі осы шегара жасақтарын сақтап қалып көбеннің ұлы Сәлімжанға 80 қарулы азаматты қаруландырып әскер қатарында ұстауына ерік берген, сол үшін 1939-1944 ке дейін ол әскерлердің қаруы жиып алынғанымен жасырып қалған қарулар бар, мылтық ата алатын азаматтар көп болды.
  4. Майлының оңтүстігі Бұраталамен шектеседі, ол кезде Бұратала Ілеге қарайтын, Іледегі қозғалыс жеңістерге жетіп Бұраталада қытай әскері аз болғандықтан қарулы қозғалысқа қолайлы болды.
  5. Майлының жан жағында Тәңіртау мен Барлықтың қиын шатқалдары бар, оңтүстігі мен шығысында Жоңғар жазығы болып аң көп болады, ондағы азаматтарда аң атуға машыққан мерген жігіттер көп болды.

Майлыдағы ұлт-азаттық күрес туралы осы күрестің куәгері әрі қатысушысы Айтқазы Түйтекұлы«Майлы партизандары» деген тарихи деректі ессе жазған, негізі оқиға барысын осы шығармадағы деректер бойынша беруді жөн көрдік.

Осындай тиімділіктердің арқасында 1944-жылдың соңында Майлы елі көтелііске шыға бастады,  алғашқы әрекетті жәнтекейдің атантай руының азаматтары бастады, олар Әбілмәжін Серікбайұлы, Ахыметқан Есбай ұлы(молқы),  Қамал, Қабышан бастаған топ еді, олар ашық қарулы топ құрып шегараға жақын қиын жерлерге барып әскери машық өткізеді, Қызылқайың арқылы жылқы өткізіп қару сатып алады. Кейін жансыздардың сырды ашып қоюына байланысты топ мүшелері жаппай қуғындалып қолға түседі, олардың үй-ішін Шәуешекке апарып қамайды, ақыры көп азаматтар амалсыз елге қайтады, Қамал, Қабышандар Шәуешекке апарылып тергеліп Үрімжіге апара жатқан жолда олар қулықтарын асырып өздерін айдап келе жатқан әскерлерді байлап, қаруын тартып алып қашып кетеді. Әбілмәжінді айламен қолға түсірген қытай әскері Үрімжіге айдап апарып кескілеп өлтіреді. Оның ұсталғаны бір аптадан кейін белгілі болғандықтан арттан қуғандар жете алмай елге қайтып келеді.

Әбілмәжін бастаған топ әрекеті сәтсіз болғанымен күрес тоқтап қалмады, күресті енді Жәнтекейдің барқы руының азаматы Нұрсапа Сейітжан ұлы бастады. Нұрсапа Майлы , Жәйір, Барлық тауларын мекендеген керей, найман, уақ азаматтарының сорпа бетіне шығарларын іріктеп әр руға бірден басшы сайлап жасырын топ құрады, осы топ жетекшілері мына азаматтар екен:

  • топ . Барқы –жантас, бастық –Нұрсапа, орынбасары-Жақыпжан, Біләл, жер аты –Қарашоқы.
  • топ . Атантай руы, Бастық Қасейін қажы, Шеттікбай батыр, Ахыметқан(молқы), жер аты- Ақсай.
  • топ. Қарақас руы, Басшы Қали Қизамаденұлы, Мұсажан Асан, жер аты- Дүйсенбай дүрін.
  • топ. Найман терістаңбалы, ұлы жүз шанышқылы. Бастық- Ақпанбек, Манап, Нұрмұхамет, Әушей. Жер аты-Суыр айтақ сайы.
  • Топ. Барқы, ақсары(ашамайлы керей), бастық-Қайса батыр, жер аты- Аққойтас.
  • топ. Жәдік, бастық- Мажан, Бодамбай, Үркенбай, жер аты- Таңбалы.
  • Топ. Шеруші, Бастық – Ахат Кәрібай, Долда, Жұматай, жер аты –Қаракемер, Ақтұмсық.
  • Топ. Жастабан, бастықтары-Көкебай, Қыдырмолла, Құдайберген. Жер аты- Қара адыр.
  • Топ. Ботақара, бастығы- Мұқай, Қанапия, Тұрсынбай. Жер аты-Әңгірті.
  • Топ, есіргеп, барқы-бөгенбай, бастығы- Шалдан, Ғалымғазы, жер аты- Шалғай.
  • Топ, атантай, шыбарайғыр. Бастығы-Ботай Ыбырай ұлы, Айтан, Базарбек, жер аты- Көпсүйек.
  • Топ, меркіт, бастығы- Қали Шора ұлы, жер аты-Аша толағай.
  • Топ. Жаңа уақ, бастығы- Қиярстан, жер аты-Ақтас, Аршаты.(Нұрсапа Сейтжан ұлы. Ұрпағыма. 69-70 бет. Форма плюс баспасы. Қарағанды. 2019ж)

 

Осы ауқымды топ барлығы бірігіп тұтас қимылдай алмады, 1944- жылы Шың Шысай биліктен кетіп орынына У Жұңшин келді, ол бір бөлім адамдарды түрмеден босатып, елді алдауға кірісті, үгітшілер отриядын елге жіберіп астық, кездеме, шай таратты. Сонымен қатар Дөрбілжінге жақын Жәйір тауындағы ел арасына әскер , сақшы жіберді. Тағы Майлыдағы елді Жәйірға көшуін, симағандар Орқашарға келіп жәйлауін бұйырды, осыған орай ел екіге жарылды, шеруші, төре рулары негізінен тағы бір бөлім уақтар, өзге руларданда айталық жантастардың да біразы Жәйірда қалуға мәжбүр болды, ал жастабан руы түгелдей, атантай руы 1/3 і Барлық тауында қалды, деседе Майлыға көшкендер саны қалған екі таудан көп болды, бұл ондағы елдің қытай үкіметінен түбегейлі бет бұрғандығының белгісі еді. Олар тыныш жатпай Алтай мен Іледегі қозғалыстар турылы хабарлар алып тұрады.

Соғыс оты тұтанды

Қытай үкіметінен ірге айырғаннан кейін Майлыдағы ел қиындықпен қысты өткіздіде 1945-жылы көктемде ресіми соғыс бастады, Қайса батыр, Мұсажандарды Іледе орныққан «Шығыс Түркістан» үкіметінен көмек сұрауға аттардырды, осыдан көп өтпей Кеңестік әскери ақылшы Байкенже Орақұлы Майлыға келді. Сонымен қатар көтерілісшілер Қызылқайың шегара бекетіндегі Кеңес азаматы Сансызбай Иісұлы арқылы қару алдырады. Сансызбай алғаш барған азаматтарға 8 германка беріп қайтарады әрі оларға: «Керей елдің серкесі»- деуші еді, серкеліктеріңді көрсетіп  Тарбағатай елін азаттыққа бастаңдар!- деп сәлем айтады. Бұл Сансызбай 1932-1933 жылдары Кеңестер одағының арнайы қызыметімен Шыңжаңдағы қазақтарға жіберілген  төрт түйінді адамның бірі еді, Ілеге Фатих барса, Баркөлге Абай барған еді. Сансызбай Майлыдағы төрт мықты әулеттің бірі Кәрібай ауылының қызы – Қапипаға үйлен еді, сонымен қатар Нұрсапаларда осы Сансызбай ауылы байғаналармен  құдандалы болған. Тарбағатай ел басыларынң аз қолға алынуынада осы Сансызбай әсер еткен, оны жоғарыда өз қайнағасы Әбдешке  жасырын сәлем айттырып: « Үрімжіге бармасын, барса қайтпайтын қатерлі сапар!»- деп ескертуінен байқауға болады, ол 1941 ге дейін Тарбағатай аймақтық сақшыда істеген(ол ғана емес өзгеде  көптеген кеңестік азаматтар болған), 1941-жылы Шың Шысай Кеңестер одағымен ат кекілін кесісіп, Кеңес азаматтарын қуғындай бастағанда жасырын қайтып кетедіде, 1945- жылы Тарбағатай тұтас азат болғанда аймақтық ішкі істердің орынбасары болады. Демек осы қозғалысқа Кеңестер одағы қолдау білдірген, Сансызбай Шәуешек гиминазиясындағы оқушылардыда аттанысқа келтіруге адам жібереді, туыстарын жасырын Дөрбілжін еліне жіберіп көтеріліске адам тарта бастайды.

Сансызбай Иісұлы

Ақыры көтерілісшілер бас қосып көкқасқа тайға бата жасап қолдарын қанға батырып серт береді, топ бастығы Нұрсапа Сейітжанұлы , орынбасары Қали Қизамаденұлы, атойшы 70 жастағы Шеттікбай батыр болады.

Шажыдаға атыс. Майлы тауының оңтүстік жағында орналасқан  Шажы деген жерде Гоминдаң қытай үкіметінің полиция штабі болып 50 ден аса әскер тұратын, көтерілісшілер соғысты осылармен қақтығысу арқылы бастады. Көтерілісшілер жалғаннан хал сұраған болып әскерлерге қой әкеліп олардың жәйін барлап қайтады. Келесі күні осы маңды 100 ден аса көтерілісші қоршап алады, оларға Нұрсапа басшы болады. Алдымен кеш бата штаптың жанынан ағып өтетін өзенге өтірік су алмақ болып екі мықты азамат келіп екі жау әскерін ұрып жығып қаруын тартып аладыда атыс содан басталады, көтерілісшілерде қару саны 20 дан аспайды, оны Нұрсапа Әлібек, Қалй сияқты мерген азаматтарға үлестіріп береді, Шеттікбай қаратамақ найза алса, өзге азаматтар шоқпармен қаруланады.  Атыс түн бойы жалғасады, таң ата жау жақтың мылтық үні өшеді, сүйтсе қулығын асырған жау әскері өзен суы арқылы біртіндеп , түнімен еңбектеп қашқан екен, 5-6 адамы өлгенде оннан аса қаруы қалыпты.

Байыншоқы соғысы. Майлы тауының солтүстік беткейінде Байыншоқы деген биік шоқы бар. Осы стратегиалық орынға екі жақ таласады, шоқына алған жақ ырықты орынға өтіп Майлы-Барлықтың бірталай жерін бақылап көріп отыратын еді. Жау армиясынан 70-80 адам осы шоқыға қарай беттегенін барлаушылардан естіп білген Нұрсапа бастаған 200 ден астам адам шоқыға қарай беттейді, таяған кезде жау әлдеқашан келіп шоқы басына пулеметін енді орнатқалы жатыпты, көтерілісшілер жауды қоршап жаппай атыс бастап шоқыға қарай ілгерілейді, соғыс қызған кезде Бұратала азат болып сол жақтан Тоқты Әлимов деген отрияд бастығы бар 80 ұйғыр соғысқа келіп қатысады, олар коллектив жаназа шығанған соң соғысқа араласады, соғыс жарты күнге созылады, ақыры жау шоқыдан айырылады, пулеметшікті мергендердің бірі қадап атып түсіреді, шоқыға жаппай лап қойған атыста Байкенженің маңдайынан оқ тиіп қаза болады. Ұйғыр партизаннан бірі оққа ұшады, көтерілісшілер жауды жеңіп 40 қа жуық адамын атып өлтіреді. 50 ден аса қару олжа алады, қалған жау қашып кетеді.  Бір мерген азаматтың шәші қасқаланып қалыпты сүйтсе оқ жанап өткен екен, ол өзі: «Бағана атысып жатқанда басым шым ете қалып тымағым ұшып кеткен еді, сүйтсем оқ екен ғой»- деп күліпті, отырғандар: «қырық жыл қырғын болсада ажалды өледі» -деген рас екен десіпті. Осы соғыстан кейін Майлы тауы қытай әскерінен тазартылады, енді Барлықтағы елді көшіріп алуды жоспарлайды.

Айырдағы атыс.  Айыр асуы барлық тауының Шағантоғай бетінен Толы бетіне қарай асатын асуы. Көтерілісшілер  Барлық тауындағы жастабан, атантай руын Майлыға көшіріп алу үшін 100 ден аса қарулы топ аттандырады. Олар ондағы елге барып үгіт айтып түгел дерлік көшуге көндіреді. Көш асудан аса бере  Да Шауие деген қытай байдың қойларын бөліске салады. Осы сәтте  «Жау жетті! Аттан!» салып бір атты азамат келеді, ол Барлықтағы мәнбет елінің азаматы Нұрахымет екен, ол Шәуешектен көшкен елді шабуға бір рота әскер жібергенін хабарлайды. Осылайша елді асырып жіберген көтерілісшілер асудан бекініс алып тасаланадыда жаудың келуін күтіп жатады. Жау жүз қадамнан бері таяғанда қолбасшы Нұрсапаның : «атыңдар!»- деген бұйрығымен оқ борап жау қырыла бастайды, көтрілісшілер биікте болғандықтан ырық бермейді, әлде –неше сағатқа созылған соғыста 50 ден аса жау әскері өліп қалғаны қашып кетеді, белгілі бір мерген қатар келе жатқан екі әскерді бір оқпен атып өлтірсе, шоқпаршы бір азамат еңіске қарай шауып 6-7 жау әскерін ұрып өлтіргені ел ауызында қалады.

Ұты соғысы. Көтерілісшілер Майлы тауын толық алғаннан кейін Майлы мен Жәйір арасындағы Үрімжіге баратын машина жолындағы Ұты қарауылын алуды көздейді.  Қарауылда 20-30 қытай әскері болады, кейбірі қытай емес екен деген хабар алады.  Көтерілісшілер қарауылды қоршап шабуылға өтеді, неше сағатқа созылған атыста жау жақтың күші азайғаны байқалады, көтерілісшілер «Жәнібек!»- деп ұран салып лап қойып бекініске кіре бастайды, Шеттікбай батыр бекініске алдымен жетіп бірнеше жауды найзалап өлтіріп есіктен симай әрең кіргенде жаулар оны маңдайынан атып, нақ майданда ерлікпен қаза болады. Шанышқылы Әрін деген азамат онан кейін кіріп бірнешеуін жәйратсада өзі ауыр жаралы болады. Осылайша Ұты қарауылы басып алынып 20 дан астам жау жойылып қарулары олжаланады, ұйғыр, қазақтан бірнешеуі бар екен, олар қол көтеріп бағынады. Осы кезде Іледен шыққан Лескин , Байділдә Доскенов  бастаған кеңестік жане жерлік орыстардан құралған, ішінара қазақтарыда бар «кеңсай атты полк» келеді, олар көтерілісшілермен қосылып , жараланған Әрінді арнаулы машинамен Құлжадағы әскери дохтырханаға апарып емдетеді. Әрін ауыр жараланғандықтан неше ай жатып қалады, оның ауылда қалған Мәлік, Манап деген інілеріне жазған хаты кейін елге таралады, онда:

Аттарыңнан айналайын Мәлік, Манап,

Хат жаздым екеуіңді анықтап ап,

Ағаларың соғыста жараланып,

Кетіпті батыр атым елге тарап.

Құлжада неше ай бойы жатқанымда,

Хат жазуға жарамадың екі қарақ… деген жолдары ел есінде.

Шілде айының басында Шығыс  Түркістан  ұлттық  армиясы бас қолбасшы Палинов Лескмннің кеңсай атты әскер 3-полкын, Ерде Мыңиевтың моңғол атты әскер баталионын, қорғаушылар баталионын бастап Сәнтай, Бұраталадан өтіп Тарбағатай аймағына (Шихуға) кірді.

 

Шілденің ортасында олар (Кеңсай атты полк) Ұзынбұлақта майлы партизандарымен бірігіп ұлттық армия бас қолбасшылығының Тарбағатайды азат ету жөніндегі бұйрықты жариялады. Ұлттық Армия мен Майлы партизандары алдымен Ұзынбұлақ шоқысы мен Үш қарасуды алды, 7-айдың 15-күні Шағантоғай ауданын алды. Майлы партизандары мен моңғолатты әскері баталионы Шихумен Шәуешекке баратын жолдағы Ұрымтал бекет Ұтыны алды.(Үш аймақ  төңкерісі тарихы. 144-бет.  Ұлттар баспасы. Пекин. 2000ж)

Кеңсай аттыполк командиры-Фатей Иванович Лескин

Кеңестер одағының әскери ақылшысы Байділдә Доскенов

Ұты алынған соң  көтірілісшілер Жәйірдағы елді қосып алу үшін елшілікке жәдік Бодамбайды жібереді, артынан әскер бастап Қали батыр(Қали Қизамаденұлы) барады. Осының алдында «құйыршық» атанған бір топ банды( дақпырттарға негізделгенде олар Оспанның батыры Жылқайдар бастағандар делінеді, бірақ нақ соларма емеспе белгісіз, Кеңестік жансыздардың арандатуы болуыда мүмкін) Жәйірдағы ескі уақты шауып, көп мал айдап кетіпті, Сасан деген кісі бастап бірқанша адамды атып кетіпті, сонан кейін гоминдаң қытай үкіметі керей ілгідайі шеруші Әбдешке 40 тан аса құрал берген екен. Жәйірда үлкен жиын болып ақырғы шешім қытай билігінен қол үзу болып ел тұтасымен Майлыға беттеп көшеді, Бәйге төбе деген жерде жеңіс тойы тойланады. Тойдан кейін Майлы партизандары 700 адамнан астыда керей азаматтарын негіз еткен «Тарбағатай 6-атты полк» құрылды.

24-күні ұлттық армия Кеңсай атты әскер 3- полкы Жаматыға барып онда майлы партизандарымен бірігіп Көлденеңге баруға, қалған бөлімдерін дереу Толыға шабуыл жасауға бүйырды. 25-күні Кеңсай аттыплок пен Майлы партизандары Дөрбілжіннен көмекке келе жатқан жауды Толыда қоршауға алып қатты шайқасып жауды түгел жойып Толыны алды. Ол кезде Толы(Моңғолша айна деген сөз) бар жоғы 40-50 үй ғана бар бекет болатын.

Шағантоғай ауданы өңірінде Жағыда Бабалық ұлы бастаған партизандардан 70-80 адам ұйымдасып Шағантоғайды азат етуге ат салысты.Осы партизандар Майлы партизандары, Іледен келген ұлттық армия бірініп Шағантоғайды азат етті.

Тарбағатайдың өзге аудандарын азат ету соғыстары

27-күні көтерілісшілер мен ұлттық армия Сарғусынды алып Дөрбілжінге шабуылға өтті. Ұлттық армия Дөрбілжін аудан қалашығына хат жазып адам жіберіп, ондағы гоминдаң арммясын тізе бүгуге үндеді, олар бас тартқан соң қалашыққа шабуылға өтті. Борап тұрған зеңбірек оғы астында кеңсай 3-атты полк 1-баталионыны қалашықтың солтүстігінен, 2-баталионын оңтүстіктен, 3-баталионы қалашықтың шығысынан сұрапыл шабуылға өтіп небары төрт сағат шайқасып 29-күні түстен кейін қалашық қорғанын бұзған соң ұлттық армия қалашықты басып алды әрі Алтайдан келе жатқан он әскери  автомобилды қолға түсірді.

Ұлттық армия Дөрбілжінді алған соң Шәуешекке аттанды, ондағы қытай әскерлері дараланып, көмексіз халде зәре-құты ұшты. 7-айдың 29-күні ұлттық армия алдыңғы бөлімдері Шәуешектің  оңтүстік қала маңына барып, Дөрбілжін ауданынан тізе бүккен аудан әкімі Жияу Нәйчың қатарлыларды қалаға жіберіп тізе бүгуге нәсихаттады. Тарбағатай уәлиі Пиң Рұң әдетте халықтың ақша, мал-мүлікін сорып рахатқұмарлыққа берілуді ғана білетін. Ол Дөрбілжіннің қолдан кеткен хабарын ести сала ес-ақылдан адасты. Ол дереу армия, үкімет органдарын жинап жиын ашсада пікір бірлігіне келе алмады. Ол Шәуешектегі Совет одағы консулына адам жіберіп шегарадан өтіп паналауды сұрады. Совет жақ тек қару-жарақтарын түгел тапсырған соң ғана өтуіне рұхсат берді. 30-күні ұлттық армия Шәуешекті қоршауға алды. Сол күні түнде Пиң Рұң қаладағы мәнсаптылар, офицерлер, әскерлер жане қытай бұқарасынан жиыны 1400 дей адамды бастап Бақты арқылы Совет одағына қашып өтті. 31-күні Шәуешек азат болды. Ұлттық армия мен Майлы партизандары Толы, Шағантоғай, Дөрбілжін, Шәуешекті азат ету барысында жаудың екі полк әскерін жойды, олжаға түскен қарулармен қосынын қаруландырды.

Ұлттық  армия Тарбағатайдағы егіншілер мен малшылардан әскер алып ұлттық армияға қабылдады. 8-айдың 10-күні ұлттық армия қолбасшылығы штабы бұйрық түсіріп Майлы партизандарынан «Тарбағатай 6-атты полк»ты құрды. Тағы «Дөрбілжін 4-атты полк» құрылды, олар кеңсай атты әскер полкімен бірігіп атты бригадаға айналып саны 2400 ден асты. Олардан бір бөлім күшті шығарып Шихуға шабуыл жасада, енді негізгі күш Қобыққа шабуыл жасады.(Үш аймақ төңкерісі тарихы. 145-146-беттер.Ұлттар баспасы. Пекин. 2000ж)

Кеңестер одағының әскери ақылшысы Байділдә Доскенов

Қобық партизандары жане Қобықтың азат етілуі

Қобықсары ауданы 1771-жылы шығысқа көшкен Еділ қалмақтары яғни тұрғұттардың ұрпақтары шоғырлы қоныстанған жерлердің бірі, деседе 1916-1933 жылдары Шығыс Қазақстан жерінен ауып келген неше мың қазақта бар еді.

Зұңғұруп 1944-жылы жазда Қобықтағы моңғол-қазақтан 200 азаматты аттанысқа келтіріп Моңғолияға барып көмек алды әрі әскери машық өткізді. Қазақ азаматтарына Мәулітқан Нұғыманұлы,  Ағыбай Мәсәлімұлы  басшы болды. Олар қайта айналып келіп Қобыққа шабуылға өтті, бірақ Жеменеймен Қобықтан 900 әскер екі жақтан қыспаққа алған соң амалсыз Совет шегарасына өтіп кетті. 1945-жылы жазда Лескин мен Доскеновтың бастауында кеңсай атты полк келген соң Қобыққа шабуыл жасап сегіз күн соғысып 15-тамызда Қобықты басып алды, 200 жаудың жүзін атып өлтірді. 14 қазақ, 9 моңғол жауынгер, бір орыс әйел қаза тапты(Қожай Доқасұлы.  Отқа  оранған жылдар. 184-185 беттер )

Тарбағатай жерінде қазақ,  моңғолдан өзге бір бөләм орыстарда қарулы әрекеттер жасады. Шияугуайда Еминов, Динисков бастаған орыс партизандары, Шәуешекте Рияпов бастаған орыс партизандары болған. 9-айдың 18-күні Динисков Сауан қалашығын бір мезет басып алған.

 

Тарбағатайдағы қарулы күштер

Тарбағатай аймағы толық азат болғаннан кейін ондағы қазақтарды негіз еткен қарулы күштер ұйымдастырылды.

Қожай Доқасұлының айтуынша:

«Дөрбілжін 4-атты полк, командирі Айтуған(қазақ), орынбасары Юсупов(татар), саяси комицсар Ахыметшаев, жиыны 1200 адам.

Тарбағатай 6-атты полк, орыны Шыхызы(Тасырқай), командирі: Қайса Дүйсенбеков. Орынбасары Қайса Жұмыкеұлы. Саяси комицсар Әбдрахман Оркен ұлы, штап бастығы Саму Сәбитов(ол Шепейзіні алу соғысында қаза болып орынына Нұрлан Бөгенбайев тағайындалды), штап бастығының орынбасары Жағыда Бабалықов.1200 адам.

Жағыда Бабалықұлы

Сауан 7-атты полк, командирі Қазықан Манасбаев, саяси комицсар Сәрсенбек Әбішұлы(Қожай Доқасұлы.  Отқа оранған жылдар. 10-11 беттер)

Бұндағы Дүйсенбеков, Бөгенбайев, Сәбитов, Өркенұлы қатарлы полк бастықтары негізі түгел Кеңестер одағынан келген әскери адамдар еді, бұл тұтас сол кездегі Шығыс Түркістан үкіметі мен армиясындағы қалыпты құбылыс болған, әскери киімі, дохтырханасы, ауыр қарулары, финанс, экономика, кен саласы қатарлы органдардың бастықтары мен ақылшылары дерлік Кеңестер одағынан келген әр ұлт өкілдері болды, Кеңестер одағының әр саладағы ықпалы өте зор еді, деседе 1940-1950 жылдардағы осы,Кеңестер одағынан Шыңжаңға келген азаматтардың денінің ұлттық көзқарасы жақсы болған, ол туралы Қасен Өр Алтай өз естелігінде:

«Әкем Тарбағатай 6-полктің басшылары Қайсамен жақсы қатынаста болды, оларды қазақшыл білімді азаматтар, әттең орысқа қор болды ғой-деп айтып отыратын дейді. Қайсада Қалибекке: Мына орыстар әр істе өзінен асып істемесең сені адам құрлы көрмейді…»-деп баяндайды.

8-айдың 11-күні ұлттық армиядан 600 дей адамы Совет  одағының әскери ақылшысы Бәйділдә Доскеновтың бастауында Қобыққа жетіп 8-айдың 22-күні Қобықты азат етті.(Үш аймақ төңкерісі тарихы. 147-бет. Ұлттар баспасы. Пекин.2000ж) Осыдан кейін кеңсай атты әскер полкі Алтайға аттанды. Бұдан байқайтынымыз кеңсай атты полкі тұтас үш аймақта әрекет жасаған, әсіресе Тарбағатай мен Алтайда көбірек  соғысқан, осы өңірде Шығыс Түркістан үкіметі орнауына үлес қосқан, әрі Кеңеске бейім адамдармен Кеңестік агенттерді билікке қойып отырған. Кеңсай атты полк Алтайға барғанда Алтай жері негізі азат болып тек Сарсүмбе мен Буыршын қалашығында қытай әскері болған, Буыршындағы бір баталион әскерге Алтай қазақ қарулы күштері мен кеңсай атты полк шабуылдап оңай алады, көп шығын болмайды, ал Сарсүмбе соғыссыз алынады, осы кезде Оспан батыр Көктоғайда еді, оған хабар берместен осы полк жане Құлжадан келген ШТР басшылары Алтай аймағының ШТР дың бір бөлігі екенін жариялап, әкімшілік мекемелерді құрып оның жарымынан көбіне өзге ұлттар мен Кеңестер одағының адамдарын қойып үлгередіде ШТР дан бұрын құрылған Алтай қазақтарының төңкерістік үкіметі мүшелерімен, қарулы күш жетекшілерін биліктен қағалы, Доскенов Көктоғайға барып Оспан батырмен жолығады әрі оны  Сарсүмбеге көшіріп әкеледі, Оспанды Алтай әкімі етеді, бірақ ешкімге сөзі өтпейтін жағыдайда болады. Сонымен Оспан бастаған «Алтай қазақтарының төңкерістік үкіметі» күшін жояды, Оспан қарулы күштері 5000ға жуық еді, ендігі жерде оларға барлық қаруларын тапсыру бұйырылады, осылайша Оспан ШТР үкіметіне сенбей, оларға наразы болады, бұл жарты жыл өтпей ашық қарсылыққа ұласады.

 

Еренқабырға көтерілісі

Еренқабырғадағы Шиху мен сауан аудандары ол кездері Үрімжіге қараайтынын айттық, Құлжадағы «Шығыс Түркістан» үкіметі Үрімжіден Ілемен Тарбағатайға баратын көлік жолдарын, телефон сымдарын үзіп жау әскерінің шабуыл жолын кесу үшін осы өңірдегі қазақтарды аттанысқа келтіруді көздейді, бұл маңызды стратегиялық мәнге ие еді.

Қалибек Райымбекұлы

Такыман батыр

1940-Жылдары қолға алынған Қалибек босатылып Қызылөзен мен Қорқыс арасындағы елдің бастығы болған еді. Осы кездері (1945-жылдың басы) Іле өңірі негізінен азат болған еді, Ілеге Үрімжіден келетін қытай әскерінің жолы дәл осы Сауанмен Шихуды, Жыңды басып өтеді, онда тасымал жолдарымен, телефон сымдары бар, Тарбағатай, Шиху, Жың әлі қытай әскерінің қолында олардың Үрімжімен ара қатынасын үзу үшін Сауан елі күреске шығып Шығыс Түркістан үкіметіне өтуі керек еді, осы мақсатта Кеңестер одағынан келген Қазықан Манасбаев бастаған 400 Кеңес әскері(ішінде Ілелік қазақтарда бар) Сауан маңына жіберіледі, олар тасымал жолының түйіні Анжықай көпірін бұзбақ болған. Қалибекте қытай үкіметі елді қорға деп берген оншақты мылтық қана бар болатын.

Сауан маңындағы Майтау мұнай кенін күзететін 80 адамдық ұйғыр ротасының бастығы Сопахұн көтеріліс жасап Ілеге өтпек болып жараланған әскерін уақ Нұрпай батырға қалдырып өздері үрке шегінеді, қуа келген қытай әскерімен Нұрпай жалғыз атысып қаза табады, оның үй ішін қытай әскері түгел өлтіріп елге сес көрсетпек болады. Қалибек Манасқа жиынға кеткен кезде Тәкіман, Балақамзалар қытай қоржаларына шабуыл жасап оларды ауылымен қырадыда Қалибекті амалсыз қытайға қарсы көтеріліске шығуға мәжбүрлейді. Қалибек қайтып келген соң болған істі көріп елді жиып ақылдасады, соңында елдің көбі қытай үкіметімен ат кекілін кесісіп көтеріліс бастауға келіседі, олар нахшбанди тарихатын нәсихаттаушы Бахауидин әулие қолдай гөр деп тілек тілейді. Такіман Майтаудан қашқан ұйғыр әскерлердің бірін атып өлтіріп тоғызын тұтқындап қаруларын тартып алған екен, сонымен қолда бар мылтық 21 ге жетеді. Бұл мылтықтарды Қалибек мерген азаматтарға беріп қалған 300 азаматқа шоқпар дайындатып қаруландырады. Елдің көтеріліске шыққанын біліп басуға келген 300 қытай әскері(пулемет, зеңбірегі бар) шабуылға өтеді, атыс жарты күнге жалғасады, Қалибек қатарын молайту үшін шығыс тау елімен батыстағы Сауан еліне хат жазады, өзі қолдан Шығыс Түркістан үкіметі мөрін жасатып оны хаттарға басады. Осы атыста жауды жеңіп шығады, дегенмен оқ дәрі, қару тапшы, сол үшін Қалибек Қамзаны Құлжадағы Шығыс Түркістан үкіметінен көмек сұрауға жібереді. Екінші рет шабуылға шыққан қытай әскерінің саны 3000 шамалы адам екен, бұлар тек Қалибекпен соғысу үшін ғана келмеген, Қалибекті жеңіп онан батысқа Жың, Шиху, Бұраталаға бармақ. Осы қарасы мол жаумен соғыста Мөрдіқан мерген У Жаужін деген қытай әскер басын атып түсіреді. Кеңарал, Абдулла қатарлы азаматтар оққа ұшады, ел батысқа ығыса көшсе, азаматтар елді қорғап жауды тоса ұрыс салды. Дәл осы кезде Қазықан бастаған топ яғни Шығыс Түркістан әскері көмекке келеді, олар тағыда Анжықай көпірін бұзуға келген екен,  осы көмектің арқасында жауды тағы бір  мәрте тойтарады.  Осылайша жаз бойы қытай әскерімен үздіксіз соғысып тұрады, күзге қарай Қалибек тобы Бөрітүңкені алды, осы соғыста жеті азамат қаза тапты, деседе Үрімжіден шыққан қытай әскерінің 38 машинасын қолға түсіреді, онда 1800 мылтық бар еді. Осыдан көп ұзамай Тарбағатай мен Ілеге баратын қытай әскерінің жолы мен телефон, телеграф жүйесі кесілді. Сауан жері толық азат болып Қалибек Сауан ауданының әкімі, Тәкіман аудандық полицияның бастығы болады. Еренқабырға көтерілісі төріт айға созылды, Қалибек  бастаған қазақ азаматтары 1700 ден аса қытай әскерін атып өлтіріп күреске елеулі үлес қосады.

Шиху соғысы

ШТР дың үш аймағын қытай әскерінен тазарту соғыстарының ішінде әйгілі соғыстарға: Дабусұн соғысы(Алтай жерінде болып 1500 ден артық жауды жойған), Айранбақ соғысы(1300 ден аса жауды жойған), Жың соғысы(900ден аса жауды атып өлтірген), Шиху соғысын жатқызуға болады. Осы үлкенді-кішілі соғыстарда ұлттық армия жаудың 20 мыңан артық әскерін жойған.

8-Айдың 27-күні ұлттық армия Шепейзіні қоршауға алды, Шепейзібегі қытай әскері Шихуға қашты. 9-айдың 4-күні ұлттық армия Шихуға жалпы шабуыл жасады. Соғысқа Совет армиясыда қатысты, сүйдің1-жаяу полк, Тарбағатай 6-атты полк, моңғол атты әскері баталионы қатысты. Қиян-кескі соғыс арқылы 5-күні 1-қорғаныс шебі талқандалды. Бірақ ұлттық армия шығыны ауыр болды. 7-күні ұлттық армия күшті шоғырландырып Совет одағы ұшақтарының көмегімен 2-қорғаныс шебін бұзды. 8-Күні 3-қорғаныс шебін бұзып Шихуды алды. 1000 нан аса жауды жойып,мыңын тұтқындады,(Үш аймақ  төңкерісі  тарихы. 156-бет. Ұлттар баспасы. Пекин. 2000ж)

Осы Шиху соғысына қатысқан Тарбағатай 6-атты полк алда жүріп атой салып көп құрбандық береді, жиыны осы полктен 153 азамат құрбан болады. Осы соғысқа қытай жағынан алты мың, ШТР жағынан төрт мыңнан аса әскер соғысқа қатысқан екен.

 

Тарбағатай аймағы әкімшіліктерінің құрылуы

Шихумен Сауан алынып Тарбағатай толық азат болған соң оны «Шарқи Түркістан республикасы»ның бір бөлегі деп жариялап, Басбай Шолақұлын әймақ уәлиі, Қасымахұн Сымайылов(ұйғыр) пен Советтік ақылшы Мәнсүр Розыевті орынбасар уәли етті. Әбілимит Хажиев(өзбек) хатшы болып белгіленді. Азат болған Шиху, Сауан аудандары Тарбағатай аймағына қарайтын болады. Кеңестер одағы әдейі түрде қазақ басым аймақтың әкімшілігіне саны аз ұйғыр, өзбек ұлттарын көптеп қояды, сонымен қатар Кеңестер одағының агенттеріне басты әрі нақты ұқықты ұстатады.

Тарбағатай аймағының Орталығы Шәуешек азат болғаннан кейінгі бұқаралық жиналыс.1945-жыл. 7-қараша

Тарбағатай аймағының әкімі-Басбай Шолақұлы

Аймақтың орынбасар әкімі Кеңестер одағынан келген өзбек Әлімжан Хакімбаев.

Тарбағатай аймағының ішкі істер(КГБ) басшысы Әбілез Рахыманов(Кеңес одағынан)

8-айдың басынан бастап аудандық үкіметтер құрылды, Өмәрахұн (Ұйғыр) Шәуешек әкімі, Қалдыбай Қанапияұлы Шағантоғай әкімі, Нұрсапа Сейтжанұлы Дөрбілжін әкімі, Нәсіридин(ұйғыр) Шиху әкімі, Сауан әкімі Қалибек Райымбекұлы(Қалибек Райымбекұлы 1947-жылдың аяғында  басым көп Сауан елін бастап Манасқа өткен соң иен қалған ауданға Сәбит Буақажы деген кісі әкім болған) Сауан әкімі болды, Гүңчың лама (моңғол) Қобықсары әкімі болды.(Үш аймақ  төңкерісі тарихы. 169-бет. Ұлттар баспасы. Пекин. 2000ж).

Қалдыбай Қанапияұлы

Әсілі Тарбағатай аймағында Қобықсарыдан өзге барлық ауданда қазақ басым болған, Кеңестер одағы әдейі аймақтың орталығы болған Шәуешекке ұйғырдан әкім сайлайды, Шихудада қазақ басым еді, тіпті Алтайдың орталығы Сарсүмбегеде ұйғырдан әкім сайлаған, бұл ШТР үкіметінде қазақтардың саяси күш алып кетуінің алдын алған тәсіл болған.

 

Екі үйектену дәуіріндегі  күрестер

Ялта конференциясы

1945-жылы екінші дүние жүзілік соғыс аяқтауға жақын қалған сәтте Ялта кеңесі шарты бойынша Моңғолияның тәуелсіздік мәселесін қытай мойындауға міндетті болды. Бірақ оның есесіне Кеңестер одағынан қытайдың Манчжурия мен Шыңжаңның териториялық тұтастығын мойындауын шарт ретінде ортаға қойды. 1945-жылы қазан айынан 1946- жылдың жаз айларына дейін гомин қытай үкіметі Кеңестер одағына көп рет өкіл жіберіп осы мәселені талқылады. Кеңестер одағы ұлттық армияға бұйрық түсіріп Манас өзені бойында шеп құрып бұйрық күтуді бұйырды. Ол кезде 150 км жердегі Үрімжі қаласында әскерде, қаруда, азық-түлікте тапшы болатын. Осындай тарихи орайды жіберіп алды, мәселе ШТР(Шығыс Түркістан республикасыны) армиясының басшылары дені  Кеңестер одағынан келгендер еді.

Гомин қытай президентінің ұлы Жияң Жинго Маскеуге сапармен барғандағы сурет.

Ақыры Кеңестер одағы Манчжуриядағы тізе бүккен Жапон армиясының 800 мың қаруы арқылы коммунистік қытайларға бір жылда 1.2 миллион армиясы, 100 миллион халқы бар күшке ие етіп Қытайды Америкаға қарсы жартылай коммунистік жүйеге айналдырмақ болды. Оған қарсы Америка құрамма штаттарі гомин қытай билігіне қолдау білдірді. Кеңестер одағы өзінің Сібериядағы териториясына болашақта қытай қауып төндіреді деп қарап екі мемлекет ара бір белдеулік ел құруды жоспарлап Моңғолияны біріккен ұлттар ұйымы таныған ел етіп құруға мүдделі болды, «Шығыс Түркістан операциясы» ның түпкі мақсаты, оған Кеңестер одағының бар күшпен кірісуінің себебі осы болатын. Осылайша Шығыс Түркістан республикасы 12. 11.1944 құрылған болса 1946-жылы 6-айдың ортасында Кеңестер одағы жағынан тарих сахынасынан кетті.

Шығыс Түркістанның таратылғандығын хабарлаған газет

Демек Кеңестер одағы Тарбағатай, Алтай, Іледегі халықтардың азаттық күресін өз мүддесі үшін шебер пайдаландыда мақсатына жеткен соң сатып кетті. 24. 08.1945 гомин қытай үкіметі Моңғолияның тәуелсіздігін мойындады. Бірақ Кеңестер одағы Солтүстік Қытайда коммунистерді күшейту үшін уақытты соза берді. Тамыз айының соңынан басталған гомин қытай үкіметі мен коммунистік қытайлар ара келімсөздер қазан айының 10-күні ақырласып екі жақ соғыспау келісіміне келді. Осылайша Кеңестер одағынығның парменімен Рахымжан Сабырқажы(Қашқарлық ұйғыр), Әбілқайыр Рабатұлы (Іле қазақтарының төресі), Ахыметжан Қасми (Қазақстан ұйғыры) ШТР ға өкіл болыр Үрімжі қаласында Жаң Жыжұң бастаған гомин қытай үкіметімен келіссөз бастады.

Әбілқайыр, Рахымжан, Ахметжан(Солда)

Келіссөз 1946-жылы 6-айдың 6-күні зорға аяқталды, бұған Кеңестер одағы мен Гомин қытай билігі арасындағы саяси келіспеушіліктер әсер етіп әдейі уақытты созғанын байқауға болады. Осы айдың 18-күні Шыңжаң біріккен үкіметі орнап оған 25 жора мүше болды, қазақтан Оспан батыр, Дәлелқан Сүгірбаев жане Тарбағатайдан Сәліс Әміреұлы (Дөрбілжін ауданынан) мүше болды. Деседе келіссөз пайдасы қазақтардан гөрі ұйғырлардың пайдасына шешілді, қытаймен соғысқан үш аймақ халқының 58% қазақ , 23% ұйғыр(дені Іле аймағында) бола тұра ұйғырларға автономия беру, үкіметте ұйғыр тілі қытай тілімен қатар қолданылу мойындалды. Үш аймақ әліде Кеңестер одағының ықпалында бола берді, тек Кеңестік әскерлермен ақылшылар еліне қайыттыда ұлттық армия 30 мыңнан(60% қазақ әскерлер)14 мыңға қысқартылды. Шыңжаңның кейін автономия болуына, Іле қазақ автономиялы облысының құрылуында осы ұлт азаттық күрестің маңызы зор болды.

ШТР ұлттық армиясы, жоғарғы сурет негізі Кеңестер одағының әскерлері екені байқалады.

1946-жылы күзде гомин қытай үкіметі мен коммунистік қытай ара ішкі соғыс басталды. Осы орайда Алтайда Оспан батыр үш аймақтан бет бұрып Кеңестер одағына қарсы шығып соғыс бастады, бірақ күші әлсіз болғандықтан 3-4 мың адамымен Бәйтік тауына қарай шегінді, Тарбағатай аймағынан дәл Оспан батыр сияқты үш аймаққа, ал нағында Кеңестер одағына қарсы күрескен Сауан ауданының әкімі Қалибек Райымбекұлы болды. Оспан батыр бет бұрған кезде қарулы қарсылыққа ашық шықпағанымен гомин қытаймен ара жасырын келісулер жиілеген. Қасан Өр Алтай өз естелігінде:«Кеңестер одағы көп рет Қалибек әкімге силықтар беріп, халық қаһарманы атағын берген, тіпті Тарбағатай аймағының әкімі болуғада ұсыныс жасаған». Гоми қытай  үкіметі Құтыби ауданының әкімі Оразбай Қалиұлы арқылы Қалибек жігіттерінн 500 ден аса қару жеткізілген, кейін мыңнан асқан.

1947-жылы Шыңжаң өлкелік кеңестің 1-реткі жиынына үш аймақтан 35 адам қатысты, оның 19  қазақ болатын, Тарбағатай аймағынан сегіз адам болып Нұрсапа, Өндірқандар өкіл  ретінде қатысты.

1946-жылы Үрімжіде Америка консулы орнады, олардың басты мақсаттары Кеңестер одағының атом бомбасын жасауда шикізат көзі Алтайдың Көктоғайында екенін біліп оның қазылуы мен Кеңестер одағы жаққа тасымалдануына  кедергі жасау болды, сол себепті олар гомин қытай Шыңжаң билігі арқылы Оспан батырды Кеңестер одағының кеншілеріне айдап салды, қақтығыс екі держава арасына дейін жалғасты. Оспан жасақтары Алтайдан шегінген соң оның мыңнан аса жігіті қаруландырылып әскери машық жасады. Анығында Алтай қарулы күштері Санжының шығыс төрт ауданындағы қазақтарды өзіне қаратқан 1944-жылдың аяғынан бастап гомин қытай билігімен ара қатынастар орнаған, Сүлеймен, Нұрқожайлардың бет бұруы осыған байланысты еді, Оспан ауқымға қарап басында ШТР ға үміт артты, бірақ Алтайда әкім болған жарты жылда барлығынан хабар тауып көзі жеткен соң түбегейлі бет бұрады.

Алтайдағы Оспан бүлігіне  жауап ретінде үш аймақ жақ Тұрпан ұйғырларын желіктіріп бүлік шығартты. Осы Дүрбелеңнен аман қалған жүзден аса адам Ілеге барды. Ақыры тамыздың 12-күні үш аймақ өкілдері Құлжаға қайтып біріккен үкімет ыдырады. Осы тұста Құрамма штаттар мен Кеңестер одағының арасы шиеленісе түсті, ал Ішкі қытайдағы азаматтық соғыста екі империя бірі гомин қытайға, бірі коммунистік қытайға қару беріп бір-бірімен қырқыстырды. Ендігі майдан осы ұлт азаттық күресі болған үш аймақтағы қазақтар ара қырқысуға әкелді, гомин қытай, Америка жақтаған Оспан батыр, Қалибек бастағандармен үш аймақтың Кеңестер одағына адал топтары қатынасы шиеленісті.

Алтай, Тарбағатайдағы соғыстар

1947-жылы Оспан батыр мыңнан аса қарулы азаматтарын Қапас Тіркешұлына бастатып Алтайға шабуылға өтті. Олар Көктоғай, Шіңгіл халқының қолдауымен екі ауданды басып алды, Қарашора, Сарыбұлақ шайқасыеда үш аймақтың Қобық атты полкін негізінен жойып жіберді.(Бұл полк Іле мен Тарбағатай азаматтарынан құралған, Қожай Доқас ұлының айтуынша: Кеңестік кері үгіт арқылы Өр Алтай елін банды, қарақшы санап елге тізесін батырған, сол себепті оңай жеңілген)Алтай атты полктіңде талқанын шығарып тұтас Алтайды басып алып бір ай иелеп тұрды.

Дәлелқан, Нүсіпқандар Тарбағатайға келіп 4200 әскер жасақтайды(көбі 1946-жылы ұлттық армия қысқарғанда қосыннан шегінгендер), Кеңестер одағынанда әскери көмек алады, Тарбағатайдың әр жерінде халық, үкімет жылу жинап көмек береді. Осылайша 5 мыңнан аса әскермен Алтайға шабуыл жасап Оспан жасақтарын Алтайдан ығыстырды, бірақ Өр алтайдың екі ауданынан 20мыңға жуық қазақ Боғда, Бәйтікке көшіп кетеді, бұл бастысы Кеңестер одағының Көктоғайдан уран тасып Семей-Курчатовта атом бомбасын сәтті жасауы үшін жасалған қадам еді.

1947-жылы шілде айында Қалибек үш аймаққа әшкере қарсы шығып тауға көшіп кетті. Сауан қазағы дені оны қолдады. Бірақ Сауан Манастың іргесі, үш аймақпен гомин қытай әскері тіресіп тұрған шеп, онда үш аймақ армиясы өте көп шоғырланған еді, сол үшін бұл аса қатерлі әрекет еді.

Қобықсарыдағы тұрғұт ханзадасы Жаужапта үш аймақтан әшкере бет бұрып қарсы әскери қарсылықтар жасап, жолдан өткен үш аймақ әскери көліктеріне тыным бермеді.

Оспан тобын Алтайдан аластаған соң үш аймақ үкіметі назарын Сауанға аудардыда Сауан жеріне Құлжа жаяу 2-полк, моңғол баталионы, Шиху жаяу полк,  зеңбірекші баталиондын орналастырды, тағы Сауан атты полкін қайта құрды.

Қараша айының 6-күні Қалибек, Такымандардың мыңнан аса қарулы адамы Шихумен Сауанға шабуыл жасады, Шиху, Анжыхай көпірлерін өртеді, телефон сымдарын қиды, Бөрітұңке, Қызыл, Ламамияу, Байыңғу, Казгу, Дұңди, Чиңчияңға шабуыл жасап аласапыранға ұшыратты. Сауан қазағының Тәкіман,  Балақамза, Мөрдіқан, Шойынбек, Зейиікен, Зейнембай, Дулатқан, Бақтияр бастаған батыр азаматтары соғысқа аттанды. Осы оқиға куагері Қасен Өралтай былай деп еске алады:«Қалибек әкім сөз сөйлеп: осыдан не бәрі екі жыл бұрын қытайға қарсы шығып үлкен ниетпен күрес жасадық, ниетіміз аллаға аян еді, алла жар болып жеңіске жеттік. Өткен жылы сол жеңісті <Түркістан тойы> деп тойладық, сол түркістан үкіметі қазыр жоқ! Ол орыстың ойыншығы үш аймақ дегенге айналды, орыстың кім екенін білесіздер, бұрында батыстан ауып келген елдің сиқын көрдіңіздер. Олардың Қазақстандағы ашаршылық, құдайсыздар ұйымы, жаппай тұтқындау, мал-мүлікті канпескілеу сияқты орыстың сұмдықтарын айтып зарлағанын білесіздер, орыстар Әлихан төрені тұтқындап үш аймақ дегенді желеу етіп отыр, бүгінгі күресімізді шығыс түркістанға қарсы емес қайта орыс ойыншығы үш аймаққа қарсы бағыттаймыз. Сол үкіметті құлатқан орысқа қарсы бастаймыз, бұл біздің ұлт үшін, дін үшін, отан үшін атқаратын парызымыз-деді. Онан кейін Арыстамбай молла бастап коллектив жаназа оқылды. Онан соң жауынгерлер аттарына мініп “Алла! Мұхаммед! Алаш” деп ұрандап шаба жөнелді…». Осылайша соғыс бір күнге жалғасты, үш аймақ армиясын Могутинов(орыс), Маргуп Исхақов(татар) басшылық етіп Ұлужан, Ұшқұдық жақтан шабуыл жасады, бұл тарапта Такыман батыр күн бойы олармен қиян-кескі соғысып алға бастырмай тұрды. Онан кейін үш аймақ армиясы Қызылөзендегі Қалибектің штабына қарай көп әскер аттандырды. Ұлужандағы Такыманға Құлжа 2-жаяу полкі шабуыл жасады, ал Сауан атты полк Қызырбектің бастауымен Қалибектің штабына шабуылға өтті, соғыс жиырма күнге созылды. Осы барыста Такыман жасағы қоршауда қалды, Қалибек тобы Манасқа қарай шегіне соғысады. Бастапқы уақыттарда Қалибек әскерлерге дем беру үшін өз штап орынын жылжытпаған еді. Алайда жау саны жағынанда, қаруы жағынанда басым болғандықтан ай соңы бола ел қотарыла көшіп Манас өзенінен ары өтіп гомин қытай билігі жүріп тұрған Манас ауданына өте бастаған, елдің жалпы саны 13 мыңнан астам еді.(Қасен Өралтай 6000-7000үй дейді, бұл бойынша 30мың)

Такіман үш аймақ әскерінен жан аямай соғысып оларды үлкен шығынға ұшыратты, бірақ ол жақтағы әскердіңде көбі қазақ жастары еді. Такіман тобы Тәңіртаудың адам баспаған шыңдарына шығып киізді ат пен түйенің табанына салып биік шыңдардан асып Манас жаққа өтті, ол кез 1948-жылдың басы еді. Такыман көшінен көшке ере алмаған 200 дей адам үш аймаққа қолды болады, олардың біразын Жәйірдағы уақ ішіне апарған екен.

Осылайша Құрамма штаттар мен Кеңестер одағы ара суық соғыстың алғашқы зардабын Алтаймен Тарбағатайдағы қазақ бұқарасы тартып сан мыңдағсн адам соғыста опат болды.

 

Қалибек тобының кейінгі әрекеттері

Қалибек пен Оспан батыр елінен 33 мың адам Санжы еліне қосылды, Алтай төресі Әлен ауылыда Боғдаға көшті, Толының тумасы Әлен уаңның ханымы Қадуан Мамырбек қызы Үрімжі аймағының әкімі болды, Үрімжіге қаоасты Манас , Құтыби, Санжы, Фукан, Жемсары, Шонжы, Морида сол кезде 100 мың қазақ жасап жатты, әр ауданға қазақ әкім сайланды.

Үрімжі аймағының әкімі-Қадуан Мамырбекқызы

Шыңжаң билігінде қаржы минсьры Жанымқан Тілеубайұлы, Шыңжаң үкіметінің орынбасар хатшысы Сәліс Әміреұлы болды. 1948-жылы осы аймақтағы қазақтардан әсіресе Оспан батыр, Қалибек азаматтарынан 8-қазақ полк ұйымдастырылып оған Жәйірдің қазағынан шыққан Зәкария Әшен ұлы бастық болды.

1948-жылдың соңына қарай соғыста коммунистік қытайлар басым келе бастайды, гомин қытай үкіметі Құрамма Штаттардың көмегінен айырылып қаруы азайып, экономикасы тығырыққа тіреліп 1949-жылы күзде түбегейлі жеңілдіде Тайуаньға шегінді, 1949-жылы қазанда 100 мың қытай коммунистік әскерлері Шыңжаңға кірді, Кеңестер одағының бұйыруымен үш аймақ армиясы бір оқ атпай оларға берілдіде Манастан шығысқа өтіп Үрімжіге келіп оларды қарсы алды. Ендігі жерде Қалибек тобы Қарашар аймағына, Оспан тобы Баркөлге шегінді. 1950-жылы Оспан батыр мен Құтыби әкімі Оразбай Қалиұлы Санжы мен Баркөлден 30мың елді қызыл қытайға қарсы көтеріліске шығарып төрт ай соғысты, Оспан Гансуға шегінді, одан сәл бұрын Қалибек еліде Гаскөлге келген еді.

Құтыби әкімі Оразбай Қалиұлы

Оспан батыр Қайызда қолға түскен соң Қалибек тобынан 240тай адам Тибет жотасына шығып арттан қуған қытай әскерімен соғыса жүріп 1951-жылы Пәкістанға жетті, жалпы аман барған адам саны 174 жан еді, олармен бір уақытта еріп келген Дәлелқан Жанымқанұлы, Нұрқожай батырлар 19 адам болатын, Сұлтаншәріппен Құсайынға ерген 160 жан қосылып жиыны 355 адам болады. Олар 1940-жылы Елісқан, Құсыман бастап келген елмен бірге жиыны 1800дей адам 1953-1954жылы Түркияға жетіп тоқтайды.

1947-жылдың соңынан 1949-жылдың соңына дейін Шыңжаң жері негізі бейбітшілікте болды. 1944-1949 жылға дейінгі қысқа ғана төрт жыл үш аймақ халқының әсіресе қазақ халқы үшін кей жағынан тиімсіз болды десекте жақсы жетістіктерде көп болды. Мектептер көптеп ашылды, сауатты қазақ саны арта түсті, медицина дамыды, жолдар салынып,кендер ашылды, газет, журналдар қазақ тілінде шығып отырды. Үкімет құжаттары тек жоғарыда ұйғырша болғаны болмаса аймақтан бастап негізі қазақ тілінде жүрілді, бұл осы үш аймақтағы қазақ тілді жүйенің қалыптасуына, қазақ мадениетінің дамуына үлкен үлес қосты.

1944-1949 жылдары шыққан қазақ  тіліндегі газет-журналдар

Шәуешектегі ұлттық армия жауынгерлерімен бір бөлім басшылары. 1949-жылы. 1-мамыр

Толы ауданының құрылуы

1947-жылы Шыңжаң өлкелік біріккен үкіметтің 1-реткі мәжілісі ашылды. Оған Тарбағатай аймағынан сегі адам сайланды, оладык бірі Нұрсапа Сейтжанұлы болды(298-бет). Дөрбілжін ауданына 1949-жылдан кейін Мақсұтқан Қызырұлы әкім болды.

Мақсұтқан Қызырұлы

Толы аудандық полиция басшысы Ахат Кәрібаев

Дөрбілжін  ауданының 8-9-10 райондары аудан қалашығынан ьым алыста болғандықтан бұл  жерлерді бөліп шығарып«керей жарым ауданы» құрылдыда аудандық үкімет Толыға орналастырылды.(Үш аймақ  төңкерісі  тарихы. 381-бет. Ұлттар баспасы. Пекин. 2000ж).

1954-жылы ескі уақ руыда қосылды, саяси жағыдайларға байланысты тайпа атын қолдану шектеліп аудан аты “ Толы ауданы” деп өзгертілді.

11.05.1951. Шыңжаң өлкелік құрылтайға қатысқан Тарбағатай аймағының өкілдері.

Тарбағатай. Майлы жәйлауы. 1954ж

1949-жылы үш аймақ қызыл қытай билігіне өткенімен Кеңестер одағының ықпалы әліде зор еді, үш аймақ армиясы 4-корпус болып қытай мемлекеттік армиясы қатарвна кірді, деседе оларды 1950-1958 ге дейін қытайға бағынбаған Оспан, Оразбай тобына қарсы соғыстырды, Баркөл еліне қарсы қойды.

1954-Жылы үш аймақта Іле қазақ автономиялы облысы құрылды. 1944-1945 те опыс үш аймақ билігіне ұйғыр, өзбек, татарды қоса, қытайлар қазаққа билік берді, облыс басшысы Пәтіқан Дәлелқанұлы, кейін Жағыда Бабалық ұлы болды. 1956-жылдан бастап үш аймақта көп жыл жұмыс істеген кеңес азаматтары еліне қайта бастады. Олармен бір қатарда Тарбағатай аймағының әкімшілігі мен әр ауданда әкім болған, полиция бастығы болған барлық шенеуліктер жаппай совет граждандығын алды, 1959 дан бастап екі ел қатынасы ушықты,  ұлттық армия таратылды,  армияда болған  бірталай адамдар Кеңестер одағына кетті. 1962-жылы Ілемен Тарбағатай дан шегара асқан 100 мыңдай қазақ Кеңестер одағына өтті. Осы күрестердің басты жемісі 1954-жылдан 2015жылға дейін 60 жыл қытайдағы қазақ автономия болып тұрып өз тілінде оқыды, өз ахпарат, баспа сөзі болып өз ұлттық болмымын сақтай алды, бұл осы күрестің жемісі еді.

Теги: , ,

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*