Алтай аңызы

Жәке биден…
Алтай аңызы

Жәке биден…

Жәке Қойтанұлы. 1830 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Сайқан тауы өңірінде дүниеге келген. 1914 жылы, Қытай жеріндегі Сауыр тауы өңірінде өмірден өткен. Абақ Кередің Меркіт руынан шыққан би, шешен. *** Бір жолы Сауырда Найман мен Керей ортасында кісі өлімі болып, даугерлер Жәке бидің алдына келіпті. Сонда Жәке би: *Аманша […]

Алтай аңызы: Кедейге қажы керек пе?
Алтай аңызы

Алтай аңызы: Кедейге қажы керек пе?

Зуқа қажының үйіне Алтай елінің ұлықтарынан төрт адам келіп қоныпты. Тәңертеңгі дастарқан үстінде Зуқа олардың алдына бір қара жамбы қойып: – Бұйымтай шаруаларыңыз болса айта отырыңыздар, – депті. Сонда ұлықтардың бірі: – Бұйымтайымыз бар. Жақында Алтай елінің ұлықтары бас қосқан үлкен жиын өтті. Жиында жоғарғы орыннан келген үш – төрт […]

Марқакөлге ғана біткен майқан балығы – мұз дәуірінің символы
Алтай аңызы

Марқакөлге ғана біткен майқан балығы – мұз дәуірінің символы

Қарт Алтайдың қалың жынысты, қарлы жоталарының биігінде көз тамшысындай болып мөлдіреп жатқан Марқакөл дейтін ғажап бір көл бар. Тау басындағы таңғажайып көлде мамандардың айтуынша, әлемде біздің елде ғана ұшырасатын майқан балықтары тіршілік құрады. Сонау мұз дәуірінің көзі тірі символы деп жүрген майқан балығы жайында сіз не білесіз?

Нұрғажат Қапақұлы: Дәулетше тәйжінің көк тас таңбасы…
Алтай аңызы

Нұрғажат Қапақұлы: Дәулетше тәйжінің көк тас таңбасы…

Дәулетше Ертісұлы Ботақараның батыр Тыныбек атасының жетінші ұрпағы. Дәулетше Ертісұлы Ботақара руының байырғы мекені Алтайдың Алақағында 1871 жылы дүниеге келді. Балалық шағы өзінің сүйікті ата қонысы Алақақта өтті. Дәулетше Ертісұлы бала кезінен жаны жайсаң кең пейілді сабырлы болып өсті, ел-жұрты, туыс- туғаны, ата-анасы Дәулетшені Дәулетім деп еркелетіп өсірді. Ол бала жасынан сөзге сондай шешен, ағайын туыстың арасында болып жататын ұсақ-түйек дау шарларды, әдемі тілімен шешіп беріп, ағайын туысты берекелестіріп жүрді. Ағайын туыс арасында болып тұратын өлім-жітім, қысылтаяң жағдайда жол тауып беріп жүрді. Міне осындай үсақ-түйек ағайын арасындағы жұмыстармен араласа жүріп, ел көзіне түсе бастады. Ол қыдырып бір ауылға түссе, сол ауылдың ұсақ-түйек балалары бірақ сол үйге баратын, сол үйдің дастарқанына қойылған дәнді сол балаларға үлестіріп беріп отыратын еді. «Берсең балалаға бер», – деген сөз осыдан қалған шығар ау шіркін!

Нұрғажат Қапақұлы: Алтайдың Алақағы – Ботақара жұртының ата қонысы
Алтай аңызы

Нұрғажат Қапақұлы: Алтайдың Алақағы – Ботақара жұртының ата қонысы

Абақ керей Сарыарқа жерінен көшіп шығысқа келіп Қабатау, Шар, Қызылсу, Зайсаң, Көкпекті жеріне ірге теуіп қоныстанады. Жылдар өте Абақ керейдің батыры Ержәнібек қартайған шағында 1786 жылдары Керейдің ел ағалары Шәу жырау, Барлыбай, Байқан, Маман, Шаған, Шегетайлар ел жайында ақыл сұрай барыпты, сонда Жәнібек батыр қоныс толы ауылы, өріс толы малы […]

Нөсерхан Қабихан: Досымханның ерлік ізі
Алтай аңызы

Нөсерхан Қабихан: Досымханның ерлік ізі

Соғыс ардагері Толыкбаев Досымханатамыздың ерлікгін жырлаған шағын дастан

Ақын Болмас Төлемісұлы жайында…
Алтай аңызы

Ақын Болмас Төлемісұлы жайында…

Қуаныш Ілияс: Халқының жүрегінде Болмас ақын   Аңдатпа:2005-жылы мамыр айында алтай қаласы абитан қалашығы қызыл үйеңкі қыстағындағы ақын атаның қара шаңырағына барған едік. бақыт болмас ұлының бастауында, ол кісі жайында көптеген матерялдарға ие болдық. бұл мақала да сол сапар да жазылды… -автор Халқының жүрегінде Болмас ақын, Болмастай енді қайта болмас […]

ТҰРДЫХАН АЙДАРХАНҰЛЫ: АРЫСЫ ҚҰЛАП АЛТАЙДЫҢ…
Алтай аңызы

ТҰРДЫХАН АЙДАРХАНҰЛЫ: АРЫСЫ ҚҰЛАП АЛТАЙДЫҢ…

              Арысы құлап алтайдың. . . (Мағаз Разданұлына) Төбесін жайлап қара бұлт, Жүлқыған дауыл жүрегін. Көрінген қайта ағарып, Алтайдың ақбас шыңы едің. Қалқып та алған халқының, Қара сөзінің мәйегін. Тарландап барып табылған, Қазақтың жалғыз тайы едің. Абайдай алып дананың, Айтылмай қалған сөзісің. Абақтай асыл […]

Бохийн Бааст: Алтайдың көк дөнені (әңгіме)
Алтай аңызы / Руханият

Бохийн Бааст: Алтайдың көк дөнені (әңгіме)

«Сіздің қобызбен тартқаныңыз Жәнібектің көк аты туралы ма?  » – Деп сұрадым. «Я, бырақ оның атауы – Алтайдың көк дөнені. «Тамаша ат екен» . Гецелжав аға шай қайнатуға кірісті. Менің түсімдегі ат пен алтайдың көк дөнені екеуінің тағдыры ұқсас екендігін айттым. «Сенің түсің аян беріп тұр. Сен есейгенде белгілі адам боласың»,-деді Гецелжав аға.  

Хасен Қалибекұлы ОРАЛТАЙ: “EЛIM-АЙЛАП” ӨТКЕН ӨМІР (2 бөлім)
Алтай аңызы

Хасен Қалибекұлы ОРАЛТАЙ: “EЛIM-АЙЛАП” ӨТКЕН ӨМІР (2 бөлім)

Қысқаша мағлұмат: Хасен Қалибекұлы Оралтай, әлемге танымал халықаралық қаламгер — 1933 жылы Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағындағы Майлы-Жайыр жайлауында туған. Ауыл мектебінен сауатын ашқан. 1945-жылдан бастап Шығыс Түркістан ұлт-азаттық көтерілісі жетекшілерінің бірі болған әкесі Қалибек хакім Райымбекұлының қолғанаты болған. 1947 жылдан бастап “Үш аймақ” үкіметіне наразылық танытып, Кеңес одағының империялық саясатына қарсы шығып, Қызылөзеннен Еренқабырғаға қоныс аударған. 1949-жылдан бастап қуғынға ұшырап, жазалау әскерімен соғыса жүріп тұз қақтаған Такламакан шөлін кесіп өтіп, Тибеттің қуаң Саржонын басып, ыс басқан Гималай тауын асып, 1951жылы Үндістанның Кашмир аймағына өткен. 1954-жылы Түркияның Салихлы қаласына тұрақты қоныстанған. Түрік, ағылшын тілін меңгеріп, шетелдік саяхатшыларға арналған дүкен мен қонақ үйде қызмет істейді. Сонда танысқан американдық әскерилердің ықпалымен 1957 жылы

НАТО-ның Ізмірдегі әуе күштері мекемесіне қызметке алынады. I960 жылдан бастап бірыңғай қаламгерлікпен айналысқан. “Бұйұк Түркелі” (1962), (Түркелі” (Ізмір) журналдарын, “Коммунизммен күрес” (Ізмір, 1965) газетін ашқан. 1967 — 1988 жылдары Мюнхендегі “Азаттық” радиосының қызметкері, 1988 жылдан бастап “Азаттық” радиосы қазақ бөлімінің директоры боды. 1993-жылы Алматыда қазақ бөлімінің бюросын ашты. 1995 жылы зейнетке шықты. Қазір Мюнхенде тұрады.

“Шығыс Түркістан қазақ түріктері — азаттық жолында”(1961), “Бұйүқ түрікшіл Мағжан Жұмабаев (1965), “Алаш — Түркістан түріктерінің ұлт-азаттық ұраны” (1971), “Алтайдағы қанды күндер” (1977), “Қазақша — түрікше сөздік” (1984), “1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстан оқиғалары” (1988) және осы жинақта үзінділері қысқартылып беріліп отырған “Елім-айлап” өткен өмір” (1999, Станбол, 2005, Алматы) атты ұлтжанды кітаптардың авторы. Естеліктің баспаға дайындағандар Т.Жұртбай мен Е.Сіләмханұлы.