Алтай аңызы
by erjanibek × 2025 ж. Наурыз 28, 22:00 +05 |
Біздің ұзақ уақыттан бері мекендеп келе жатқан атақонысымыз — асқар Алтайдың Шіңгіл ауданына қарасты Шағанғол ауылдық округіндегі Қарағанды атты шағын қыстақ. Өзім мал шаруашылығымен айналысқандықтан, көктеу, төлдеу, қыстау — барлығы бір жерде орналасқан. Отар көшіп, мал соңында жүргенім жоқ. Тек сол қыстаудан екі көшіп, орта жайлауымыз — Мұқырсала деген жерге төрт түлік малмен бір айдай уақыт отырамыз. Содан кейін Алтайдың асқар жоны — Үшкөл, Шыбаркөл, Ортакөл, Шеткөл деп аталатын, атына сай көрікті жайлаудың орталығы — Ортакөлді жайлаймыз.
Руханият
Ботақара батыр Жәнтекей руынан шыққан әйгілі баһадур. Ер Жәнібек Шақабай, Ботақара сынды керейдің батырлары үш жүздің басын қосқан Хан Абылаймен дізе қосып жоңғар шапқыншыларына қарсы қасық қаны қалғанша қазақ жерін қорғаған баһадур батырлары. Демек керей елі 1735 жылы Ордың бекінісін талқандап, өртеп оны қазақтар Жаман қала деп атап кеткен.
Алтай аңызы
Абақ керей Сарыарқа жерінен көшіп шығысқа келіп Қабатау, Шар, Қызылсу, Зайсаң, Көкпекті жеріне ірге теуіп қоныстанады. Жылдар өте Абақ керейдің батыры Ержәнібек қартайған шағында 1786 жылдары Керейдің ел ағалары Шәу жырау, Барлыбай, Байқан, Маман, Шаған, Шегетайлар ел жайында ақыл сұрай барыпты, сонда Жәнібек батыр қоныс толы ауылы, өріс толы малы […]
Соңғы пікірлер