Жаңалықтар
“Еліне ұран болған Ер Жәнібек” – бүгін, яғни 11 мамыр күні осындай атпен Алматыда RIXOS-Almaty қонақ үйінің конференция залында Ер Жәнібек Бердәулетұлының 300 жылдығына орай жарық көрген басылымдардың тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл XVIII ғасырда өмір сүрген, қазақ халқының жоңғарларға қарсы соғысында үлкен ерлігімен, қол бастаған батырлығымен еліне аңыз, жұртына саялы тұлға болған […]
Жаңалықтар
Есімі абақ керейдің ұранына айналған, халқымыздың даңықты батыры Жәнібек Бердәулетұлының туғанына биыл 300 жыл болып жатыр. Алаш жұртының жүрегінде «Ер Жәнібек» болып ұялаған баһадүрдің батырлықпен бірге, нағашысы Қаз дауыстыҚазыбек биден дарыған шешендік өнері де болған. Ер Жәнібектің Шайқаста тұлпары болдырып қалған Абылай ханға астындағы көк дөненін түсіп берген көрегендігі; жекпе-жекте қалмақтың екі батырын жеңген […]
Руханият
ЕКІ ДҮНИЕ АРАСЫ Бұл күнде не көп, әке туралы ән көп. «Сағындым, әке, исіңді», «Мен сенің өміріңнің жалғасымын» деген сияқты соны сөз, тың тіркестер, әлбетте, жүрек қылын қозғап, көңіл тұнығын шайқайтындай әсерлі. Осы әндер шырқалғанда мен де елең етіп құлақ түрем, бірауық жаным елеңдеп, елегізігендей болады. Бірақ бар-жоғы бірауық қана, қас қағым […]
Руханият
ТОЗАҚ ЖЫЛДАР 1931-33 ЖЫЛДАРДАҒЫ АШАРШЫЛЫҚ ЕКІ ЖАРЫМ МИЛЛИОН ҚАЗАҚТЫ ОПАТ ЕТТІ Қазақ міллетінде Голощекиннің қолдан ұйымдастырған ашаршылығы 1931-32 жылдары қатты белең алды десек те, ол зұлматтың басы 1930 жылдың жазынан басталып, зардабы 1934 жылдың аяғына дейін созылған. Мысалы, 1930 жылдың соңына дейін-ақ Қазақстанда 313 мың адам аштықтан көз жұмды. […]
Шежіре
Көп жылдан бері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесіп жұмыс жасап келе жатқан Колумбия университетінің тарихшысы Рафис Абазов Ватиканның құпия мұрағаттарынан Қазақстанның белгісіз карталарын тапты, деп хабарлады Zakon.kz. Рафис Абазов «Рим және Алаш: мәдени мұра» ғылыми жобасының аясында мұрағаттарды зерттеуге шақырылған болатын. Бұл жобаны Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының […]
Шежіре
1951 жылы дәл осы күні Үрімші қаласында 11 жыл бойы ұлтының азаттығы үшін күрескен, “қазақтың алтын аңызы” Оспан батырды атты. Шығыс Түркістанның тәуелсіздігі үшін күрескен ұлт азаттық қозғалысының көсемі Қазақ елінің жадынан өшпек емес.
Шежіре
Абылай ханның Жәнібек батырды сынауы Жас батыр Жәнібектің жау алдындағы қайраты аңыз болып, ел ішіне тез жайылады да, Абылай хан оны жете сынамақ болады, сол ойдың орайы бораны күркіреп, жаңбыры сіркіреп бір күннің түніне тура келеді. Жорыққа аттанған Абылайдың қалың қолы нөсерлі қою қараңғы түнді жамыла иендегі ағаш бейіттен бірер […]
Шежіре
Сәуір айында біреулер Сталиннің, біреулер Гитлердің дүниеге келгенін айтып жатады. Рас, шынында да солай. Бірақ, бұл айда осыдан 63 жыл бұрын қазақтың ардагер ұлдарының бірі, Шығыс Түркістандағы ұлт азаттық көтерілістің даңқты қолбасшысы Оспан Сіләмұлы шейіт болған. Сталиннің, Мао Цзе Дунның, Чан Кай Шидің жандайшаптарымен өмірінің соңына дейін тіресіп өтіпті жарықтық. […]
Шежіре
Жәнібек батырдың балалық шағы туралы Жәнібек батырдың әкесі Бердәулет Арғынның Қаракесек руынан шыққан Қазыбек бидің қызымен үйленгеннен кейін, бірнеше жыл бала көрмей жүріп, соңында Жәнібекті көріпті. Перзентке зар ата-ана жас нәрестенің шілдехана тойын жасап, болашақ батырдың алғашқы таңын әнмен атырады. Әйелдерді шақырып, қалжасын беріп, ат шаптырып бесік тойын жасайды. Әкесі […]
Жаңалықтар
Ер Жәнібек халықарылық қоғамдық қорының медальі мен Ер Жәнібек батырдың 300 жылдық мерей тойына арналған төсбелгісі
Соңғы пікірлер