Көп жылдан бері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесіп жұмыс жасап келе жатқан Колумбия университетінің тарихшысы Рафис Абазов Ватиканның құпия мұрағаттарынан Қазақстанның белгісіз карталарын тапты, деп хабарлады Zakon.kz.
Рафис Абазов «Рим және Алаш: мәдени мұра» ғылыми жобасының аясында мұрағаттарды зерттеуге шақырылған болатын. Бұл жобаны Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры, PhD доктор Андрей Хазболатов және «Италия» білім беру орталығының директоры, итальян тілін оқытушы Кармине Барбаро бірлесе жүзеге асырылған.
Ғалымдар Ресей империясының Еуразияның көшпелі тайпаларымен, соның ішінде қазақтармен өзара байланысына қатысты дәлелдер табуға үміттенді. Құпия мұрағаттарды зерттеу кезінде Қазақстан аумағына қатысты карталар табылды.
«Меніңше, бұл табылған деректер Қазақ мемлекеттілігінің нақты генезисі мен даму динамикасын түсінуге көмектеседі. Қазіргі қазақ мемлекеттілігі 16-17 ғасырларда пайда болды деп саналады және тарихшыларда сол кездегі қазақ тайпаларының сыртқы әлеммен байланысы жайлы мәлімет аз. Сонымен бірге, ғалымдар біздің елдің Қытай және Ресеймен қарым-қатынасына ерекше назар аударады. Алайда бұл карталар қазақ халқының билеушілері сыртқы әлеммен байланысты кеңінен орнатуы, Оңтүстік Азия , тіпті Батыс Еуропаға дейін байланыс жасауы мүмкін екенін айғақтайды», – дейді Абазов.
Ватиканның құпия мұрағаттарына рұқсат алу оңай емес, Абазовтың құжаттармен жұмыс істеуге рұқсат алу үшін бір жыл күтуіне тура келген. Табылған карталар шамамен 16-17 ғасырларға тиесілі. Сонымен бірге, ғалым Рим папасының татар-моңғолдардың ханына жазған хаттарын тапты.