Жаңалықтар

Ер Жәнібек батырдың 300 жылдығына орай каратэден сайыс өтті

Ер Жәнібек батырдың 300 жылдығына орай Балалар мен жасөспірімдер және қыздар арасында Киокушинкай-кан каратэ бойынша сайыс өтті

 20140518_121905 20140518_122020

18 марыр күні Астана қаласы іргесіндегі Қоянды ауылы орта мектебінде  Ер Жәнібек батырдың 300 жылдығына орай Балалар мен жасөспірімдер және қыздар арасында Киокушинкай-кан каратэ бойынша Целиноград ауданының VI ашық біріншілігі өтті.Аталған шараны Киокушинкай-кан каратэ федарацисы мен Қоянды орта мектебі бірлікте ұйымдастырып, сайысқа Ақмола облысы және Астана қаласынан 200 ден аса спортшылар қатысты. Жас ерекшеліктеріне қарай үш түр бойынша өткен каратэлық жарыс жүлдегерлерінен көмбеден көрінген 66 үздікке жеке-жеке алтын, күміс, қола медалдар және Ер Жәнібек атындағы төс белгі мен марапаттар тапсырылды.

Шараға қатысушылар ерлер рухы арқылы ел мерейін көтерудің жарқын үлгісі болған бұл бас қосудың бұдан кейін де жалғаса беруін тілеп, шынайы алғыстарын білдірді.

 20140518_122350 20140518_161743 20140518_162526 20140518_162810

Жандос Есенаманов

Сағай Арман,

Астана-Қоянды

Теги: , , , , , ,

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*