Бейнематериалдар / Жаңалықтар

Ер Жәнібек 300 – БАҚ назарында

Жәнібек Бердәулетұлының 300 жылдық мерейтойына орай жарық көрген кітаптар мен аудио-бейне таспалардың тұсаукесері және батырға берілген ас жайлы БАҚ өкілдері не дейді?


Алматыда Жәнібек Бердәулетұлының 300 жылдық мерейтойына орай жарық көрген бірнеше басылымның тұсауы кесілді. Сондай-ақ, ұйымдастырушылар Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданында орнатылған батыр ескерткішінің ашылуы мен Жәнібек жайлы жыр-дастандар топшыланған «Керейде батыр Жәнібек» атты аудиобейне жинағын көпшілікке таныстырды.
XVIII ғасырдағы қазақ халқының жоңғарларға қарсы ұлт-азаттық қозғалысында қол бастаған қаһарман батырларымыздың бірі – Жәнібек Бердәулетұлы туралы «Ер Жәнібек – 300 жыл» атты анықтамалық-библиографиялық ғылыми жинағында 8 тарихи жыр мен 43 аңыз әңгіме, олардың жиналуы, сақталуы мен таралуы егжей-тегжейлі көрсетілген. 1000 данамен жарық көрген жинақта қолжазба қорларда сақталған мәтіндер мен алғашқы жарияланымдардың факсимилесі беріліпті. Ал Моңғолиядағы қазақ жазушысы Сұлтан Тәукейұлының «Ақыр Жәнібек» романында батырдың ерен ерлігі, асқан ақылы, теңдессіз батырлығы шынайы суреттелген. Қалың оқырманға жол тартып отырған қос басылымды жақын арада еліміздің кітапханалары мен кітап сөрелерінен табуға болады -дейді ұйымдастырушылар.

Биыл қазақтың арғы-бергі тарихында ақындық, шешендік, қайсарлық сынды қасиеттерімен ерекшеленген Ер Жәнібек батырдың туғанына – 300 жыл. Мерейтой құрметіне орай, Алматының зиялы қауым өкілдері мен дүниежүзі қазақтары қауымдастығының мүшелері және ақын -жазушылар хас батырдың болмысы мен өмірінен сыр шертетін баспасөз жиынын өткізді.   Онда тарихшылар «Ер Жәнібек – 300 жыл» атты анықтамалық-библиографиялық ғылыми жинақтың тұсауын кесіп, «Керейде батыр Жәнібек» атты аудиобейнені тамашалады.   Жоңғар шапқыншылығына қасқая қарсылық танытқан Ер Жәнібек Бердәулетұлының сын сәттерде елін, жерін қорғау, шекараны бекемдеуде жасаған орасан еңбегі тарихи деректерде молынан сақталған. Батырдың ержүректігі турасында Үмбетей, Бұқар жырау, Мәшһүр Жүсіп сынды дара жыраулар мен ақындар жырлаған.

Тұрсынбек Кәкішев, филология ғылымдарының докторы, профессор: Бұл бүкіл қазақтың, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай сияқты батырлардың қасында болған адам. Сондықтан, біз осындай батырларымызды бүкіл қазақтың батыры деп насихаттап жатырмыз.
Сілтеме: http://kaztrk.kz/kaz/news/culture/Er_Zhanibek_batirdin_tuganina_-_300_zhil_id1399946982.html#go
© www.kaztrk.kz

Биыл Ер Жәнібек Бердәулетұлының туғанына 300 жыл. Сыр бойынан Өр Алтайға дейінгі аралықты басқыншылардан босатқан баһадүр бабаның еңбегі күллі алашқа ортақ. Бүгін Алматыда батыр ерлігін дәріптейтін бірнеше туындының тұсауы кесілді.

Алаш елінің тәуелсіздігі үшін 18 жасында жоңғарлармен шайқасып, талай тәуекелділікке барған Ер Жәнібектің ерлігі жайлы жазылған, айтылған жыр-дастан аз емес. Ерлігі елге аңыз болып кеткен естеліктер де жетерлік. Бірақ, батыр жайлы дерек қағаз жүзінде қатталып, бахадүрдің еңбегін ел көлемінде насихаттау соңғы жылдары ғана қолға алына бастады.

«Ақыр Жәнібек» атты романды Монғолиядағы қазақ жазушысы Сұлтан Тәукейұлы жарыққа әкелсе, «Ер Жәнібек Бердәулетұлы» атты энциклопедиялық кітапты қазақ-қытай жазушы-ғалымдары бірлесіп шығарған. Бұдан бөлек, Абылай ханның хас батыры, оң жағынан орын алған Жәнібек бахадүрге өз заманындағы жыраулардың шығарған жырлары жазылған бейне таспа да көпшілік назарына ұсынылды.

«Мерейтой қарсаңында батырдың рухына бағышталған арнайы ас та берілді. Өмірі өнеге толы баһадүр бабаға деген құрмет бұнымен аяқталмайды. Жазда Шығыс Қазақстан облысында алашқа сауын айтылып, ас берілсе, маусым айыны басында Германия, Түркия елдерінде мерекелік шаралар ұйымдастырылады. Ал шілде-қыркүйек айларында Моңғолия мен Қытайда бәйге шаптырып, айтыс өткізіледі», – деді Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары Талғат МАМАШЕВ. 

Батырға қойылған жалғыз ескерткіш кезінде өзі қорған болған Шығыс Қазақстан облысының Қалбатау ауданында рухына тағзым еткен ұлдардың жеке қаражатымен ашылған еді. Ал батырдың атын мектеп оқулықтарына енгізу, көше, елді мекендердің, өзге де мәдени ошақтардың атын Ер Жәнібектің есімімен атау сынды жұмыстар әлі жасалған жоқ.

Әмірболат Құсайынұлы, Әл-Фараби Гусенцов, «Алматы» телеарнасы

Жоңғарларға қарсы қол бастап, ерлік жасаған қазақ хандары мен баһадүр батырларының тарихы жайлы кітаптар сериясын шығару жалғасады. Алматыда ұлт азаттығы үшін күрескен қаһарман батырлардың бірі Жәнібек Бердәулетұлы туралы «Ер Жәнібекке – 300 жыл» атты ғылыми еңбек жарық көрді. Баспадан шыққан жинаққа 8 тарихи жыр мен 43 аңыз әңгіме енген. “Бірнеше мың данамен таралған туындылар қазақ тарихын қайта зерттеушілер мен жалпы оқырман үшін таптырмас еңбек”, – дейді авторлар.

Сондай-ақ бұл күні Моңғолиядағы қазақ жазушысы Сұлтан Тәукейұлының «Ақыр Жәнібек» романы мен «Керейде батыр Жәнібек” атты аудиобейне жинақ та оқырманға жол тартты. Тұсауы кесілген кітаптарда батырдың ерен ерлігі, асқан ақылы, теңдессіз батырлығы шынайы суреттелген. Қалың оқырманға жол тартқан қос басылымды жақын арада еліміздің кітапханалары мен кітап сөрелерінен табуға болады.

Мақсұт Темірбаев, «Ер Жәнібек» халықаралық қорының президенті:

Ер Жәнібектің батырлығы мәшһүр. Ол бір майданда Абылайдың өмірін сақтап қалумен аты шығады. Сосын ол 18 ғасырдағы ең мықты батырлардың бірі ретінде біздің тарихта қалды.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ

http://astanatv.kz/news/show/id/23220.html

Теги: , , , , , ,

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*