"Жәнібек батыр 300 жыл"

Үш жүздің батырына – 300 жыл
Жаңалықтар

Үш жүздің батырына – 300 жыл

Қазақтың халық болып қалыптасу тарихына тоқталсақ, тұңғиық тереңге тірелетініміз хақ. Топырағында тауарих толқып,шежіреге бөккен бағзы даласы сұмпайы соғыстан, мерейлі жеңіс, мәрт батырлардан кенде болған емес. Қайыспас қара нарлардың қайсарлығының арқасында келген жеңістің жемісін бүгінгі ұрпақ біз көрудеміз. Ұлан-ғайыр атырапты Алаштың абадандары атанған, аламанның алдын бермеген асыл ерлер қанкешу соғыста  жанкешті […]

Абай ұрпақтары қалай қуғындалды
Руханият

Абай ұрпақтары қалай қуғындалды

Тектінің ұрпағы да текті болады екен ғой. Қолымызға түскен құжаттар осы сөзімізді айғақтайды. Түбіне тартып туса, несі айып?.. Алайда қазақтың намысы мен мүддесі жолында бас тіккен хакім Абайдың ұрпақтары мен туыстарын бүгін біріміз білсек, біріміз білмейміз. Астананың іргесіндегі «АЛЖИР» мемориалды мұражайының директоры Болат Жүнісбеков бұл құнды деректерді сонау Семейден алдырыпты. […]

Атырау – Алматы пойызы(Әңгiме)
Руханият

Атырау – Алматы пойызы(Әңгiме)

Ала таңмен Атыраудан аттан­ған пойыз тағы да қайыстай созылып күнге маңдай төсеген. Перронда әркiмнiң жүгiн көте­рiсiп жанын баққан жарлы-жақыбайлардың сұлбасы селдiреп барып жоғалды. Мамырдың майда желiне кеуде керген дала далиып жатыр. Селеулi қыр, селкем-селкем көкорай. Аумағы тай шаптырым сор ақжарғақтанып сонадайдан қалып барады. Мiгiрсiз дөңгелектер күшiне мiнген.    Тар дәлiзде […]

Ер Жәнібектің саптас сардарлары мен сарбаздары
Шежіре

Ер Жәнібектің саптас сардарлары мен сарбаздары

Мөде, Едіге дəуірінен Шыңғысхан арқылы жеткен ежелгі ерлік  іздеріміз бен ертегі-аңыздардың алтын өзегі болған – Алпамыс, Ер Тарғын, Қамбар, Ертөстік сынды баһадүрлерімізді айтпаған күннің өзінде XVIII ғасырдағы жоңғар жаугершілігі тұсындағы қазақ батырларының тарихы да талай томға жүк болып келеді. Сондықтан «Абылай дəуірі – қазақтың ерлігі мен серілігінің ғасыры» деген Шоқан […]

Жүніс қажы Рақисопыұлы өмірден озды
Жаңалықтар

Жүніс қажы Рақисопыұлы өмірден озды

Белгілі дінтанушы Мұртаза Бұлұтайдың әкесі Жүніс қажы Рақисопыұлының қайтыс болуына байланысты туған-туыстарына көңіл айтамыз. Қазақтың “қаралы көшін” басынан өткерген қазына қарттың жатқан жары жәнатта топырағы торқа болсын! Марқұм ақсақал туралы аз-кем ақпаратты Мұртаза мырзаның фейсуктегі мына жазбаларынан біле аласыздар.  Бауырлар, достар! Бүгін мен үшін азалы да қазалы күн, тек мен […]

Елдік пен ерліктің туы болған Ер Жәнібек
Жаңалықтар

Елдік пен ерліктің туы болған Ер Жәнібек

2014 жылы қаңтардың  29 күні Алматы қаласындағы Ұлттық Баспасөз клубында Елдік пен Ерліктің туы болған қазақтың хас батыры Ер Жәнібектің  300 жылдық мерей тойына арналған баспасөз жиыны өтті. Жиында Ер Жәнібек бабамыздың 300 жылдық мерей тойын өткізу туралы алдын ала жоспарланған іс-шаралар таныстырылып, ел ағалары Ер Жәнібектің қазақ өміріндегі алатын […]