Руханият
1590 жылдың басында шведтерге қарсы жорыққа шыққан Федор Иоановичтің әскерінің сапында Қазақ Ордасының сұлтаны Ораз-Мұхаммед Онданұлының болғандығы жайында деректер бар. Орыс қалалары Ям, Ивангород, Нарва түбіндегі шайқаста ерлігімен ерекше көзге түскен. Еліміз егемендігін алып, тәуелсіз болғалы халқымыздың өткен тарихы мен бабалар мұрасын ықылас қойып зерттеуге бел шеше кіріскендейміз. Себебі, Кеңес […]
Жаңалықтар
Қазақтың халық болып қалыптасу тарихына тоқталсақ, тұңғиық тереңге тірелетініміз хақ. Топырағында тауарих толқып,шежіреге бөккен бағзы даласы сұмпайы соғыстан, мерейлі жеңіс, мәрт батырлардан кенде болған емес. Қайыспас қара нарлардың қайсарлығының арқасында келген жеңістің жемісін бүгінгі ұрпақ біз көрудеміз. Ұлан-ғайыр атырапты Алаштың абадандары атанған, аламанның алдын бермеген асыл ерлер қанкешу соғыста жанкешті […]
Руханият
Тектінің ұрпағы да текті болады екен ғой. Қолымызға түскен құжаттар осы сөзімізді айғақтайды. Түбіне тартып туса, несі айып?.. Алайда қазақтың намысы мен мүддесі жолында бас тіккен хакім Абайдың ұрпақтары мен туыстарын бүгін біріміз білсек, біріміз білмейміз. Астананың іргесіндегі «АЛЖИР» мемориалды мұражайының директоры Болат Жүнісбеков бұл құнды деректерді сонау Семейден алдырыпты. […]
Руханият
Ала таңмен Атыраудан аттанған пойыз тағы да қайыстай созылып күнге маңдай төсеген. Перронда әркiмнiң жүгiн көтерiсiп жанын баққан жарлы-жақыбайлардың сұлбасы селдiреп барып жоғалды. Мамырдың майда желiне кеуде керген дала далиып жатыр. Селеулi қыр, селкем-селкем көкорай. Аумағы тай шаптырым сор ақжарғақтанып сонадайдан қалып барады. Мiгiрсiз дөңгелектер күшiне мiнген. Тар дәлiзде […]
Шежіре
Өр Алтайдағы керейлер мен Құнанбай ауылының байланысы ежелден ел ауызында бар ескі әңгіме. Құнекең туралы сөз болғанда ауыл ақсақалдарының «аға баласы ғой» деп әлгіге құрмет қылатынын өз құлағымызбен естіп өстік. Тіпті 1931 жылы Шәкерім қажы атылып, арғы бет асқан ұлы Зият пен Әзімбайұлы Бердеш те сол ескі тарихтың тамырын жақындыққа […]
Шежіре
Мөде, Едіге дəуірінен Шыңғысхан арқылы жеткен ежелгі ерлік іздеріміз бен ертегі-аңыздардың алтын өзегі болған – Алпамыс, Ер Тарғын, Қамбар, Ертөстік сынды баһадүрлерімізді айтпаған күннің өзінде XVIII ғасырдағы жоңғар жаугершілігі тұсындағы қазақ батырларының тарихы да талай томға жүк болып келеді. Сондықтан «Абылай дəуірі – қазақтың ерлігі мен серілігінің ғасыры» деген Шоқан […]
Жаңалықтар
Белгілі дінтанушы Мұртаза Бұлұтайдың әкесі Жүніс қажы Рақисопыұлының қайтыс болуына байланысты туған-туыстарына көңіл айтамыз. Қазақтың “қаралы көшін” басынан өткерген қазына қарттың жатқан жары жәнатта топырағы торқа болсын! Марқұм ақсақал туралы аз-кем ақпаратты Мұртаза мырзаның фейсуктегі мына жазбаларынан біле аласыздар. Бауырлар, достар! Бүгін мен үшін азалы да қазалы күн, тек мен […]
Шежіре
Қазақ тарихында елі мен жері үшін күрескен ерлер баршылық. Өкінішке орай, олардың көпшілігінің ерлік істері туралы мағлұматтар бүгінгі ұрпаққа беймәлім. Осындай «ақтаңдақтардың» орнын толтыру бүгінгі тарихшылар мен әдебиеттанушылардың өзекті міндеті. Толарсақтан саз кешіп, шыбын жанын шүберекке түйіп, қазақ халқының тәуелсіздігі үшін өмірлерін жорықпен өткізген ұлы аталарымыздың есімдері қандай да құрметке […]
Кітапхана
Жазайын бісмілла деп қисса бастап, Керейдің әруақты ерін мақтап. Жасымнан үлкендерден көп естіген, Бұл өзі хикая еді жазса жасқы-ақ. Жәнтекей сүйіндіктен алды тарар, Алтыдан туған сары ру болар. Сарыдан Бақдәулет, Бердәулет боп, Бердәулеттен туған бір батыр ұл бар. Дейді екен оның атын ер Жәнібек, Бұл жайлы кеңес жаздым бір тәуір […]
Шежіре
Жоңғар шапқыншылықтарының қазақ даласын жаулауға мол дайындықпен, басым күшпен келген қолына қарсы аттанған Абылай басқарған қазақ қолы да қатты шайқасады. Сан жеңіліп, сан шегініп, сан жеңіп, ілгерлеудің бірінде қазақ қолы тағы шайлығып, қаша соғысады. Өкшелей қуған жауды тосқауылдап, төтеп беріп келе жатқан қолдың ішінде Абылай да бар болады. Алды жөңкіле […]
Соңғы пікірлер