Жаңалықтар
Алматы қаласында «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен шағын футболдан өткен дәстүрлі «ER JANIBEK CUP-2017» халықаралық турнирі мәресіне жетті. Биылғы турнир белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішевтің 90 жылдық мерейтойына арналды. Ойынның бірінші күнгі қорытындысы бойынша, екінші кезеңге “Қазақ Стамбұл” (Түркия), “Әмір” (Ресей, Саратов қаласы), “Байөлке” (Моңғолия), “Дастан” (Иран), “NFC Kazakhstan Павлодар” […]
Руханият
Жеңіс аға, өзіңіз басқарып отырған «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры күні ертең үшінші рет халықаралық деңгейдегі үлкен спорт додасын өткізуге дайындалуда. Алдымен осы шара жайлы тоқталып өтсеңіз? – Өткен жылы «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры тәуелсіздіктің 25 жылдығына және осыған тұспа-тұс келген Зуқа батыр Сәбитұлының 150 жылдық мерейтойына орай Алматыда […]
Руханият
«Зиялы қауымсыз жүрер жолымыз даңғыл бола алмайды. Зиялысы келіспей ел оңбайды. Сондықтан бүгінгі қазақ зиялылары өзіне заман жүктеп отырған ұлы міндетті яғни елдің тәрбиешісі, ұрпақтың ағартушысы, ұлттың жоқшысы, қамқоры, халықтың жетекшісі, келешектің барлаушысы болу парызын орындауға тиіс». Өзіндей зиялы қауымға осылай деп өсиет айтқан әдебиет тарихшысы, ғұлама ғалым Тұрсынбек Кәкішевке биыл 90 […]
Жаңалықтар
Қазақстанға көршілес елдерде ауқымды саяси өзгерістер рет-ретімен болып жатыр. Жылға жуық уақыт бұрын Өзбекстанда жаңа президент билікке келіп, елде бірқатар реформалардың қадамдарын жасады. Кеше ғана қырғыз елінде бесінші президенттерін сайлау науқаны болып өтті. Каспийдің оңтүстігінде жатқан Иран да президент сайлауы болып өтті. Біршама дипломатиялық келісімге жақын саналатын Хасан Рухани билігін […]
Бейнематериалдар
Алаш рухының Алтай топырағындағы көкбөрі бейнесі жайында осыған дейін қаншама құнды мәтериялдар жазылды. Бүгін сіздердің назарларыңызға Қазақстан Республикасы президентінің телерадиокешені арнайы жасаған жаңа деректі фильмін ұсынып отырмыз.
Жаңалықтар
Қазірге дейін Қытай Халық Республикасынан келген қандастарымыздың Қазақстанда тұрақты тіркелуіне және азаматтық алуына басты кедергі болып келген құжат – сотталмағаны туралы анықтама енді талап етілмейді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру […]
Шежіре
Түркияның Ақсарай қаласына қарасты Сұлтанханы ауданында қазақ тарихы мен мәдениетін таныстыратын саябақ пен музей құрылысын бастады. Сұлтанханы аудан әкімдігінің сондағы қазақтар үшін арнайы бөлген 3500 шаршыметрлік саябақта бетоннан салынатын киіз үй пішініндегі Қазақ музейінің іргетасы 15 қыркүйек күні қаланды, деп хабарлайды Baq.kz ақпараттық агенттігі. «Стамбұлдағы Қазақ білім және зерттеу қоғамының […]
Шежіре
Шыңжаң өлкесіне Қазақстан зиялылары екі түрлі кезеңде келе бастады. Бірі – 1916-1920 жылдары паналап келген Алаш зиялылары мен 30-ыншы жылдары ашаршылықта келген қазақ интеллигенциясы. Қазақтар Шың Дубан (盛世才) үкіметін құруда екіге жарылды. Шәріпхан төре бастаған ұлт зиялылары (солтүстік Шыңжаңдағы барлық қазақтар) қолындағы әскери, саяси күшті тоқтатып Шың Дубанмен тікелей саяси […]
Білім
Қазан айының 5-і күні ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында белгілі жазушы Жәди Шәкенұлының «Тамшыдай еңбегім Тәуелсіздік үшін…» атты шығармашылық кездесу кеші болып өтті. Аталмыш кездесу жаушы, журналист Ж.Шәкенұлының 50 жылдық мерейтойына арналды. Жиын барысында жазушының түрік тілінде шыққан «Қаралы көш» романы мен «Жүрек неге жылайды» атты әңгімелер жинағының таныстырылымы болды. Сондай-ақ, […]
Кітапхана
Қазан айының бесі күні Астана қаласында Алтайдан оуған елдің Гималай асқан қилы тағдырын көркем шығарма етіп суреттеген, өзі де сол Алтайда туып бұл күнде тәуелсіз ел құшағында ел үшін еңбек етіп жатқан жазушы, Қазақстан Жазушылар одағы мен Еуразия жазушылар одағының мүшесі, халықаралық Шыңғыс Хан академиясының академигі Жәди Шәкенұлының “Тамшыдай еңбегім Тәуелсіздік […]
Соңғы пікірлер