Руханият

Германияда қазақтың қос 100 жылдығы қатар тойланды.

 

Германияның Мюнхен қаласында Алаш Орда үкіметі құрылғандығының 100 жылдығы мен дін ғұламасы Халифа Алтайдың туғанына 100 жыл толғанын еске алу шарасы өтті, деп хабарлайды BAQ.kz.

Бұл туралы Германиядағы қандасымыз, қоғам қайраткері Өмірхан Алтын мәлімдеді.

Еске алу барысында Кеңес Одағы тарапынан және гоминдаң Қытай үкіметі тарапынан қуғын-сүргінге ұшыраған, әр кезеңдегі отаршылдық пен зұлмдық саясаттарының құрбанына айналған, гималай асып көшкен және басқа да тарихи қиын кезеңдер еске алынды. Баяндамал жасалып, сөз сөйленді.

Алаштың ардақты ұлдары Халифа Алтай, Әлихан Бөкейхан, Зуқа Сәбитұлы, Міржақып Дұлатұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабайұлы және Мұстафа Шоқай бастаған барлық Алаш орда қайраткерлеріне, миллиондаған ашаршылық құрбандарына, ел-жері үшін жанын қиған барлық шәиттерімізге арнап құран оқып, ауызашар берді.

Шараға Мюнхендегі қазақ ағайындармен қатар басқа да мұсұлмандар келді.

Естеріңізге сала кетейк, өткен жылы да Германия және басқа да еуропа елдерінде Түркі жұртының даңқты ұлы, Алаштың ардаларының бірі Зуқа батыр Сәбитұлының 150 жылдығы кең көлемді аталып өткен болатын. Ұлыларымызды ұлықтаудың бұндай шаралары Еуропа елдеріндегі қандастарымыз арасында да дәстүрге айналып келеді.

www.BAQ.kz

Теги: , , , ,

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*