Шежіре

ЕР ЖӘНІБЕК – ОТАНШЫЛ БАТЫР

2006 жылғы «Еліне ұран болған Ер Жәнібек» Атты ғылыми конференцияда сөз алған Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің(ол кезде инситут) Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Ердәулет Тұрбекұлы Берлібаев осындай тақырыппен сөз бастап еді.

Жоңғар заманындағы алапат соғыстарды тілге тиек еткен ғалым: «Дәл осы кезеңдегі ерекше маңызды тарихи мәселе казақ бірігу рухының пайда болуы 1723-1724 жылдардағы ірі жеңістерден соң аймақтарда жасақтар қүрыла бастады, оларды халық арасы-нан шыққан батырлар басқарды. Осындай қиын кезеңде Әбілхайыр хандардың, Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің, қолбасшылар Қабанбай, Райымбек, Бөгенбай, Жәнібек, Қарасай, Наурызбай батырлардың даңқы шықты» – дей келіп, ойларын былай жалғаған:

«Тарихымыздың күрделі беттерінің бірі – бір жарым ғасырға жуық уақытқа созылған жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күрес. Жәнібек батыр осы күрделі қиын кезеңнің бел ортасында бол-ган қазақ елінің тәуелсіздігі үшін күрескен атақты тұлға. Халық осын-дай батырларының ерлігімен, бірлігімен тәуелсіздігін сақтап қалды».

Одан ары сөз толғаған Ердәулет Тұрбекұлы тәуелсіз Қазақ Ордасының даңқты қолбасшысы, көреген саясатшы, көрнекті мем-лекет қайраткері Абылай бастаған күрестің қанды майданында болған Жәнібек сынды ерлердің отан тұғырын бекемдеу жолындағы еңбектеріне аялдайды.

Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін жазылған 2002 жылғы 5 томдық Қазақстан тарихының 3-ші томында Қаракерей Қабанбай, Мүйізді Өтеген бастаған 40-тан астам қолбасшы батырлардың тізімінің бел ортасында Керей Жәнібек Бердәулетұлының есімі де құрметпен жазылғанын да (Қазакстан тарихы, Атамұра баспасы, Ал-маты, 2002 ж, 267 бет) тілге тиек етеді.

«Қазақ халқының құрып кету қаупі төнген осынау апаттан аман сақтап қалған батырлардың қай-қайсысы да ел тарихында ал-тын әріптермен жазуға тұрарлық тұлғалар» – деп, батыр бейнесіне құрметпен қараған ғалым ендігі жерде тарихи құжаттарды сараптай келіп, Жәнібек батырдың Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай т.б. батырлармен тізе қоса отырып, жоңғар басқыншыларына қарсы соғыстың аяғына дейін қатынасқанын баяндайды.

Осындай сарабдал ойларын ортаға салған Е.Берлібаев осыдан кейін Ер Жәнібек жайындағы тағы бір жайларды ұшықтап, мынадай әңгіме қозғайды:

«Кезінде кейбір бұрмалаушылар Жәнібек батырды Қытайға ауған елден бөлінген деп кінәлайды. Мысалы: Идеологияландырылған саясат ыңғайына сай Н.С.Смирнованың «Абылай туралы жыр» аңыздарды зерттеуіңде: «халықгың аңыз жырларыңда Абылайдың Ре-сейден іргені аулақ салуына бұқараның қарсы болғаны аңғарылады» деп Абылайдың келісуімен Жәнібек батырдың Керей руымен бірге орыстардың шекарасынан аулақ көшіп бара жатқан жолда ауруға шалдығып қаза болуын «керейлерге кұт әкелген» халықтан бөлінуінен болған іс ретінде көрсетіледі. (Қазақ тарихи жырларының мәселелері. //А., Ғылым, 1979, 312 б.). Бұл жөнінде Қазақ энциклопедиясында: 1731 жылы Әбілқайыр Ресей империясының бодандығын кабылдаған кезде, Жәнібек Керей тайпасын бастап Сыр бойынан көшіп, Қособа тауына келіп қоныстанады. Осы арадан Алтайдың Ақтау төңірегіндегі кейін «Жәнібек асуы» деп аталып кеткен асудан асып 1760 жылы Абақ Керей руын Алтай тауының қазіргі Шынжан өлкесіне қарасты мекеніне апарып қоныстандырған деген жолдар тұр. («Қазақ ұлттық энциклопедиясы», III том. 396 бет).

Бізге 1756-57 жылдары қазақ билеушілері екі ірі топпен басып кірген Цин империясы әскерімен қантөгіс ұрыс жүргізгені белгілі. 1997 жылы Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ерекше тапсыр-масымен Қазақ хандығы мен Цин империясы арасындағы қарым-қатынастарға байланысты құжаттар жиналып, 1998 жылы «Санат» ба-спасынан жарық көрді. Жоғарыдағы пікірді қытай архивінен алынған деректерде растайды:

Әмірсананы қуғындау үшін қазақ жеріне ішкерілей енген Дардана, Хадаха генералдар Әмірсананы ұстай алмады, олардың сылбырлығынан Қазақтың Абылайы да құтылып кетті. Сол үшін екі генерал ауыр жазаға тартылуы тиіс… (Қазақстан тарихы: зерттеулер, құжаттар. 100 құжат. Алматы, Санат, 1998 ж. 30 б).

Осы деректер мәлімдегендей Чин империясының табысы көп, шығыны аз болса екі генерал ауыр жазаға тартылмас еді. 1957 жылы қытай әскерімен Аякөз маңыңда тағы шайқас болды. Біздің пайым-дауымызша осы шайқастарға Керей руларымен Жәнібек батырдың да қатысуы әбден мүмкін. Олай дейтініміз, бұған дейін қазақ еліне сыртқы басқыншылар тарапынан болған соғыстарда әйгілі болған батырдың қауіп төнгенде осы аймақта бола отырып, Абылай жасағында болмауы еш негізсіз».

Өз ойларын осылай жалғастырған ғалым ендігі әңгімені Абылай мен Жәнібек төңірегінде өрбіте келіп, батырдың еңбегіне шынайы баға береді:

«Нағыз ерлер ер атанамын деп ерлік жасамайды. Ерлік өлшемі ізгілік. Жәнібек бастаған батырлар ерлігі – ізгілікке толы. Оның мақсаты жерді, елді қорғау, келер ұрпаққа өмір сүру кеңістігін анықтау. Жәнібек батырдан ерлердің ізгілігі бізге сабақ. Батырлар қорғаған кең мекеңді еңдігі ұрпақ көзіміздің қарашығындай сақтауымыз ке-рек. Жәнібек батырдай ерлердің ұлы ісіне бас ию, құрмет. Бүгінгі біздің алып мекенімізді батырлар корғап қалмаса, олардың ісі ерлікке толы болмаса, бүгінгі баға жетпес ата мекенімізді кім бізге сақтап қалар еді. Қорыта айтқаңда, елін, жерін азат етуде, жоңғар басқыншыларына қарсы күресте Ер Жәнібек сынды батырдың тари-хи рөлі зор. Жәнібек батыр қазақ жерін жоңғар шапқыншыларынан азат етуде үлкен ерлік көрсеткен тұлғаның бірі. Соңдықтан Жәнібек батыр сияқты ерлеріміздің ерлігі жас ұрпақты отан сүйгіштік рухта тәрбиелеуге әбден лайықты. Ер Жәнібек жауына катал, досына адал, қазақ елі үшін өзін құрбан етер отаншыл батыр», – деп мақаласын қорытындылайды.

Жәди Шәкенұлы

Теги: , , , , ,

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*