Шежіре

Қажымұқанның жеңістері

101.jpg.pagespeed.ce.OSNZqrhUQY1890 жылдың қазан айында Қажымұқан тұңғыш рет үлкен күреске түседі, күрес 1891 жылдың наурыз айына дейін созылады. Осы күресте Иван Зайкин секілді бірнеше белді балуандарды жығады. Иван Поддубныймен бас бәйгеге таласып, одан жеңіледі. Қажымұқан өмірінің соңына дейін Поддубныймен достығын, оның адамгершілігін мақтап өткен адам.

1892 жылы Қазан қаласында циркте күресіп, бірінші бәйгені және мың сом алтын ақша, бір алтын медаль алады.

1896 жылы Поддубный мен Қажымұқан Францияға барып Ресей атынан күреседі. Екеуі бірінші және екінші жүлдені бөліседі.

1896 жылдың көктемінде Парижде, соңынан жүз елуге тарта дүние жүзінің әйгілі балуандары жиналған Берлинде күреседі. Осы күреске келген Поддубный ауырып қалады. Ресей атынан Қажымұқан жалғыз күресіп, ағылшын балуаны Пирар Колос екеуі бірінші және екінші орынды бөліседі. 1889 жылы Парижде Қажымұқан Пирар Колосты жеңеді.

1901 жыл. Омбы қаласында Ресейдің атақты балуаны Злобинмен күресіп, циркте өнер сөрсетті.

1906 жыл. Гамбургте (Германия) оқу-жаттығу, тәжірибе курсынан өтеді.

1906 жылы Берлин қаласында өткен Еуропа біріншілігінде француз күресін халықаралық дәрежеде паш етеді. Сол жолы Еуропа құрлығының жеңімпазы атанды.

1907 жыл. Петербор. Фарс паркіндегі біріншіліктің финалында и.Поддубныймен тең түседі.

1908 жыл. Киевте халықаралық біріншіліктің жеңімпазы атанды.

1909 жыл. Омбы, Новосібір, Барнауыл, Иркутск, Орынбор, Түмен, Қызылжар, Кереку, Баянауыл, Семей, Өскеменде күресіп, өнер көрсетеді.

1909 жылы Ригада халықаралық «Алыптардың отаны» деп аталатын біріншілік өтіп, 65 балуан қатысады. Финалда Алекс Абергтен жеңіліп, кіші алтын медаль алып, екінші орынға шығады.

1909 жыл. Швецияның Гетеборг қаласында дүниежүзілік француз күресінен үлкен алтын медаль үшін жарыс өтеді. Финалдық айқаста Абергпен кездесіп, екеуі екі күн күресіп, бірін-бірі ала алмайды, екеуіне де үлкен алтын медаль беріледі.

1909 жылы қыркүйекте Гамбург чемпионатында Қажымұқан Абергпен финалға шықты. Г.Лурих Қажымұқанға финалда Абергтен жеңілуін сұрайды, бірақ Қажымұқан оған көнбеді. Лурих екеуінің арасындағы қатынас осымен аяқталады.

Сол жылы Варшавадағы жарысқа қатысып , финалда Шемякин мен Марк Готтан ұтылып, үшінші орын алады.

1910 жылы Оңтүстік Америкадағы Аргентинаның Буэнес-Айрес қаласында еркін күрестен Америка құрлығының жеңімпазы атанады.

1910 жылы Германияда Берлин қаласында дүние жүзінің чемпионы Ганц Кауынды жеңіп, «Дүние жүзінің чемпионы» атанады.

1911 жылы Польша королі Сегизмундке арналған «Король Сегизмунд белдігі» атты жарыста екінші орынды иеленіп, 1912, 1913, 1914 жылдары осы белдіктің иегері атанады.

1912 жылы Саратовта, Нижний Новгородта өткен Ресей біріншілігінде кіші алтынғ үлкен күміс медаль алады.

1912 жылы Бельгияның Генте қаласында өткен халықаралық жарыста Қажымұқан бірінші орын алып, үлкен алтын медаль тағады.

1913 жылы Парижде өткен Әлем біріншілігінде Поддубный екеуі финалға шығады. Осы жолы «Ағаның жолына әдепсіз таласады», – деп Мұқан Поддубныйды кілемнен көтеріп, бірінші орын осы кісінікі деп, алаңнан алып кетеді.

1913 жылы Брюссельде Франция мен Ресейдің жүзден аса балуандары жиналған жарыста Қажымұқан үлкен күміс медаль алды.

1913 жылы Тбилисиде өткен біріншілікте Поддубный, Аберг, Қажымұқан бірін-бірі жыға алмай, бас бәйге үш балуанға бөлінеді. Қажымұқан осы жолы 8 кіші медаль, екінші орынға берілетін кіші алтын медаль қосып, 9 медальды жеңіп алады.

Сол жылы Парижден Петерборға келгеннен соң Мұқанға Париждегі жеңістері үшін патшаның бюсті салынған үлкен медаль беріледі.

1914 жылы Парижде (америкалық) еркін күрестен халықаралық жарысқа қатысады. Ол Махмут деген лақап атпен күреседі. Осы күресте Қажымұқан еркін күрестен Әлем чемпионы атанады.

1914 жылы Американың Нью-Йорк қаласына келеді. Соңынан Сан-Францискоға келіп, атақты балуандармен күреседі. Америкадан Қажымұқан Мәскеуге 1915 жылдың басында оралады.

1915 жылы Үнді, Қытайда болады.

1915 жылы Хабаровск қаласында өткен халықаралық біріншілікте финалдық айқасқа үлкен алтын медальды алу үшін Поддубный мен Қажымұқан шығады. Бұлар екі күн бойы ұдайы күресіп, бір-бірін жеңе алмай тең түседі, бірінші, екінші орынды бөліседі.

1915 жылы Саракики Джиндофудан хат келіп, ондай Ресей балуандарын Харбинге шақыратындықтарын айтады. Сол жарысқа бойы 2 м.10 см. Болған Қытай балуаны Ци-Хо-банг және жапонның Саракикиі қатысады.

Поддубный мен Қажымұқан он бес күн бойы күресіп қарсылас балуандардың бәрін жеңіп шығады. Жартылай финалда «Шығыс жұлдызы» Саракики мен қажымұқан кездеседі. 15 минут ішінде Қажымұқан Саракикидің жауырынын жерге тигізеді.

Поддубный мен қажымұқан финалдық айқаста екі күн күресіп, бірін-бірі жеңе алмайды. Бас жүлде екеуіне де тең бөлінеді, бірақ жарыс ұйымдастырушылары жүлдені бермейтінін айтып, кім Саракиді жапон күресі бойынша жеңсе жүлде соған берілетіндігін хабарлайды.

Саракикимен «Иттің күресі болса да күресемін», – деп Қажымұқан күреске шығады. Күрес аяғында Қажымұқан Саракикидің ернінен жоғары қарай тартып, бас терісін сыпырып алады.

1916 жылы. Қажымұқан Түркия, Мысыр, Иран елдерінде күреседі.

Хижраның 1286 жылы Стамбулда Түріктің даңқты балуаны Нұрланы жеңеді.

Соңынан Мекке мен Мединеге барады. Осында Джилда қаласында ұйымдастырылған күреске 25 адам қатысады.

Қажымұқан осы жолы бәрін жеңіп, оған «Азия мен Африка чемпионы» деген жазуы бар алтын медаль және 5000 риал ақша тапсырылады.

1923 жылы Қоянды жәрмеңкесінде Қажымұқан мен Қытайдың әйгілі балуаны Мао-Дән-Фу күреседі. Жасының ұлғайғанына қарамай Қажымұқан күреске шығып, жеңеді.

1927 жылы Қажымұқанға «Қазақ даласының Батыры» атағы берілді.

el.kz

Теги: , , , , ,

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*