Articles written by: erjanibek

Тұрсынбек Кәкішевтің 90 жылдығына орай шағын футболдан халықаралық турнир өтеді
Жаңалықтар

Тұрсынбек Кәкішевтің 90 жылдығына орай шағын футболдан халықаралық турнир өтеді

2017 жылдың 21-22 қазанында филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішевтің 90 жылдығына орай «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың спорт кешенінде дүние жүзі қазақ жастары арасында шағын футболдан дәстүрлі «ER JANIBEK CUP» халықаралық турнирі өтеді.  Осыған орай, бар өмірін қазақ әдебиеті сынын зерттеу мен Алаш арыстарын жоқтауға […]

Дәулеткерей Кәпұлы. Ақыт Үлімжіұлының қазақ әдебиетіндегі орны
Әдебиет

Дәулеткерей Кәпұлы. Ақыт Үлімжіұлының қазақ әдебиетіндегі орны

Ақыт Үлімжіұлы ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде ХХ ғасырдың басында  өмір сүрген қазақтың ірі ғұламаларының бірі. Қазақтың тірісінде кітабы баспа көрген тұңғыш қаламгері. Жазба әдебиеттің көш басшыларының бірі. Ақыт жырлары Қазақстанға әлі де кеңінен таныс бола қойған жоқ. Тек 2007 жылы Алматыда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспасынан «Жиһаншаһ» атты жыр жинағы […]

Фото:QT
Руханият

Отырарда Алаш автономиясының 100 жылдығы тойланды.

 Биыл Алаш партиясының құрылғанына 100 жыл. Қазақ деп ыстық қаны мен маңдай терін, ақыл-парасатын арнап өткен Алаш арыстарының тойы ЭКСПО қарбаластығымен көлеңкеде қалып қойғаны бәрімізді қынжылтатын жағдай еді. Алайда осыған орай айтулы шара тоғызыншы тамыз күні ОҚО Отырар  ауданында дабыралы түрде тойланып өтті. Алаш партиясының 100 жылдығы аясында, Отырар ауданы […]

Асқар Татанайұлы: Қазақ хандығының құрылуы һәм Абылай хан
Кітапхана

Асқар Татанайұлы: Қазақ хандығының құрылуы һәм Абылай хан

Асқар Татанайұлы (1906-1996) Қытай елінің Алтай жерінде өмір сүрген аса шежіре һәм білімпаз тұлға. Қытай Халық жазушысы (1988). 20 жыл айдауда болған қайраткер. Өзінің саналы ғұмырында ағартушылықпен айналысқан. 1933 жылдан бастап Алтай жерінде ұстаздық етті һәм Ахмет Байтұрсынов әліпбиін қолданып тұңғыш газет шығарды. Сонымен қатар көптеген дастандар жазды. 1980 жылдардың […]

Мағаз Разданұлының 90 жылдығы
Шежіре

Мағаз Разданұлының 90 жылдығы

Мағаз Разданұлы 1924-ші жылы ҚХР, СУАР, Алтай аймағының, Буыршын ауданындағы Дулайты ауылында дүниеге келген. 1940-1944-ші жылдары өз жері “Жеңісті” мектебінде оқытушы болған, 1947-1957-ші жылға дейін Қытай жазушылар қоғамы Шін Жаң бөлімшесінде істеген. Арада 20 жылдай Қытайдың солақай саясатының кесірінен соққыға ұшырайды. 1979-1981-ші жылдары Буыршын аудандық мәдениет мекемесінде жалғасты қызмет атқарады. […]

Тұрсынбек Кәкішев “Келбет” бағдарламасында
Руханият

Тұрсынбек Кәкішев “Келбет” бағдарламасында

Тұрсынбек Кәкішев (1927 жыл – 08.09.2015 жыл) – әдебиетші, ғалым, сыншы. Филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері. «Оңаша отау» (1982) кітабына енген «Абайтанудың алғашқы асулары»атты мақаласында қазақ әдеби сынындағы Абай шығармашылығы төңірегінде атқарылған істерге, оның ұлттық сыни- ғылыми ойдың даму эволюциясындағы көрінісіне, Абай шығармаларын зерттеуші ғалымдардың бұл іске қосқан үлесіне, жекелеген […]

Ұлан БАПАЙ. Арқада қыс қатты болмаса ақбөкен ауып несі бар
Кітапхана

Ұлан БАПАЙ. Арқада қыс қатты болмаса ақбөкен ауып несі бар

ХІХ ғасырдың 60 жылдарынан басталған Алтайдан қоныс аударған Абақ керейлердің көші бір ғасыр шамасында жалғасты. Олар Шынжаңның жер-жеріне, Қобда бетіне, Гансу, Шиңхай өлкелеріне қоныс аударды. Тіпті бір бөлім ел Гималай асып, Европаға дейін кетті. Алтайдай атамекенді артқа тастап, “ағажайлап” ауған елде не мақсат болды? Неге ел үдіре көшті…? Бұл туралы […]

«ЕЛ ҚОРҒАҒАН ЕР ЖӘНІБЕК» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЙТЫС (2 бөлім)
Бейнематериалдар

«ЕЛ ҚОРҒАҒАН ЕР ЖӘНІБЕК» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЙТЫС (2 бөлім)

2015 жылы 17 маусым Астанадағы «Бейбітшілік және келісім» сарайында өткен  Ер Жәнібек Бердәулетұлының 300 жылдық мерейтойына арналған «Ел қорғаған Ер Жәнібек» атты халықаралық айтыс.     Айтысты «Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры ұйымдастырған. Бұл айтыстың бас жүлдесі – КІА автокөлігін Еркебұлан Қайназаров жеңіп алды, ал 1-орынды павлодарлық […]

«Ел қорғаған Ер Жәнібек» атты халықаралық айтыс (1 бөлім)
Бейнематериалдар

«Ел қорғаған Ер Жәнібек» атты халықаралық айтыс (1 бөлім)

2015 жылы 17 маусым Астанадағы «Бейбітшілік және келісім» сарайында өткен  Ер Жәнібек Бердәулетұлының 300 жылдық мерейтойына арналған «Ел қорғаған Ер Жәнібек» атты халықаралық айтыс. Айтысты «Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры ұйымдастырған. Бұл айтыстың бас жүлдесі – КІА автокөлігін Еркебұлан Қайназаров жеңіп алды, ал 1-орынды павлодарлық Аспанбек Шұғатаев […]

ІІ. Дүниежүзілік Соғыста Түркістан Легионы және Ақиқаты
Жаңалықтар

ІІ. Дүниежүзілік Соғыста Түркістан Легионы және Ақиқаты

Бүгінгі «тарих айдынында» сұхбатымызда, қазақ тарихының талас-тартысты мәселелерінен ІІ дүниежүзілік соғыста Кеңестік армиядан немістерге тұтқын түскен, кейін Түркістан легионының құрамында болған жауынгерлердің аянышты тағдырына тоқталамыз. Бұлардың барлығы ұлт қаһарманы. Өкінішке орай Кеңестік үгіт-насихат оларды туған халқына сатқын ретінде көрсетті. Енді сол есіл ерлердің ақиқаты туралы әңгімелеп береміз – деп жазды «Түрік […]