Руханият
Бүгін Алматыда «Қазпочта» АҚ Алматы қалалық орталық филиалында атақты Абайтанушы ғалым, ақын, жазушы, аудармашы Қайым Мұхамедхановтың 100 жылдығына орай, «Естелік және мерейтойлық күндер» сериясы бойынша «Қайым Мұхамедхановтың туғанына 100 жыл» тақырыбында пошталық марка айналымға шығарылды. Ізгі шараға Қайым Мұхамедхановтың туыстары, солардың ішінде қызы Дина Мұхамедханова, ақын Маралтай Райымбекұлы, Абайтанушы ғалым […]
Руханият
Олимпиада ойындарын алғаш рет гректер емес, түркілердің ата-бабалары өткізген. Қазақстанның Еңбек сіңірген бапкері Өтепқали Құралов осылай дейді. Өз зерттеулерінің нәтижесінде тұтас кітап жазып шыққан автор тарихи дәйектерді де келтіреді. «Прототүркілер және антикалық ойындардың өмірге келуі» деп аталатын 135 беттік кітап еуразиялық көшпенділердің тарихына арналған. Басылым авторы 150-ге жуық анықтаманы, сөздіктер […]
Шежіре
Қытайдағы қазақ балуандарының арасында мойны озық тұратын және кейінгі ұрпақ жалғастыратын сара жол салған ұлттық күрес майталмандарының есімдері елдің мәңгілік жадында. Қайысбай балуан Өр Алтай, Баркөл, Мори, Ақсай өңіріне аты әйгілі Қайысбай Иісұлы 1866 жылдары туып, 1960 жылдары өмірден өткен. Атап айтқанда, Алтай аймағының Сарғусын деген жерінде дүниеге келген атақты […]
Руханият
Астана қаласына жол түсіп, біраз күн бас шаһарды араладым. Онда да ежелгі таныстар, ағайын-туыстар бар дегендей, бір аптаның төңірегінде соларда қонақ болдым, қаладағы мәдени, тарихи ескерткіштерді тамашаладым, қысқарта айтқанда, жаңа шаһардан үйге қанағатты сезіммен оралдым. Осы жайлардың ішіндегі бөле-жара айтарым – әйгілі жазушы, қоғам қайраткері, бәрімізге бала жасымыздан өзінің «Тоқаш […]
Руханият
Бұл әңгімеде қазақтың бас ақыны, хакім Абай Құнанбайұлына жиырма жеті жыл жолдас болып, адал қызмет еткен Көкше Қиқымбайұлы Қарасақаудың қалай атшабары болғаны туралы айталған. Хикая Б.Байғалиев құрастырған «Жүрегімнің түбіне терең бойла» Абай туралы естеліктер жинағынан алынған. 1877 жылы шамасында Абай болыс болды деген ұзынқұлақ хабар таралып жүрді. Абайдың болыс болуына […]
Руханият
Тектінің ұрпағы да текті болады екен ғой. Қолымызға түскен құжаттар осы сөзімізді айғақтайды. Түбіне тартып туса, несі айып?.. Алайда қазақтың намысы мен мүддесі жолында бас тіккен хакім Абайдың ұрпақтары мен туыстарын бүгін біріміз білсек, біріміз білмейміз. Астананың іргесіндегі «АЛЖИР» мемориалды мұражайының директоры Болат Жүнісбеков бұл құнды деректерді сонау Семейден алдырыпты. […]
Руханият
Қаңлылардың әлемдік өркениетке қосқан өзіндік үлесі бар. Ертедегі шумерлерді кенгірлер-қаңлылар деп атаған. Қаңлылар Африкада, Индонезияда, Солтүстік-Шығыс Вьетнамда, Суматра және Ява аралдарын мекендеген. Әлемде өркениет тіпті қаңлылардан бастау алады деуге болады. Қаңлылар металл балқытуды меңгерген әлемдегі үш халықтың бірі болып саналады. Олардың шығу тегі туралы Ресей зерттеуші-ғалымы Б.Грозный «Шумер (кенгірлер-қаңлылар) халқы […]
Руханият
Шыңғыс хан империясы құрамында Солтүстік Моңғолдары (Халка) қырық түменді құраса, ал Батыс Моңғолдары (Жоңғарлар) төрт түменді құрап, олар төрт Ойраттар аталды. Негізінен олар ірі төрт ру елден құралды (Торғауыт, Хошауыт, Дүрбіт, Чорос). Олар дербес хандық құрып (1635-1758), біртіндеп жер көлемдерін ұлғайта бергендігі тарихта мәлім. Жоңғар нояндары Даваци мен Әмірсана арасындағы […]
Руханият
by erjanibek × 2016 ж. Маусым 23, 12:29 +06 |
Туылған!.. Қазақ тілінің табиғатына жат, түйеден түскен емес, жер астынан жарып шыққандай, сұмпайы, сөлекет сөз. Заманымыздың заңғар тұлғасы, әлемге әйгілі ұлы ақынымыз Мүнхаузен пәленбайыншы жылы туылған. Ол туылған, мен туылғам, сен туылғансың!.. Сұмдық қой. Тіл бұзу ғана емес, түйте-долаң сауатсыздық көрінісі. Арыдағы мың жылдық эпостарымызды айтпайық, қазақ әдеби нұсқалары таңбаға […]
Жаңалықтар
by erjanibek × 2016 ж. Маусым 22, 12:23 +06 |
Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшілер үйінде Қытайдағы қазақ ақындарының өлеңдері топтастырылған «Сексеуілдің шоғы» атты өлеңдер жинағының тұсаукесері өтті. Басқосуды Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары Жанарбек Әшімжан ашып, жүргізіп отырды. Алғашқы сөз жинақты шығаруда ерекше еңбек сіңірген Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбайға берілді. – Жинаққа енген ақындарының […]
Соңғы пікірлер