Соңғы жазбалар

Қатира Қалиқызы «Моңғол еліне еңбек сіңірген қайраткер» атағымен марапатталды.
Жаңалықтар

Қатира Қалиқызы «Моңғол еліне еңбек сіңірген қайраткер» атағымен марапатталды.

12 шілде, Ғұн империясына 2230 жыл, Ұлы Моңғол мемлекетіне 815 жыл, Ұлт азаттық қозғалысына 110 жыл, Моңғол Халық революциясының төңкерісіне 100 жыл, Демократиялық қозғалысқа 32 жыл толуына орай Моңғолия Президенті У.Хүрэлсүх жарлық шығарып білім, денсаулық, ауыл шаруашылығы және мәдениет саласында абыройлы қызмет атқарған 5 азаматқа «Моңғол еліне еңбек сіңірген қайраткер» […]

Монғолиялық қандасымыз Құлын Алтынбекқызы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Жаңалықтар

Монғолиялық қандасымыз Құлын Алтынбекқызы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Польшаның Кельц қаласында бокстан өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында 51 келі салмақ дәрежесінде моңғолиялық қазақ боксшы қыз Құлын Алтынбекқызы қола жүлдегер атанды. Ол бүгін жартылай финалдық кездесуін ресейлік Валерина Линовамен өткізіп, 5:0 есебімен ұтылып қалды. Айта кетейік, бұған дейін украиналық Дарья-Ольга Гутаринаны және Қазақстандық Гүлнар Тұрапбайды жеңіп, жартылай финалға […]

Шыңғыстаудағы қоңырау тастар
Білім

Шыңғыстаудағы қоңырау тастар

  Қойнауы құпияға толы Шыңғыстаудың ішіндегі көп қыстаудың бірінде қайдан келгені белгісіз қой тастар жатыр. Жай жатқан жоқ, ептеп ұрып көрсеңіз шетінен ән салып қоя береді. Дәлірегі қоңыраудың сыңғырындай үн шығарады. Ұлылардың қонысы болған қасиетті Шыңғыстаудың солтүстік беткейінен Шаған мен Ащысу, оңтүстігінен Бақанас, Дағанделі, Көксала өзендері бастау алады. Абайды тамсандырған […]

1911 жылы Барлыбек Сыртанұлы жазған алғашқы Қазақ Конституциясы
Кітапхана

1911 жылы Барлыбек Сыртанұлы жазған алғашқы Қазақ Конституциясы

І. Қазақ елі республикасының жеке болуы турасында   Қазақ елі халық билейтін һәм қазақи ерекшеліктері бар ел. Қазақ елінің жеке туы бар. Туы жасыл, қызыл һәм сары көлденең жолақтардан жасалады. Басындағы бұрышта ай һәм жұлдыздың суреті бар. Жасыл түс – елдің исламға берілгендігінің белгісі, қызыл – ел қорғауда төгілген қан, сары […]

Қазақтар дайындайтын ұлттық тағамның 10 түрі
Фотогалерея

Қазақтар дайындайтын ұлттық тағамның 10 түрі

Бесбармақ Моңғолия қазақтарының дәстүрлі етті тағамы. Бесбармақ отбасылық мейрамдар немесе қонақтарды қарсы алған кезде әзірленеді. Сыйлы қонаққа бас, жамбас тартылады. Кей өлкеде еттің сорпасы қатықпен езіліп қоюландырылған тұздықпен беріледі. Қуырдақ Қазақтар, моңғолдарда ет сарымсақпен қуырылып берілетін дәстүрлі тағам. Қуырдақ жаңадан сойылған қой немесе сиыр және жылқы етінен: бауыр, жүрек, өзге […]

«Тас Маймылды» қазақша сөйлеткен дыбыс актері Бәтима Қызданаева
Руханият

«Тас Маймылды» қазақша сөйлеткен дыбыс актері Бәтима Қызданаева

Қытай елінде өмір сүрген қандасымыз, белгілі актер Бәтима Қызданаеваның өмірбаяны мен шығармашылық жетістіктері туралы мақала жарық көргенін Қазақпарат агенттігі хабарлады. Аталған дереккөздің жазуынша, Қытайдағы қандастарымыздың арасынан шыққан білікті ұстаз, композитор, үздік дыбыс актері Бәтима Қызданаева 1936-шы жылы Тарбағатай аймағының Дөрбілжін ауданында туған. 1952-1955-ші жылдары Үрімжі ән-би ансамблінде, 1955- 1965-ші жылдары […]

Ержанат Байқабайұлының “БОТАЛАР НЕГЕ БОЗДАЙДЫ” жыр жинағының тұсауы кесілмек.
Жаңалықтар

Ержанат Байқабайұлының “БОТАЛАР НЕГЕ БОЗДАЙДЫ” жыр жинағының тұсауы кесілмек.

18 мауым күні, Алматыда ақын Ержанат Байқабайұлының “БОТАЛАР НЕГЕ БОЗДАЙДЫ” жыр жинағының тұсаукесері өтеді.  Белгілі айтыскер Ержанат Байқабайұлы бұл кітабін Жәйірдің жырауы атанған ақиық ақын Жәркен Бөдешұлының рухына арнап жазған. Жинақта Жәркен жыраудың туған жері мен өскен ортасы, қилы тағдыры ақын тіліне тиек болып, көркем образбен бейнеленген. Артынан ерген ұрпағы, […]

Баян-Өлгийден шыққан граффити-суретші қыз.
Жаңалықтар

Баян-Өлгийден шыққан граффити-суретші қыз.

Сәуле Серікбайқызы, туған жері – Баян-Өлгий аймағы. Дарын орта мектебінің түлегі. Қазақстан Республикасының Қарағанды Мемлекеттік Университетін Бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша тәмамдаған. Граффити — ғимарат қабырғаларына, металл бұйымдарға сызылған және жазылған арнау мәніндегі және магиялық тұрмыстық сипаттағы жазулар деп түсінуге болады.   Бұл менің таңдауым Бала күнгі арманым суретші […]

Аян АДЕНҰЛЫ: Кавказдағы қазақ рулары
Шежіре

Аян АДЕНҰЛЫ: Кавказдағы қазақ рулары

Кавказда VIII-ХVII ғасырлар аралығында өмір сүрген касах-кашактар біздің қазақтың бір бөлігі ме, басқа ма? Осы сауалдың нақты жауабын табу аса маңызды нәрсе.   Кейінгі орыс тілді казактардың арғы тегі Қазақ екенін академик Бартольд жазған, оны Мұрад Аджи де нақтылайды. Ресей тарихшылары да ХІХ ғасырдағы Дон казактарының ескі сөздері киргиз-кайсак (қазақ) сөздерімен […]

Мағаз Разданұлы: Көк маржан (Әңгіме)
Кітапхана

Мағаз Разданұлы: Көк маржан (Әңгіме)

Бұл отырғандарды исі Жәнтекейдің игі жақсыларының түгел тобы деуге болмайтындай. Өйткені, мұнда тізгін ұстап тұрған мөр иелерінен бірде-біреуінің төбесі көрінбейді. Есінеу көп, ентігу аз. Тәрізі, әлжуаз топтың әлсіз жиыны болса керек. Қойдан қоңыр Жәдік нәсілі болса бір сәрі; аптығын қанжығасына байлана жүретін «Шақабай» ұрандыға мына момындық жараспай-ақ тұр.