Соңғы жазбалар

ҚазҰУ-да «Студенттік көктем» байқауының жеңімпаздары анықталды
Білім

ҚазҰУ-да «Студенттік көктем» байқауының жеңімпаздары анықталды

Биылғы наурыз мейрамы кезінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,  ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің “Тәуелсіздік бәрінен қымбат” мақаласындағы Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасына сәйкес, «Студенттік көктем-2021» көркемөнерпаздар байқауын онлайн форматта өткізді. Бұл туралы бізге ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті деканның оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Амирканов Марат Болысбекұлы хабарлады. Байқаудың мақсаты […]

ҚазҰУ-да білім алып жүр талай қандас баласы…
Білім

ҚазҰУ-да білім алып жүр талай қандас баласы…

Ел егемендігін алған тұста шетелде тұратын қандастарымыз тарихи Отанына орала бастады. Тәуелсіздік арқылы қазақ ғасырлар бойы аңсаған арманына қол жеткізді. Тәуелсіздігіміздің арқасында Отанына жете алмай жүрген қандастарға үлкен мүмкіндік туды. Міне осыған орай шетелде жүрген миллиондаған қандастарымыздың ұрпағы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен алыс және жақын шет елдердегі этникалық […]

ХХ ғасырда Алтайда өткен ақын Оянған Ыңғайұлының сатиралық бір өлеңі.
Кітапхана

ХХ ғасырда Алтайда өткен ақын Оянған Ыңғайұлының сатиралық бір өлеңі.

Оянған Ыңғайұлы. (1914-1972) Қытайдың Алтай аймағы, Буыршын ауданында өмір сүрген ақын. ХХ ғасырдағы қытай қазақ әдебиеті өкілдерінің бірі. Ақынның жазбаша және ауызша тараған бірқатар шығармалары бүгінге жетіп отыр. Оянған Ыңғайұлының «Мұңлық жыр», «алтыншы айдың он төрті», «Баянның бетке басарларына», «шөпке түскенде», «Нұрғабылға», «Күшіктің зары», «Ыдырыш пен қасқырдың айтысы», «Екі құрдас», «Жалқауға» секілді өлең толғаулары бар.

Бүгін сіздерге ақынның сатиралық үлгіде жазылған «Алтыншы айдың он төрті» атты өлеңін ұсынып отырмыз. Бұл өлең қазір Текелі қаласында тұратын Нұрлан Темірханұлының қолжазба дәптерінен алынды.

Наурызда Mонғолдың “TALAN” телеарнасы қазақ дәстүрін кеңінен дәріптеді.(Видео)
Жаңалықтар

Наурызда Mонғолдың “TALAN” телеарнасы қазақ дәстүрін кеңінен дәріптеді.(Видео)

21 Наурыз. Монғолдың “Талын” телеарнасында «Жыл басы Наурыз – 2021»  атты бағдарлама көрерменге жол тартты,-деп хабарлайды KAZNEWS сайты. Бағдарлама Моңғолия Жастар одағының Ұланбатыр қаласындағы Баян-Өлгей жастар бөлімшесі мен Нұрбек Жырғауұлы жетекшілік ететін «Өлгейімнің өркені» мемлекеттік емес ұйымының қолдауымен ел назарына ұсынылды.  Бағдарламада қазақ халқының салт дәстүрі дәріптеліп, Моңғол халқына Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы туралы кең көлемде ақпарат берілді.

Мұхтар Мағауин: ЖҰМАБЕК ТƏШЕНОВ
Руханият

Мұхтар Мағауин: ЖҰМАБЕК ТƏШЕНОВ

Орыс-совет отарлық қыспағындағы қандыбалақ ХХ ғасыр – Əлихан Бөкейханов пен Смағұл Садуақасовтан соңғы кезеңдегі бірден-бір ұлттық мемлекетшіл, қайтпас қайраткер, қазақ халқының қаһарман перзенті Жұмабек Тəшеновті мен бағзы бір дəуір – студент кезімде тым жақыннан, бірақ сырттай екі рет көріппін. Алғашқыда, 1959 жылдың басы болса керек, Қазақ университетіне, студенттермен кездесуге келді. […]

ЕР ЖӘНІБЕКТІҢ ҚАРТАЙҒАН ШАҒЫНДА КЕШІРМЕЛЕРІН  ЕСКЕ АЛУЫ
Шежіре

ЕР ЖӘНІБЕКТІҢ ҚАРТАЙҒАН ШАҒЫНДА КЕШІРМЕЛЕРІН ЕСКЕ АЛУЫ

Жәнібек батыр тар жол, тайғақ кешулерін былай еске алады екен: – Майдандасып жау түсіруді ерлігім деп санамаймын, қаптаған жаумен шайқассаң өткір найзаның ұшымен, тұлпар аттың күшімен, қайратыңа әдіс-амалыңды қосып жеңесің. Сен оны алмасаң, ол сені алады. Талай-талай қан майданды бастан кешірдім, тар жол, тайғақ кезеңдерден өттім, майданда жау түсірмей қайтқан […]

Талапбек Азанбай: Арулар – аққулар-ай
Әдебиет

Талапбек Азанбай: Арулар – аққулар-ай

Барлық Аналардың, Арулардың 8 наурыз халықаралық мерекесіне арнаймын!
Мерекелеріңіз құтты болсын!!
Талапбек АЗАНБАЙ

Тәуелсіздік бәрінен қымбат
Білім

Тәуелсіздік бәрінен қымбат

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы – халқымыздың өткеніне мен бүгінін бағалайтын, болашағына бағдар беретін парасатты бастамасы жайында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ЖОО-ға дейінгі  дайындық кафедрасында ұстаздар ұыжымы арасында 6 мамыр күні пікір сайысы (бұл жайында мәліметті www.kaznu.kz  сайтынан толығырақ біле аласыздар)  ұйымдастырылып, Президентіміздің мақаласында көтерілген мәселелердің маңыздылығы […]

Ұдайы ізденісте жүретін ұлағатты ұстаз
Білім

Ұдайы ізденісте жүретін ұлағатты ұстаз

Бегалиева Айша Карипжановна, Алматы облысы ауылдық округінде 1958 жылы еңбекші отбасында дүниеге келді. 1965 жылы онжылдық мектебінің 1-сыныбына барды, 1976 жылы онжылдық мектепті бітірді. 1979 жылы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті тарих факультетіне түсіп, 1985 жылы тарих және қоғамтану пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша бітірді. 1979 жылы наурыз айынан 1980 жылға дейін […]

Нұрғажат Қапақұлы: Дәулетше тәйжінің көк тас таңбасы…
Алтай аңызы

Нұрғажат Қапақұлы: Дәулетше тәйжінің көк тас таңбасы…

Дәулетше Ертісұлы Ботақараның батыр Тыныбек атасының жетінші ұрпағы. Дәулетше Ертісұлы Ботақара руының байырғы мекені Алтайдың Алақағында 1871 жылы дүниеге келді. Балалық шағы өзінің сүйікті ата қонысы Алақақта өтті. Дәулетше Ертісұлы бала кезінен жаны жайсаң кең пейілді сабырлы болып өсті, ел-жұрты, туыс- туғаны, ата-анасы Дәулетшені Дәулетім деп еркелетіп өсірді. Ол бала жасынан сөзге сондай шешен, ағайын туыстың арасында болып жататын ұсақ-түйек дау шарларды, әдемі тілімен шешіп беріп, ағайын туысты берекелестіріп жүрді. Ағайын туыс арасында болып тұратын өлім-жітім, қысылтаяң жағдайда жол тауып беріп жүрді. Міне осындай үсақ-түйек ағайын арасындағы жұмыстармен араласа жүріп, ел көзіне түсе бастады. Ол қыдырып бір ауылға түссе, сол ауылдың ұсақ-түйек балалары бірақ сол үйге баратын, сол үйдің дастарқанына қойылған дәнді сол балаларға үлестіріп беріп отыратын еді. «Берсең балалаға бер», – деген сөз осыдан қалған шығар ау шіркін!