Жаңалықтар
by erjanibek × 2021 ж. Наурыз 21, 23:31 +06 |
21 Наурыз. Монғолдың “Талын” телеарнасында «Жыл басы Наурыз – 2021» атты бағдарлама көрерменге жол тартты,-деп хабарлайды KAZNEWS сайты. Бағдарлама Моңғолия Жастар одағының Ұланбатыр қаласындағы Баян-Өлгей жастар бөлімшесі мен Нұрбек Жырғауұлы жетекшілік ететін «Өлгейімнің өркені» мемлекеттік емес ұйымының қолдауымен ел назарына ұсынылды. Бағдарламада қазақ халқының салт дәстүрі дәріптеліп, Моңғол халқына Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы туралы кең көлемде ақпарат берілді.
Руханият
by erjanibek × 2021 ж. Наурыз 15, 14:08 +06 |
Орыс-совет отарлық қыспағындағы қандыбалақ ХХ ғасыр – Əлихан Бөкейханов пен Смағұл Садуақасовтан соңғы кезеңдегі бірден-бір ұлттық мемлекетшіл, қайтпас қайраткер, қазақ халқының қаһарман перзенті Жұмабек Тəшеновті мен бағзы бір дəуір – студент кезімде тым жақыннан, бірақ сырттай екі рет көріппін. Алғашқыда, 1959 жылдың басы болса керек, Қазақ университетіне, студенттермен кездесуге келді. […]
Шежіре
by erjanibek × 2021 ж. Наурыз 12, 21:30 +06 |
Жәнібек батыр тар жол, тайғақ кешулерін былай еске алады екен: – Майдандасып жау түсіруді ерлігім деп санамаймын, қаптаған жаумен шайқассаң өткір найзаның ұшымен, тұлпар аттың күшімен, қайратыңа әдіс-амалыңды қосып жеңесің. Сен оны алмасаң, ол сені алады. Талай-талай қан майданды бастан кешірдім, тар жол, тайғақ кезеңдерден өттім, майданда жау түсірмей қайтқан […]
Әдебиет
Барлық Аналардың, Арулардың 8 наурыз халықаралық мерекесіне арнаймын!
Мерекелеріңіз құтты болсын!!
Талапбек АЗАНБАЙ
Білім
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы – халқымыздың өткеніне мен бүгінін бағалайтын, болашағына бағдар беретін парасатты бастамасы жайында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасында ұстаздар ұыжымы арасында 6 мамыр күні пікір сайысы (бұл жайында мәліметті www.kaznu.kz сайтынан толығырақ біле аласыздар) ұйымдастырылып, Президентіміздің мақаласында көтерілген мәселелердің маңыздылығы […]
Білім
Бегалиева Айша Карипжановна, Алматы облысы ауылдық округінде 1958 жылы еңбекші отбасында дүниеге келді. 1965 жылы онжылдық мектебінің 1-сыныбына барды, 1976 жылы онжылдық мектепті бітірді. 1979 жылы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті тарих факультетіне түсіп, 1985 жылы тарих және қоғамтану пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша бітірді. 1979 жылы наурыз айынан 1980 жылға дейін […]
Алтай аңызы
Дәулетше Ертісұлы Ботақараның батыр Тыныбек атасының жетінші ұрпағы. Дәулетше Ертісұлы Ботақара руының байырғы мекені Алтайдың Алақағында 1871 жылы дүниеге келді. Балалық шағы өзінің сүйікті ата қонысы Алақақта өтті. Дәулетше Ертісұлы бала кезінен жаны жайсаң кең пейілді сабырлы болып өсті, ел-жұрты, туыс- туғаны, ата-анасы Дәулетшені Дәулетім деп еркелетіп өсірді. Ол бала жасынан сөзге сондай шешен, ағайын туыстың арасында болып жататын ұсақ-түйек дау шарларды, әдемі тілімен шешіп беріп, ағайын туысты берекелестіріп жүрді. Ағайын туыс арасында болып тұратын өлім-жітім, қысылтаяң жағдайда жол тауып беріп жүрді. Міне осындай үсақ-түйек ағайын арасындағы жұмыстармен араласа жүріп, ел көзіне түсе бастады. Ол қыдырып бір ауылға түссе, сол ауылдың ұсақ-түйек балалары бірақ сол үйге баратын, сол үйдің дастарқанына қойылған дәнді сол балаларға үлестіріп беріп отыратын еді. «Берсең балалаға бер», – деген сөз осыдан қалған шығар ау шіркін!
Алтай аңызы
Абақ керей Сарыарқа жерінен көшіп шығысқа келіп Қабатау, Шар, Қызылсу, Зайсаң, Көкпекті жеріне ірге теуіп қоныстанады. Жылдар өте Абақ керейдің батыры Ержәнібек қартайған шағында 1786 жылдары Керейдің ел ағалары Шәу жырау, Барлыбай, Байқан, Маман, Шаған, Шегетайлар ел жайында ақыл сұрай барыпты, сонда Жәнібек батыр қоныс толы ауылы, өріс толы малы […]
Алтай аңызы
Соғыс ардагері Толыкбаев Досымханатамыздың ерлікгін жырлаған шағын дастан
Алтай аңызы
Қуаныш Ілияс: Халқының жүрегінде Болмас ақын Аңдатпа:2005-жылы мамыр айында алтай қаласы абитан қалашығы қызыл үйеңкі қыстағындағы ақын атаның қара шаңырағына барған едік. бақыт болмас ұлының бастауында, ол кісі жайында көптеген матерялдарға ие болдық. бұл мақала да сол сапар да жазылды… -автор Халқының жүрегінде Болмас ақын, Болмастай енді қайта болмас […]
Соңғы пікірлер