Соңғы жазбалар

Шаймұрат Қамзаұлы: ҚАМШЫГЕР (Әңгіме)
Кітапхана

Шаймұрат Қамзаұлы: ҚАМШЫГЕР (Әңгіме)

  Қамшыгер (Әңгіме) Алты таспа бұзау тіс,  Былжырамай аттан түс!   − Халық тәмсілі    Үдіре көшкен ауыл күн еңкейе көкөзектің бойындағы көк шалғынға іліне итарқа мен ұраңқайларын тігісті. Мал мамырлап, малшы дем алып, балалар:  «Ауыл-ауыл»,  «Күрке-күрке» дейтін ойындарын ойнап жадырап жазылып жатқанда, сауыт киіп, қылыш асынған оншақты адам бір топ […]

Бохийн Бааст: Алтайдың көк дөнені (әңгіме)
Алтай аңызы / Руханият

Бохийн Бааст: Алтайдың көк дөнені (әңгіме)

«Сіздің қобызбен тартқаныңыз Жәнібектің көк аты туралы ма?  » – Деп сұрадым. «Я, бырақ оның атауы – Алтайдың көк дөнені. «Тамаша ат екен» . Гецелжав аға шай қайнатуға кірісті. Менің түсімдегі ат пен алтайдың көк дөнені екеуінің тағдыры ұқсас екендігін айттым. «Сенің түсің аян беріп тұр. Сен есейгенде белгілі адам боласың»,-деді Гецелжав аға.  

Елдес ОРДА: Биыл Көгедай ордасының дербес әкімшілік билігі жойылғанына 100 жыл
Шежіре

Елдес ОРДА: Биыл Көгедай ордасының дербес әкімшілік билігі жойылғанына 100 жыл

Биыл Алтай өлкесінің Шыңжаң (Синьцзян) провинциясына өз еркінен тыс қосылғанына 100 жыл толып отыр. (1920-2020) 1920- жылға дейін Синьцзян мәселесіне Алтай өлкесі қамтылмайтын-ды. Алтай өлкесі 130 жылдай орталық үкіметке жеке қарап келді де, 1919-1920 жж арасындағы ішкі-сыртқы саяси һәм гео-стратегиялық мәселелерге байланысты жеке өлке статусы біржолата жойылған еді. Синьцзян губернаторы Яң-ның қолқа салуымен Алтай өлкесі Синьцзян провинциясының қарауына өтті.

Талапбек АЗАНБАЙ: ҚАН БАЗАРДА ҚАРА НАР(Баллада)
Кітапхана

Талапбек АЗАНБАЙ: ҚАН БАЗАРДА ҚАРА НАР(Баллада)

Жүретұғын көшкенде иесі артып, Машинаңнан қазақтың түйесі артық. Қан базарда сойылған бұл түліктің, Бізді бір күн жүрмесін киесі атып.   Құт бар сенде, жоқ бырақ сана дарын, Қу тірліктің кім білген жараларын. Қандай қыйын жолыңда жүк қалмаған, Қара жердің қайығы ең , қара нарым.   Бірге туған ұлтыммен егізбе едің, […]

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ: Қасиетті сапардан қалған мұра
Шежіре

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ: Қасиетті сапардан қалған мұра

Мына фотоның тарихы естіген адамды ынтық­тырары хақ. Мұнда төрт адамның сол жақ шетінде отырған ұлты түрік Мехмет Гүл дейтін ыстанбұлдық кәсіпкер екен. Одан кейінгі басына қозы терісінен тігілген сеңсең тымақ киген жағалы палтолы адам – Жанымхан Тілеубайұлы. Бұл кісі 1888 жылы Шыңжаң-Алтай өлкесінде туған. 1945 жылдары Шығыс Түркістан жұмқыриятының қаржы министрі болған. 1952 жылы Үрімші қаласында атылған. Ал оң жақта шетте отырған қияқ мұрты сұсты адам – Қапан Жәңгірұлы. Бұл жігіт Жанымханның аталас ағайыны. Артқы жақта түрегеп тұрған бозбала – түркиялық қазақ ақсақалы, Дүниежүзі қазақтары қaуымдaстығының Төрaлқa мүшесi болған, «Парасат» орденінің иегері – Дәлелxaн Жaнымxaнұлы Жaнaлтaй. Дәкең 1922 жылы Шыңжаң-Aлтaй жерінде дүниеге келіп, 2012 жылы Түркияда дүниеден өтті.

kinopoisk.ru
Бейнематериалдар

Чарльз Чаплин: “Үлкен қала оттары” фильмі (City Lights)

Хасен Қалибекұлы ОРАЛТАЙ: “EЛIM-АЙЛАП” ӨТКЕН ӨМІР (2 бөлім)
Алтай аңызы

Хасен Қалибекұлы ОРАЛТАЙ: “EЛIM-АЙЛАП” ӨТКЕН ӨМІР (2 бөлім)

Қысқаша мағлұмат: Хасен Қалибекұлы Оралтай, әлемге танымал халықаралық қаламгер — 1933 жылы Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағындағы Майлы-Жайыр жайлауында туған. Ауыл мектебінен сауатын ашқан. 1945-жылдан бастап Шығыс Түркістан ұлт-азаттық көтерілісі жетекшілерінің бірі болған әкесі Қалибек хакім Райымбекұлының қолғанаты болған. 1947 жылдан бастап “Үш аймақ” үкіметіне наразылық танытып, Кеңес одағының империялық саясатына қарсы шығып, Қызылөзеннен Еренқабырғаға қоныс аударған. 1949-жылдан бастап қуғынға ұшырап, жазалау әскерімен соғыса жүріп тұз қақтаған Такламакан шөлін кесіп өтіп, Тибеттің қуаң Саржонын басып, ыс басқан Гималай тауын асып, 1951жылы Үндістанның Кашмир аймағына өткен. 1954-жылы Түркияның Салихлы қаласына тұрақты қоныстанған. Түрік, ағылшын тілін меңгеріп, шетелдік саяхатшыларға арналған дүкен мен қонақ үйде қызмет істейді. Сонда танысқан американдық әскерилердің ықпалымен 1957 жылы

НАТО-ның Ізмірдегі әуе күштері мекемесіне қызметке алынады. I960 жылдан бастап бірыңғай қаламгерлікпен айналысқан. “Бұйұк Түркелі” (1962), (Түркелі” (Ізмір) журналдарын, “Коммунизммен күрес” (Ізмір, 1965) газетін ашқан. 1967 — 1988 жылдары Мюнхендегі “Азаттық” радиосының қызметкері, 1988 жылдан бастап “Азаттық” радиосы қазақ бөлімінің директоры боды. 1993-жылы Алматыда қазақ бөлімінің бюросын ашты. 1995 жылы зейнетке шықты. Қазір Мюнхенде тұрады.

“Шығыс Түркістан қазақ түріктері — азаттық жолында”(1961), “Бұйүқ түрікшіл Мағжан Жұмабаев (1965), “Алаш — Түркістан түріктерінің ұлт-азаттық ұраны” (1971), “Алтайдағы қанды күндер” (1977), “Қазақша — түрікше сөздік” (1984), “1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстан оқиғалары” (1988) және осы жинақта үзінділері қысқартылып беріліп отырған “Елім-айлап” өткен өмір” (1999, Станбол, 2005, Алматы) атты ұлтжанды кітаптардың авторы. Естеліктің баспаға дайындағандар Т.Жұртбай мен Е.Сіләмханұлы.

Талапбек Азанбай: “Ботақара батыр” дастаны (аудио)
Бейнематериалдар

Талапбек Азанбай: “Ботақара батыр” дастаны (аудио)

“Ботақара батыр” дастаны. Жазған: Талапбек Азанбай Орындаған: Есқат Нұрәли https://erjanibek.kz/wp-content/uploads/2020/10/Ботақара3.jpg  

Хасен Қалибекұлы ОРАЛТАЙ: “EЛIM-АЙЛАП” ӨТКЕН ӨМІР (1 бөлім)
Кітапхана

Хасен Қалибекұлы ОРАЛТАЙ: “EЛIM-АЙЛАП” ӨТКЕН ӨМІР (1 бөлім)

Оспан батырдың “Үш аймақ” үкіметіне қарсы шығуы Совет Одағының қысымының нәтижесінде Шығыс Түркістан армиясының жеңістен-жеңіске ұласқан екпінді шабуылын кенет доғарып, қытаймен келіссөз жүргізуге мәжбүр болуы жұртшылық арасында: “…Бұл істің артында орыстар бар екен. Орыстар армияның алға тарта беруіне кедергі жасапты”, — деген сияқты сыбыс-жорулардың тарауына жеткізді. Үрімжіде қол жеткен келісім […]

Мұхаметжан ЮСУПОВ: ТҮРМЕ ҚАТИРАЛАРЫ
Кітапхана

Мұхаметжан ЮСУПОВ: ТҮРМЕ ҚАТИРАЛАРЫ

Мұхаметжан Ғабдулкаримұлы Юсуп Батыс Қытайдағы Тарбағатай аймағының орталығы Шауешек қаласында 1897 жылы (құжатта 1896 жыл деп көрсетілген) ескіше 1-қаңтар, жаңаша 14-қаңтарда дүниеге келген. Әкесі Ғабдулкәрім (лақабы Керімтай) XIX ғасырдың 70-75 жылдарында Бұхарадан Құлжаға барып, одан 90- жылдары Шауешекке келген. Шешесі Зульхижа найманның қаракерей табының тума жұртынан. 1902 жылдан бастап медіресе де, […]