Соңғы жазбалар

Майра
Жаңалықтар

Майра

Әнші Майра Мұхамедқызы 1969 жылы 5-қыркүйекте Қытай Халық Республикасында дүниеге келген. Өмірге шыр етіп келгенде оның даусы бүкіл бөлмені жаңғыртып жіберіпті. Сонда әкесі анасына «Дүниеге сенің ізбасарың келді» деген екен. Майраның әкесі Мұхамед Әбдіқадырұлы – композитор, профессор, музыка зерттеу саласы бойын­ша көптеген кітаптардың авторы. Анасы Камал Қуанышқызы әнші, Қытай Халық […]

Мағаз Разданұлы
Руханият

Мағаз Разданұлы

Мағаз Разданұлы 1924 жылы қазіргі Қытайдың Алтай аймағы Буыршын ауданында дүниеге келген. М.Разданұлы қытайдағы қазақ әдебиетінің өсуіне, өркендеуіне ұлан-қайыр үлес қосқан қабырқалы қаламгер, ақын, жазушы. “Алтайдың ақиықтары”, “Кебенек кигеннің тойы” сыныды туындылары халық арасына кеңінен таралған.

Ақыт Үлімжіұлының 1882 жылы жазылған қолжазбасы табылды
Руханият

Ақыт Үлімжіұлының 1882 жылы жазылған қолжазбасы табылды

Мәдени сенсация, Ақыт Үлімжіұлының “Пайғамбарлар тарихы” атты 1882 жылы жазылған өз қолжазбасы табылды. Халиолла Нұртазаұлы ақсақалдың қолында сақталған қолжазба Ақыт қажының осы уақытқа дейін сақталған бірден-бір қолжазбасы болып отыр. Халиолла Нұртазаұлының айтуынша қолжазба бұл кісінің қолына 1990 жылдардың басына түскен. Халық арасынан мәдени мұраларды жинау мекемесінде қызмет атқарған Халиолла ақсақалдың қолына кездейсоқ түскен қолжазба […]

Сұраған Рахметұлы. Қазақ Ордасы және Ойраттар (1456-1697 жж)
Шежіре

Сұраған Рахметұлы. Қазақ Ордасы және Ойраттар (1456-1697 жж)

Бүгінгі күн тәртібінде тұратын мәселелердің ең мәртебелісі – ұлт мәселесі. Дүние әлемнің бір үлкен мүйісінде қазақ деген бір шоғыр этнос қалыптасты. Өзіндік мәдениеті мен  менталитеті бар, өзіне тағдырдан берілген қасиеті бар осы қазақтар. Ұлы шежіреші Мұхтар Мағауин бұны «…ежелгі түрік жұртының қыпшақ тектес руларын біріктірген ұлы мемлекет…» деді. Күре тамыры […]

Арқалық батыр
Шежіре

Арқалық батыр

Арқалық батыр Абақ керейдің әйгілі батырларының бірі. Ол «Арқалық батыр» жыры арқылы күллі қазаққа әйгіленген тұлға. «Арқалық батыр» жыры – қазақ халқының өткен тарихынан, салт дәстүрінен хабар беретін, танымдық-тәрбиелік, көркемдік маңызы аса зор рухани мұраға айналды. Жырға арқау болған оқиғалар нақты тарихи оқиғалар негізінде өмірге келді және  керей елінің 18- […]

Керей хандығы
Шежіре

Керей хандығы

Керей тайпасына негізделіп, 10-11 ғасырлар шамасында үстемдік етіп, Моңғол империясы құрамына кірген және 18-19 ғасырларда өмір сүріп Қазақ хандығы құрамына кіретін «Керей хандығы» атты екі ұлыстың бұл жолы соңғысы  туралы әңгіме етеміз.  Қазақ хандығының Орта жүз құрамына  қыпшақ, қоңырат, керей, уақ,  арғын, найман атты  алты арыс ел кіретіні белгілі.  Орта азия […]

Қазақ баспасөзі «Қансонар» журналымен толықты
Жаңалықтар

Қазақ баспасөзі «Қансонар» журналымен толықты

Кеше Ұлттық академиялық кітапханада «Қансонар» журналының тұсаукесер рәсімі салтанатты жағдайда өтті. Шараны басылым демеушісі – «Қансонар» республикалық қауымдастығының төрағасы Оралбай Әбдікәрімов ашып, жүргізіп отырды. Алғашқы саны оқырманға жол тартқан басылымның бас редакторы – Сағидолла Көшімбаев. Қазақ баспасөзін тың тақырып­пен толық­тырған үнжария аңшылар мен табиғат жана­шыр­ларына арналған. Онда саят­шылық, аңшылық өнердің […]

Таласбек Əсемқұлов. АШТЫҚ ЖӘНЕ СОҒЫС. САНАНЫҢ КҮЙЗЕЛІСІ…
Кітапхана

Таласбек Əсемқұлов. АШТЫҚ ЖӘНЕ СОҒЫС. САНАНЫҢ КҮЙЗЕЛІСІ…

САНАНЫҢ КҮЙЗЕЛІСІ Аштықтың салдарынан адамның ішкі дүниесі, кісілік салттары, бүкіл моральдық тұлғасы оңалмас, түбегейлі өзгерістерге ұшырайды. Ұзаққа созылған аштық адамның рухани келбетін аздырады. Біртұтас «мен» бір-біріне кереғар бірнеше «мен»-ге ыдырайды. «Аштық көп жағдайда «аштықтың сандырағы» деп аталатын психикалық күйзеліске әкеліп соғады. Әрине, ашығу белгілі бір дәрежеге дейін психикалық симптомсыз-ақ өрістей […]

Шәкәрім мен Зияд қытайда
Шежіре

Шәкәрім мен Зияд қытайда

  ШӘКӘРІМ МЕН ЗИЯД ҚЫТАЙДА   Арғы шақ аласапыранының әңгімелері   Қытай қазақтары ішіндегі үлкендердің еске алуынша, өткен ғасырдың басқы онжылдықтарында, Абай ғана емес, Шәкәрім Құдайбердіұлының (1858 ж. 11 шілде. Семей. Кеңбұлақ. – 1931ж. 2 қазан. Шыңғыстау) ақындығы, жазушылығы, философтығы, тарихшылығы, композиторлығы, текті атаның ұрпағы екені, отаршыл империяның қырына алынған […]

Америка барлаушысы Маккиернан мен Оспан батыр
Шежіре

Америка барлаушысы Маккиернан мен Оспан батыр

Шыңжандағы ұлт азаттық күрестің қолбасшысы, күрделі тұлға Оспан батыр туралы тарих ғылымдарының докторы Р.Болд жазған бұл байсалды зерттеу Моңғолияның «Өнөөдөр»  («Бүгін») газетінде (2012.05.16. №113) жарық көрген болатын. Дала көкжалының Америка барлаушысымен әріптес болғандығы бүгінгі әскерилерге де бір ой салатындай. АҚШ Орталық барлау басқармасының (ЦРУ) директоры М.Хайден «Шын мәнісінде қызметтік міндетін атқарып […]