Соңғы жазбалар

Қанат Ислам: «Астана арландарына» қайтып оралмаймын
Жаңалықтар

Қанат Ислам: «Астана арландарына» қайтып оралмаймын

«Астана» президенттік клубына қосылсаң, «Арландар» сапына қайта қабылдауға дайынбыз, деп Бақтияр Артаев арнайы кездесіп, ұсыныстарын айтты. Бақтияр ғана емес, «Астана арландары» кәсіби бокс клубының директоры Болат Манкенов ағамыз да қайта келуімді сұраған. Рио-де-Жанейро Олимпиадасына жолдамаға таласуыма мүмкіндік бар екенін де айтты. Мен бас тарттым, – дейді боксшы Қанат Ислам «Sport» […]

Біртуар жазушы Мұхтар Мағауин 74 жаста
Жаңалықтар

Біртуар жазушы Мұхтар Мағауин 74 жаста

Тарихшы, жазушы, қазақтың ауыз әдебиетін зерттеушісі ғалым. Филология ғылымдарының докторы, Мемлекет сыйлығының лауреаты (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1996) – Мұхтар Мұқанұлы Мағауин 74 жасқа келді. 2 ақпан ұлы жазушының туған күні. Жазушының туған күніне құтты болсын айтамыз. Мұхтар Мұқанұлы Мағауин — 1940 жылы 2 ақпанда Семей облысының Шүбартау ауданында туған. 1962 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, […]

ЖӘНІБЕК БАТЫРДЫҢ АБЫЛАЙДЫҢ ОҢ ТІЗЕСІНЕН ОРЫН АЛУЫ
Шежіре

ЖӘНІБЕК БАТЫРДЫҢ АБЫЛАЙДЫҢ ОҢ ТІЗЕСІНЕН ОРЫН АЛУЫ

Жоңғар шапқыншылықтарының қазақ даласын жаулауға мол дайындықпен, басым күшпен келген қолына қарсы аттанған Абылай басқарған қазақ қолы да қатты шайқасады. Сан жеңіліп, сан шегініп, сан жеңіп, ілгерлеудің бірінде қазақ қолы тағы шайлығып, қаша соғысады. Өкшелей қуған жауды тосқауылдап, төтеп беріп келе жатқан қолдың ішінде Абылай да бар болады. Алды жөңкіле […]

Таласбек ӘСЕМҚҰЛОВ. Сұлулықта ояну
Руханият

Таласбек ӘСЕМҚҰЛОВ. Сұлулықта ояну

Бүгінгі кітап саудасы Кезінде мүмкін болғанынша әлем әдебиетін қадағалап отырушы едік. Бұл жерде ескерте кететін бір жайт бар. Мен, заманында шет тілдерді меңгере алмаған қазақ жазушыларының әулетіненмін. Батыстың, Шығыстың классикасын түпнұсқадан оқи алмадық, тіл білмегендіктен. Алайда, кем-кетігімізді орысша оқып толтырдық, себебі, орыс мәдениеті әлемдегі үйренуге, игеруге татитынның барлығын қадағалап, үйреніп, […]

БАҚ – Жәнібек батырдың туғанына – 300 жыл
Жаңалықтар

БАҚ – Жәнібек батырдың туғанына – 300 жыл

“Қазақстан” ұлттық арнасы Халқымызда ел есінде қалған Жәнібек есімді ерлер көп. Солардың бірі – Хан Абылай тұсындағы батырлар заманында туған Ер Жәнібек. Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте айрықша батырлығымен, шешендігімен, мәмілегерлігімен аты шыққан – Жәнібек Бердәулетұлы.   Ғұмырын қазақтың елдігіне арнап, халықтың жолында ерен еңбек сіңірген батырдың туғанына биыл – 300 […]

Nazarbayev University профессоры жастық эликсирі туралы аңызды жоққа шығарды
Жаңалықтар

Nazarbayev University профессоры жастық эликсирі туралы аңызды жоққа шығарды

Назарбаев университеті қартаюға қарсы бағыттағы ғылыми зерттеулері бойынша көңілге қонымды нәтижеге қол жеткізді. Өмір туралы ғылым орталығының бас директоры Жақсыбай Жұмаділов Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында осы сала ғалымдарының бүгіндері немен шұғылданып жатқандығынан кеңінен сөз тарқатты. Ең бірінші кезекте ол Оксфорд университеті және Кардиффа университетімен бірлесіп зерттеп жатқан жобаларымен таныстырды. Аталған жоба қартаю […]

Елдік пен ерліктің туы болған Ер Жәнібек
Жаңалықтар

Елдік пен ерліктің туы болған Ер Жәнібек

2014 жылы қаңтардың  29 күні Алматы қаласындағы Ұлттық Баспасөз клубында Елдік пен Ерліктің туы болған қазақтың хас батыры Ер Жәнібектің  300 жылдық мерей тойына арналған баспасөз жиыны өтті. Жиында Ер Жәнібек бабамыздың 300 жылдық мерей тойын өткізу туралы алдын ала жоспарланған іс-шаралар таныстырылып, ел ағалары Ер Жәнібектің қазақ өміріндегі алатын […]

Таласбек Әсемқұлов: “Мен үшін өнер – бір өзі мұрат, бір өзі жол”
Жаңалықтар

Таласбек Әсемқұлов: “Мен үшін өнер – бір өзі мұрат, бір өзі жол”

– Таласбек аға, сіздің жазушы ретінде қалыптасуыңызға әлем әдебиетінің және туған әдебиеттің қандай өкілдері әсер етті, әуелі осыларды айтып кетсеңіз. – Кесіп-пішіп айту қиын. Ойымша, «Кім және нендей жайттар әсер етті?» деген дұрысырақ болар. Себебі, менің өмірімде болған және болмақ жайттардың барлығы да менің жазушы ретінде қалыптасуыма әсер етті және […]

АБЫЛАЙ ХАННЫҢ ЖӘНІБЕКТІ СЫНАУЫ
Шежіре

АБЫЛАЙ ХАННЫҢ ЖӘНІБЕКТІ СЫНАУЫ

Жас батыр Жәнібектің жау алдындағы қайраты аңыз болып, ел ішіне тез жайылады да, Абылай хан оны жете сынамақ болады, сол ойдың орайы бораны күркіреп, жаңбыры сіркіреп бір күннің түніне тура келеді. Жорыққа аттанған Абылайдың қалың қолы нөсерлі қою қараңғы түнді жамыла иендегі ағаш бейіттен бірер шақырым өтіп барып түседі. Күз […]

Жәнібек батырдың балалық шағы туралы
Шежіре

Жәнібек батырдың балалық шағы туралы

Жәнібек батырдың әкесі Бердәулет арғынның қара кесек руынан шыққан Қазыбек бидің қызымен үйленгеннен кейін, бірнеше жыл бала көрмей жүріп, соңында Жәнібекті көріпті. Перзентке зар ата-ана жас нәрестенің шілдехана тойын жасап, болашақ батырдың алғашқы таңын әнмен атырады. Әйелдерді шақырып, қалжасын беріп, ат шаптырып бесік тойын жасайды. Әкесі Бердәулет баласына ат қойғызарда […]