Кітапхана
Жазайын бісмілла деп қисса бастап, Керейдің әруақты ерін мақтап. Жасымнан үлкендерден көп естіген, Бұл өзі хикая еді жазса жасқы-ақ. Жәнтекей сүйіндіктен алды тарар, Алтыдан туған сары ру болар. Сарыдан Бақдәулет, Бердәулет боп, Бердәулеттен туған бір батыр ұл бар. Дейді екен оның атын ер Жәнібек, Бұл жайлы кеңес жаздым бір тәуір […]
Жаңалықтар
«Астана» президенттік клубына қосылсаң, «Арландар» сапына қайта қабылдауға дайынбыз, деп Бақтияр Артаев арнайы кездесіп, ұсыныстарын айтты. Бақтияр ғана емес, «Астана арландары» кәсіби бокс клубының директоры Болат Манкенов ағамыз да қайта келуімді сұраған. Рио-де-Жанейро Олимпиадасына жолдамаға таласуыма мүмкіндік бар екенін де айтты. Мен бас тарттым, – дейді боксшы Қанат Ислам «Sport» […]
Жаңалықтар
Тарихшы, жазушы, қазақтың ауыз әдебиетін зерттеушісі ғалым. Филология ғылымдарының докторы, Мемлекет сыйлығының лауреаты (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1996) – Мұхтар Мұқанұлы Мағауин 74 жасқа келді. 2 ақпан ұлы жазушының туған күні. Жазушының туған күніне құтты болсын айтамыз. Мұхтар Мұқанұлы Мағауин — 1940 жылы 2 ақпанда Семей облысының Шүбартау ауданында туған. 1962 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, […]
Шежіре
Жоңғар шапқыншылықтарының қазақ даласын жаулауға мол дайындықпен, басым күшпен келген қолына қарсы аттанған Абылай басқарған қазақ қолы да қатты шайқасады. Сан жеңіліп, сан шегініп, сан жеңіп, ілгерлеудің бірінде қазақ қолы тағы шайлығып, қаша соғысады. Өкшелей қуған жауды тосқауылдап, төтеп беріп келе жатқан қолдың ішінде Абылай да бар болады. Алды жөңкіле […]
Руханият
by erjanibek × 2014 ж. Қаңтар 31, 11:41 +06 |
Бүгінгі кітап саудасы Кезінде мүмкін болғанынша әлем әдебиетін қадағалап отырушы едік. Бұл жерде ескерте кететін бір жайт бар. Мен, заманында шет тілдерді меңгере алмаған қазақ жазушыларының әулетіненмін. Батыстың, Шығыстың классикасын түпнұсқадан оқи алмадық, тіл білмегендіктен. Алайда, кем-кетігімізді орысша оқып толтырдық, себебі, орыс мәдениеті әлемдегі үйренуге, игеруге татитынның барлығын қадағалап, үйреніп, […]
Жаңалықтар
by erjanibek × 2014 ж. Қаңтар 31, 11:28 +06 |
“Қазақстан” ұлттық арнасы Халқымызда ел есінде қалған Жәнібек есімді ерлер көп. Солардың бірі – Хан Абылай тұсындағы батырлар заманында туған Ер Жәнібек. Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте айрықша батырлығымен, шешендігімен, мәмілегерлігімен аты шыққан – Жәнібек Бердәулетұлы. Ғұмырын қазақтың елдігіне арнап, халықтың жолында ерен еңбек сіңірген батырдың туғанына биыл – 300 […]
Жаңалықтар
by erjanibek × 2014 ж. Қаңтар 31, 10:57 +06 |
Назарбаев университеті қартаюға қарсы бағыттағы ғылыми зерттеулері бойынша көңілге қонымды нәтижеге қол жеткізді. Өмір туралы ғылым орталығының бас директоры Жақсыбай Жұмаділов Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында осы сала ғалымдарының бүгіндері немен шұғылданып жатқандығынан кеңінен сөз тарқатты. Ең бірінші кезекте ол Оксфорд университеті және Кардиффа университетімен бірлесіп зерттеп жатқан жобаларымен таныстырды. Аталған жоба қартаю […]
Жаңалықтар
by erjanibek × 2014 ж. Қаңтар 30, 15:28 +06 |
2014 жылы қаңтардың 29 күні Алматы қаласындағы Ұлттық Баспасөз клубында Елдік пен Ерліктің туы болған қазақтың хас батыры Ер Жәнібектің 300 жылдық мерей тойына арналған баспасөз жиыны өтті. Жиында Ер Жәнібек бабамыздың 300 жылдық мерей тойын өткізу туралы алдын ала жоспарланған іс-шаралар таныстырылып, ел ағалары Ер Жәнібектің қазақ өміріндегі алатын […]
Жаңалықтар
by erjanibek × 2014 ж. Қаңтар 30, 11:35 +06 |
– Таласбек аға, сіздің жазушы ретінде қалыптасуыңызға әлем әдебиетінің және туған әдебиеттің қандай өкілдері әсер етті, әуелі осыларды айтып кетсеңіз. – Кесіп-пішіп айту қиын. Ойымша, «Кім және нендей жайттар әсер етті?» деген дұрысырақ болар. Себебі, менің өмірімде болған және болмақ жайттардың барлығы да менің жазушы ретінде қалыптасуыма әсер етті және […]
Шежіре
by erjanibek × 2014 ж. Қаңтар 30, 11:34 +06 |
Жас батыр Жәнібектің жау алдындағы қайраты аңыз болып, ел ішіне тез жайылады да, Абылай хан оны жете сынамақ болады, сол ойдың орайы бораны күркіреп, жаңбыры сіркіреп бір күннің түніне тура келеді. Жорыққа аттанған Абылайдың қалың қолы нөсерлі қою қараңғы түнді жамыла иендегі ағаш бейіттен бірер шақырым өтіп барып түседі. Күз […]
Соңғы пікірлер