Білім
Адамдар өздерін қысқа мерзімде жаңа қала тұрғыза алатын немесе керісінше мыңдаған ядролық қару арқылы планетадағы барлық тіршілікті құрта алатын қуатты күш иесіміз деп санайды. Біз табиғатқа әмірімізді жүргіземіз деп ойлаймыз. Бірақ табиғат олай ойламайды және үнемі адамзат баласын Жер бетінен “жоюға” тырысады. Әзірге барлық әрекеті нәтижесіз. Қазіргі коронавирус індетінің болуы да сол әрекеттің бір көрінісі…
Жаңалықтар
АҚШ азаматы Крейг Портелл отбасымен 1998 жылы Моңғолияның Баян-Өлгей аймағына барып, ондағы жергілікті қазақтарға ағылшын тілінен сабақ бере бастайды. Кейін Портелл отбасы осы аймаққа көшіп келіп, 8 жыл ішінде NovaLingua білім орталығын ашып, Баян-Өлгей табиғатын қызықтау үшін келген шетел туристеріне қазақ тілін үйретумен айналысқан. Қазіргі уақытта Ұланбатыр қаласында оқытушы болып еңбек ететін ерлі-зайыпты Крейг пен Сара келешекте Қазақстанға қоныс аударғысы келеді. Қазақстаннан басқа елде қазақ тілін үйретіп жүрген Крейг мырзаны әңгімеге тарттық.
Кітапхана
Бұдан бұрынғы жылдары өмілдірік құйысқаны күнмен көмкеріліп кісінеп ерте жететін кербесті көктемнің биылғы келісі кештеу болды. Көкек шақырып үлгермей, Арқаның ақ түтек ақпа бораны аяғын аптаға созып жатқанда, солығы басылмай іле-шала жетіп, құс қанаты ән салатын Алматы аспаны да ашық емес-ті. Жауып жырғатпаған жамауы көп жасық бұлттар түспей жатып жесір […]
Алтай аңызы
Қарт Алтайдың қалың жынысты, қарлы жоталарының биігінде көз тамшысындай болып мөлдіреп жатқан Марқакөл дейтін ғажап бір көл бар. Тау басындағы таңғажайып көлде мамандардың айтуынша, әлемде біздің елде ғана ұшырасатын майқан балықтары тіршілік құрады. Сонау мұз дәуірінің көзі тірі символы деп жүрген майқан балығы жайында сіз не білесіз?
Білім
Биылғы наурыз мейрамы кезінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің “Тәуелсіздік бәрінен қымбат” мақаласындағы Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасына сәйкес, «Студенттік көктем-2021» көркемөнерпаздар байқауын онлайн форматта өткізді. Бұл туралы бізге ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті деканның оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Амирканов Марат Болысбекұлы хабарлады. Байқаудың мақсаты […]
Білім
Ел егемендігін алған тұста шетелде тұратын қандастарымыз тарихи Отанына орала бастады. Тәуелсіздік арқылы қазақ ғасырлар бойы аңсаған арманына қол жеткізді. Тәуелсіздігіміздің арқасында Отанына жете алмай жүрген қандастарға үлкен мүмкіндік туды. Міне осыған орай шетелде жүрген миллиондаған қандастарымыздың ұрпағы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен алыс және жақын шет елдердегі этникалық […]
Кітапхана
by erjanibek × 2021 ж. Наурыз 23, 16:01 +06 |
Оянған Ыңғайұлы. (1914-1972) Қытайдың Алтай аймағы, Буыршын ауданында өмір сүрген ақын. ХХ ғасырдағы қытай қазақ әдебиеті өкілдерінің бірі. Ақынның жазбаша және ауызша тараған бірқатар шығармалары бүгінге жетіп отыр. Оянған Ыңғайұлының «Мұңлық жыр», «алтыншы айдың он төрті», «Баянның бетке басарларына», «шөпке түскенде», «Нұрғабылға», «Күшіктің зары», «Ыдырыш пен қасқырдың айтысы», «Екі құрдас», «Жалқауға» секілді өлең толғаулары бар.
Бүгін сіздерге ақынның сатиралық үлгіде жазылған «Алтыншы айдың он төрті» атты өлеңін ұсынып отырмыз. Бұл өлең қазір Текелі қаласында тұратын Нұрлан Темірханұлының қолжазба дәптерінен алынды.
Жаңалықтар
by erjanibek × 2021 ж. Наурыз 21, 23:31 +06 |
21 Наурыз. Монғолдың “Талын” телеарнасында «Жыл басы Наурыз – 2021» атты бағдарлама көрерменге жол тартты,-деп хабарлайды KAZNEWS сайты. Бағдарлама Моңғолия Жастар одағының Ұланбатыр қаласындағы Баян-Өлгей жастар бөлімшесі мен Нұрбек Жырғауұлы жетекшілік ететін «Өлгейімнің өркені» мемлекеттік емес ұйымының қолдауымен ел назарына ұсынылды. Бағдарламада қазақ халқының салт дәстүрі дәріптеліп, Моңғол халқына Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы туралы кең көлемде ақпарат берілді.
Руханият
by erjanibek × 2021 ж. Наурыз 15, 14:08 +06 |
Орыс-совет отарлық қыспағындағы қандыбалақ ХХ ғасыр – Əлихан Бөкейханов пен Смағұл Садуақасовтан соңғы кезеңдегі бірден-бір ұлттық мемлекетшіл, қайтпас қайраткер, қазақ халқының қаһарман перзенті Жұмабек Тəшеновті мен бағзы бір дəуір – студент кезімде тым жақыннан, бірақ сырттай екі рет көріппін. Алғашқыда, 1959 жылдың басы болса керек, Қазақ университетіне, студенттермен кездесуге келді. […]
Шежіре
by erjanibek × 2021 ж. Наурыз 12, 21:30 +06 |
Жәнібек батыр тар жол, тайғақ кешулерін былай еске алады екен: – Майдандасып жау түсіруді ерлігім деп санамаймын, қаптаған жаумен шайқассаң өткір найзаның ұшымен, тұлпар аттың күшімен, қайратыңа әдіс-амалыңды қосып жеңесің. Сен оны алмасаң, ол сені алады. Талай-талай қан майданды бастан кешірдім, тар жол, тайғақ кезеңдерден өттім, майданда жау түсірмей қайтқан […]
Соңғы пікірлер