Жаңалықтар
18 мауым күні, Алматыда ақын Ержанат Байқабайұлының “БОТАЛАР НЕГЕ БОЗДАЙДЫ” жыр жинағының тұсаукесері өтеді. Белгілі айтыскер Ержанат Байқабайұлы бұл кітабін Жәйірдің жырауы атанған ақиық ақын Жәркен Бөдешұлының рухына арнап жазған. Жинақта Жәркен жыраудың туған жері мен өскен ортасы, қилы тағдыры ақын тіліне тиек болып, көркем образбен бейнеленген. Артынан ерген ұрпағы, […]
Жаңалықтар
Сәуле Серікбайқызы, туған жері – Баян-Өлгий аймағы. Дарын орта мектебінің түлегі. Қазақстан Республикасының Қарағанды Мемлекеттік Университетін Бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша тәмамдаған. Граффити — ғимарат қабырғаларына, металл бұйымдарға сызылған және жазылған арнау мәніндегі және магиялық тұрмыстық сипаттағы жазулар деп түсінуге болады. Бұл менің таңдауым Бала күнгі арманым суретші […]
Шежіре
Кавказда VIII-ХVII ғасырлар аралығында өмір сүрген касах-кашактар біздің қазақтың бір бөлігі ме, басқа ма? Осы сауалдың нақты жауабын табу аса маңызды нәрсе. Кейінгі орыс тілді казактардың арғы тегі Қазақ екенін академик Бартольд жазған, оны Мұрад Аджи де нақтылайды. Ресей тарихшылары да ХІХ ғасырдағы Дон казактарының ескі сөздері киргиз-кайсак (қазақ) сөздерімен […]
Кітапхана
Бұл отырғандарды исі Жәнтекейдің игі жақсыларының түгел тобы деуге болмайтындай. Өйткені, мұнда тізгін ұстап тұрған мөр иелерінен бірде-біреуінің төбесі көрінбейді. Есінеу көп, ентігу аз. Тәрізі, әлжуаз топтың әлсіз жиыны болса керек. Қойдан қоңыр Жәдік нәсілі болса бір сәрі; аптығын қанжығасына байлана жүретін «Шақабай» ұрандыға мына момындық жараспай-ақ тұр.
Жаңалықтар
Қазақ халқы бір жылдың 365 күнін әрқайсысы 90 күннен тұратын төрт мезгілге (кейбір зерттеушілер мұны төрт дүлей деп атап жүр) бөліп қарастырады Бұларды күнделікті өмірде көктем, жаз, күз және қыс деп шартты түрде атағанымызбен бұрынғылар бұл мезгілдерді су, от, топырақ және ауа секілді төрт жаратылыстың үстемдік құратын уақыты деп санаған. […]
Білім
Жарқын Есімбекұлы 1967 жылы Қытайдың Алтай қаласында дүниеге келген. 1985-1990 жылдары Шыңжаң университетінің физика факультетінде оқыған. 2006 жылы Бейжің университетінде астрономия ғылымдарының докторы атағын алды. 2008-2009 жылдары АҚШ-тың Гарвард университеті Симпсон астрофизика зерттеу орталығында ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысты.
Шежіре
Бүгін, XX ғасырдағы қазақ ұлт азаттық қозғалысының жетекшілерінің бірі, дала көкжалы Оспан батыр Сіләмұлының ұлт азаттығы жолында шаһит кешкеніне 70 жыл. 1951 жылдың 29 сәуірінде Оспан батыр Үрімжіде Қытай коммунистері жағынан атылды.
Руханият
Жәркен жырау өмірден өткелі Алтай мен Арқадығы, Тәңір тау мен Оралтаудың ортасындағы барша халқы жоқтап, ақындары жоқтау жырларын селдетіп жатыр. солардың бір парасын бүгін назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік.
Бейнематериалдар
Осыдан 70 жыл бұрын, сәуір айының 29 күні, ХХ ғасырдағы ұлт қаһарманы, қолбасшы, баты Оспан Сіләмұлы қытай коммунистерінің тұтқынында ату жазасына кесілген күн еді. Батыр бабамыздың сол сәттегі тәкапар бейнесін, асқақ рухын, батыр тұлғасын төрт шумақ өлеңмен өрнектеп берген, Жайыр таудың жырауы, аяулы асыл, аңғал ақын ағамыз Жәркен Бөдешұлы да күні кеше ғана, осы сәуір айында мәңгілік келмес сапарға аттана берді. Бүгін халқы ардақты ұлын арулап жер қойынына тапсырып қайтты. Жәніңіз жаннатта болғай алаштың айбоз ұлы.
Кітапхана
Жәркен кеткенде… Мұрат Шаймаран Өшіпті дейді бір шырақ, бататын күндей қан қызыл. Көшіпті дейді тым жырақ Жайырдан келген жалғыз ұл. Қар жауған сәуір қаралы, шомғандай шүңет мың ойға, Жалғыздар керек екен ғой өзі де жалғыз Құдайға. Ажалдың жүзін көремін – безбүйрек беті бозарып… Кеткендей болды өлеңнің өмірге ғашық көзі […]
Соңғы пікірлер