Жаңалықтар
18 мауым күні, Алматыда ақын Ержанат Байқабайұлының “БОТАЛАР НЕГЕ БОЗДАЙДЫ” жыр жинағының тұсаукесері өтеді. Белгілі айтыскер Ержанат Байқабайұлы бұл кітабін Жәйірдің жырауы атанған ақиық ақын Жәркен Бөдешұлының рухына арнап жазған. Жинақта Жәркен жыраудың туған жері мен өскен ортасы, қилы тағдыры ақын тіліне тиек болып, көркем образбен бейнеленген. Артынан ерген ұрпағы, […]
Жаңалықтар
Сәуле Серікбайқызы, туған жері – Баян-Өлгий аймағы. Дарын орта мектебінің түлегі. Қазақстан Республикасының Қарағанды Мемлекеттік Университетін Бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша тәмамдаған. Граффити — ғимарат қабырғаларына, металл бұйымдарға сызылған және жазылған арнау мәніндегі және магиялық тұрмыстық сипаттағы жазулар деп түсінуге болады. Бұл менің таңдауым Бала күнгі арманым суретші […]
Жаңалықтар
Қазақ халқы бір жылдың 365 күнін әрқайсысы 90 күннен тұратын төрт мезгілге (кейбір зерттеушілер мұны төрт дүлей деп атап жүр) бөліп қарастырады Бұларды күнделікті өмірде көктем, жаз, күз және қыс деп шартты түрде атағанымызбен бұрынғылар бұл мезгілдерді су, от, топырақ және ауа секілді төрт жаратылыстың үстемдік құратын уақыты деп санаған. […]
Жаңалықтар
АҚШ азаматы Крейг Портелл отбасымен 1998 жылы Моңғолияның Баян-Өлгей аймағына барып, ондағы жергілікті қазақтарға ағылшын тілінен сабақ бере бастайды. Кейін Портелл отбасы осы аймаққа көшіп келіп, 8 жыл ішінде NovaLingua білім орталығын ашып, Баян-Өлгей табиғатын қызықтау үшін келген шетел туристеріне қазақ тілін үйретумен айналысқан. Қазіргі уақытта Ұланбатыр қаласында оқытушы болып еңбек ететін ерлі-зайыпты Крейг пен Сара келешекте Қазақстанға қоныс аударғысы келеді. Қазақстаннан басқа елде қазақ тілін үйретіп жүрген Крейг мырзаны әңгімеге тарттық.
Жаңалықтар
by erjanibek × 2021 ж. Наурыз 21, 23:31 +06 |
21 Наурыз. Монғолдың “Талын” телеарнасында «Жыл басы Наурыз – 2021» атты бағдарлама көрерменге жол тартты,-деп хабарлайды KAZNEWS сайты. Бағдарлама Моңғолия Жастар одағының Ұланбатыр қаласындағы Баян-Өлгей жастар бөлімшесі мен Нұрбек Жырғауұлы жетекшілік ететін «Өлгейімнің өркені» мемлекеттік емес ұйымының қолдауымен ел назарына ұсынылды. Бағдарламада қазақ халқының салт дәстүрі дәріптеліп, Моңғол халқына Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы туралы кең көлемде ақпарат берілді.
Жаңалықтар
2004 жыл. «Қазақ календары» беттерінің бірінен ҚХР-да өмірге келген кинокартина туралы хабарды оқып қалдық. Сөйтсек, ол қазақ тілінде шетелде түсірілген тұңғыш көркемсуретті фильм екен. Осыны оқығаннан кейін ойға қалдық. Көкейімізге: «Сондағы ойнаған киноактерлер… Олар кімдер еді?» деген сауалдар келген болатын. «Иә, шынында олар кімдер еді? Іздеп көрсек қайтеді өздерін? Мәселен, 1956-1962 жылдарғы ұлы көш кезінде сол өнер адамдарының арасынан бергі бетке өткендерінің де бар болуы мүмкін-ау…» Ақыры таптық та! Олар: Жәмила – Кеңес Одағының халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрының саңлақ актрисасы Фарида ШӘРІПОВА болса, екіншісі – Хасен рөлін ойнаған Ықылас Дүкенұлы атындағы республикалық саз аспаптары мұражайының ғылыми қызметкері Абылай ТҮГЕЛБАЕВ еді. Көп кешікпей Алматыда тұратын осы аға, апамызбен кездесіп, әңгімелескен жайымыз бар. 2004 жылдың жаймашуақ сол бір көктеміндегі сұхбатта мына төмендегі жәйттер белгілі болған еді.
Жаңалықтар
by erjanibek × 2021 ж. Қаңтар 27, 12:40 +06 |
ХІХ ғасырдың аяғына қарай Іле, Алтай, Тарбағатай сынды үш аймақтың Қытай еліне басы бүтін бодан болуына байланысты қазақ жұрты мен Қытай елінің арасындағы байланыс тіпті де жиіледі. Үш аймақты мекендеген қазақтар мал мен бастың амандығы үшін ел тізгінін ұстаған Қытай елімен тіл табысып тұруға тырысты. Ауыс-түйістің салқын жүретін бұрынғы заманындай емес, ауылы аралас, қойы қоралас жатқан дəл осы кезеңде тілмаштардың қажеттілігі артты.
Жаңалықтар
by erjanibek × 2020 ж. Қыркүйек 16, 11:34 +06 |
Хәкім Абайдың поэзиясы мен қоғамдық қызметін ажыратып қарау мүмкін емес. Өйткені өлең – өз дәуірінің айнасы, ақынның тұтастай ғұмырымен сабақтасып тұратын құбылыс. Абай ел билеу ісіне белсене араласып, болыстық қызметке бірнеше рет сайланғанын білеміз. Толғырақ айтсақ, 1866 жылы және 1872-1874 жылдары Күшік-Тобықты елінің болысы, 1876-1878 жылдары Қоңыр-Көкше елінің болысы, 1893 […]
Жаңалықтар
Қытайдағы қазаққа ғана емес, миллиардтар еліне кеңінен таныс, кезіндегі аламан жарыстың бәйге бермес арыстаны атанған, 130 келі салмақтағы түйе палуан, ақын Солтыкен Көкішұлының Жақсылық Үшкемпіровты жоқтау жыры. Ел үшін туған арсым Қайғырды қазақ ұлына, Мақтанған еді буына. Тұңғыш ірет Жақсылық, Спорттың шыққан шыңына! Ел үшін туған арысым, Арнаған елге […]
Жаңалықтар
“Қазақстанның Ұлттық агроөнеркәсіп палатасы” заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер қауымдастығы Орталық Кеңестің төрағасы Игбаев Асылхан Жұмайбайұлы ұсынысы бойынша “Қазақстанның Ұлттық агроөнеркәсіптік палатасы” президентінің міндетін атқарушы болып Әбубәкіров Серік Абдулахметұлы, ал қауымдастықтың қоғаммен байланыс жөніндегі вице-президенті лауазымына Ақан Толқын тағайындалды. Серік Әбубәкіров ІІМ Есірткі бизнесімен күрес жөніндегі комитетінің бастығы, “Қазақстанның Ұлттық […]
Соңғы пікірлер