Әдебиет
Есенғали Раушановтың «Шықтың өлуі» атты өлеңі сонау тоқсаныншы жылдардың аяғынан бері қарай оқырман қауымға таныс. Жұрт жүрегінен орын алып, сана түкпіріне сақталып қалған өлең. Мұнда ақын таң мен түннің арасындағы қас-қағым сәттегі шықтың жоғалу сәтін, өз сөзімен айтқанда «Түні бойы көз ілменген мөлдірліктің, Ақ пен Қызыл арасындағы» өлімін және оның […]
Әдебиет
Ешбір егей ашпастан жанға сырын, Жоғалмаған мұрада бар ма шығын. Жатқан мынау аузы ашық аңырайып, Ескі мола куәсі сан ғасырдың. Жел мұжып жеп мүрдеңді кемірсе де, Болған еді бақытты өмір сенде. Ұлы өлкем деп ұрандап жанын қиған, Бабаларым емессің тегін пенде. Талай сартаң атырып кезінде ерен, Ері бар ма ел […]
Әдебиет
Әлқиса Десек те бір ризық келмес тегін, Алар жылдан еншім бар сенде менің. Түсіп қалған Азанбай түкіргенде, Туған соңғы аузынан кенжесі едім. Атын атап әкені «аға» дедім, Бұл дәстүрді біледі саналы елім. Немересін басатын бауырына, Өткен бабам не деген дана менің. Бір ауылда ерке өстім желік қуып, […]
Әдебиет
by erjanibek × 2020 ж. Наурыз 17, 16:10 +06 |
Құрмантай Нүсіпұлы. 1963 жылы ҚХР, Алтай аймағына қарасты Буырылтоғай ауданының Қарамағай ауылында туған. 2005 жылы тарихи отанына қоныс аударған. Қазір ШҚО Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылында тұрады. Өлеңдері мерзімді басылымдарға басылып, Тарбағатай ақындарының алманағына кірген. Ақжар ауылы қоғамдық кеңесінің мүшесі. «Шынайы сый халқыма» атты жыр жинағының иесі. Дастанбыз Азулымыз, ақылдымыз, асқанбыз, […]
Әдебиет
by erjanibek × 2020 ж. Наурыз 11, 23:46 +06 |
Ақпандағы арпалыс Айналам толы ақ шаңыт, Бір сәуле көзге ілікпей, Сапарға барам аттанып, Атыма мініп сүліктей. Тарылтып мүлдем тынысты, Ақпанның бұлдыр тұманы. Уайымдай боп жымысқы, Кеудеме шөгіп тұрады. Жанарын тігіп жалтаңға, Қайшылап қамыс құлағын. Аршындап алға тартады, Астыма мінген пырағым. Бұлыңғыр мынау кеш – ерек, Сездірмес тірлік […]
Әдебиет
Төлебай Бөжекұлы Қытай қазақтарына ежелден аты таныс әйгілі ақын. Оның үлкенді – кішілі өлеңдері, айтыстары, дастандары, қағытпалары және басқа жанрда қалдырған шығармалары біреуден біреу естіп, ауыздан – ауызға таралып Қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылып отыр. Төлебайдың аты көп жерлерде Төлеубай деп қата айтылып жүр. Төлебай Бөжекұлы руы Керей ішінде Жантекекй. […]
Әдебиет
by erjanibek × 2019 ж. Желтоқсан 15, 22:40 +06 |
еркіндік дейді бұл құстың атын қанаты күйік қарғам-ау. желтоқсан сайын жаныма менің қосылар ылғи бір жамау. құдайдың өзі ұмытқан елміз қашанғы Тәңір сақтасын. азаттық дейтін асыл ұғымды иманға орап сатқасын. садаға деймін біздің бұл тірлік итке де қимас өмірім. алаштың басын көрінен қазып бөрідей шулап кемірдім. қуаты қайда тілімнің құрғыр […]
Әдебиет
by erjanibek × 2019 ж. Қараша 27, 13:29 +06 |
Ақын Талапбек Азанбай 1965 жылы ҚХР ШҰАР Алтай аймғы Алағақ өңірінде дүниеге келген. 2004 жылы ата жұртына көшіп келіп, қазіргі кезде Алматы облысы Ескелді ауданында тұрады. Белгілі ақын Талапбек Азанбай 1990 жылдан бастап әдебиетке араласып, «Алтын тау салтанаты», «Қыран меруерті» атты жыр жинақтарында, ШҰАР көлеміндегі түрлі басылым газет – журналдарында […]
Әдебиет
by erjanibek × 2019 ж. Қараша 23, 21:44 +06 |
Ер Жәнібек баһадүрдің 300 жылдық тойына арналған жыр мұшайрасында бас жүлде алған өлең. Абылайдың қайраулы қанжары деп, Заманында дауысың жер жарып ед. Ата жаумен айқасқан арыстандай, Сенде де арман бар ма екен Ер Жәнібек?! Таралғыда сірі боп қос тақымың, Жер бермедің жауыңа таспа – тілім. Намысыңды түйіп ап шүберекке, […]
Әдебиет
by erjanibek × 2019 ж. Қараша 15, 16:09 +06 |
Дала бозторғайы қандай сүйкімді, қандай сұлу, қандай жағымды, қандай аяулы десеңізші?! ол құмайт жерге, қағыр тастарға қонбайды. ол дауылды нөсерлерге қарсы ұша алады, аяздарда тоңбайды. ол бүкіл табиғат дүниесіне, жан-жануарға, адамзатқа сұлулық силайтын киелі құс. ол тамылжыта ән шырқағанда көктем айы ерекше құлпырып, бүкіл тіршілік иесінің жанын әсем саз кернеиді. […]
Соңғы пікірлер