Алтай аңызы
Қысқаша мағлұмат: Хасен Қалибекұлы Оралтай, әлемге танымал халықаралық қаламгер — 1933 жылы Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағындағы Майлы-Жайыр жайлауында туған. Ауыл мектебінен сауатын ашқан. 1945-жылдан бастап Шығыс Түркістан ұлт-азаттық көтерілісі жетекшілерінің бірі болған әкесі Қалибек хакім Райымбекұлының қолғанаты болған. 1947 жылдан бастап “Үш аймақ” үкіметіне наразылық танытып, Кеңес одағының империялық саясатына қарсы шығып, Қызылөзеннен Еренқабырғаға қоныс аударған. 1949-жылдан бастап қуғынға ұшырап, жазалау әскерімен соғыса жүріп тұз қақтаған Такламакан шөлін кесіп өтіп, Тибеттің қуаң Саржонын басып, ыс басқан Гималай тауын асып, 1951жылы Үндістанның Кашмир аймағына өткен. 1954-жылы Түркияның Салихлы қаласына тұрақты қоныстанған. Түрік, ағылшын тілін меңгеріп, шетелдік саяхатшыларға арналған дүкен мен қонақ үйде қызмет істейді. Сонда танысқан американдық әскерилердің ықпалымен 1957 жылы
НАТО-ның Ізмірдегі әуе күштері мекемесіне қызметке алынады. I960 жылдан бастап бірыңғай қаламгерлікпен айналысқан. “Бұйұк Түркелі” (1962), (Түркелі” (Ізмір) журналдарын, “Коммунизммен күрес” (Ізмір, 1965) газетін ашқан. 1967 — 1988 жылдары Мюнхендегі “Азаттық” радиосының қызметкері, 1988 жылдан бастап “Азаттық” радиосы қазақ бөлімінің директоры боды. 1993-жылы Алматыда қазақ бөлімінің бюросын ашты. 1995 жылы зейнетке шықты. Қазір Мюнхенде тұрады.
“Шығыс Түркістан қазақ түріктері — азаттық жолында”(1961), “Бұйүқ түрікшіл Мағжан Жұмабаев (1965), “Алаш — Түркістан түріктерінің ұлт-азаттық ұраны” (1971), “Алтайдағы қанды күндер” (1977), “Қазақша — түрікше сөздік” (1984), “1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстан оқиғалары” (1988) және осы жинақта үзінділері қысқартылып беріліп отырған “Елім-айлап” өткен өмір” (1999, Станбол, 2005, Алматы) атты ұлтжанды кітаптардың авторы. Естеліктің баспаға дайындағандар Т.Жұртбай мен Е.Сіләмханұлы.
Бейнематериалдар
“Ботақара батыр” дастаны. Жазған: Талапбек Азанбай Орындаған: Есқат Нұрәли https://erjanibek.kz/wp-content/uploads/2020/10/Ботақара3.jpg
Кітапхана
Оспан батырдың “Үш аймақ” үкіметіне қарсы шығуы Совет Одағының қысымының нәтижесінде Шығыс Түркістан армиясының жеңістен-жеңіске ұласқан екпінді шабуылын кенет доғарып, қытаймен келіссөз жүргізуге мәжбүр болуы жұртшылық арасында: “…Бұл істің артында орыстар бар екен. Орыстар армияның алға тарта беруіне кедергі жасапты”, — деген сияқты сыбыс-жорулардың тарауына жеткізді. Үрімжіде қол жеткен келісім […]
Кітапхана
Мұхаметжан Ғабдулкаримұлы Юсуп Батыс Қытайдағы Тарбағатай аймағының орталығы Шауешек қаласында 1897 жылы (құжатта 1896 жыл деп көрсетілген) ескіше 1-қаңтар, жаңаша 14-қаңтарда дүниеге келген. Әкесі Ғабдулкәрім (лақабы Керімтай) XIX ғасырдың 70-75 жылдарында Бұхарадан Құлжаға барып, одан 90- жылдары Шауешекке келген. Шешесі Зульхижа найманның қаракерей табының тума жұртынан. 1902 жылдан бастап медіресе де, […]
Руханият
Әтейхан Қайсаұлы — Шинжаңның Баркөл ауданының Қабойы деген жерінде туған. Руы – Абақ керейдің ішінде Жәнтекей, Тасбике. Тасбике ішінде Ақша деген атадан, Ақшадан Бектемір, одан Мыңжасар, одан Қайса мен Әліп туған. Қайса мен Әліп бір туысқан. Елісхан — Әліптің баласы, Әтейхан Қайсаның баласы. Пәкістанда — Түркия үкіметіне хат жазғандардың, “Түркістан қозғалысын” […]
Шежіре
Мақаланың басын мына жерден оқыңыз Оспан 1899-жылы Көктоғай ауданының Өндірқара деген жерінде туған. 18 жасқа толар-толмас та Зуқа батырдың кезіне түскен. Зуқа — Оспанның қаруына, ерлігіне ақылы сай жігіт болатынын сезіп, оны қолына ұстағысы да келген. Оспанның әкесі Исламға кісі жіберіп, Оспанды тәрбиелегісі келетінін де білдірген. Бірақ Оспан өзінің сабырлылығымен, […]
Шежіре
Асқар Татанайұлы — 1906 жылы 6-қазан күні Шығыс Түркістанның Алтай аймағындағы Қыран өзені бойында дүниеге келген. Жазушы, ақын, шежіреші, оқу-ағарту саласының белгілі қайраткері. 1935 жылы 27-желтоқсаннан бастап шығарылған “Алтай” газеті баспаханасын ұйымдастырушы баспагер, газет қаламгері. Шығыс Түркістандағы тарихи оқиғалардың тікелей куәгерлері. Алтай тарихы туралы әфсаналардың, “Бір ғасыр” атты өлеңмен жазылған […]
Шежіре
by erjanibek × 2020 ж. Қыркүйек 27, 13:37 +06 |
Қазақ баспасөзі мен кітаптарда соңғы жиырма-отыз жылда «түркілер», «түркі халықтары», «Түркі қағанаты» дейтін атаулы сөздер кеңінен қолданылып жүр. Қазақ тілінің ішкі үйлесімі бойынша, «түркі» дейтін сөздің ешбір оғашы жоқ, бірақ бұл – зат есім емес, сын есім – «қазақы» деген тәрізді; адами, кәсіби, ғылыми – бәрі бір орайда. Сондықтан «түркі» – […]
Шежіре
by erjanibek × 2020 ж. Қыркүйек 25, 20:06 +06 |
Осыдан 153 жыл бұрын, яғни 1864 жылы қазан айының 7-сі күні Ресей мен Қытай арасында “Шәуешек келісіміне” қол қойылды. Тарихшы Нәбижан Мұқаметханұлы 153 жыл бұрын қол қойылған осы “Шәуешек келісімі” қазіргі қазақ-қытай шекарасының негізі болғанын” айтады. Азаттық тілшісі Ресей және қазақ зерттеушілерінің ғылыми деректері мен пікірлеріне сүйеніп, Қазақстанның шығыс шекарасының […]
Руханият
by erjanibek × 2020 ж. Қыркүйек 19, 12:05 +06 |
Әйгілі ақын-жазушы, драматорг Мағаз Разданұлы 1924 жылы, Алтай аймағы, Буыршын ауданы, Дулайты ауылдығында өмір есгін ашқан. 1998 жылы, 74 жасында Буыршын өңірінде өмірден озған. Шығармалары: «Асулар толғауы» өлеңдер жинағы, «Ертең» өлең жинағы, «Босаға» өлең жинағы, «Уақытқа жауап» өлең жинағы, «Сары бел) » өлең роман, «Ата заман сөйлейді» поэсттер жинағы, «Алтай […]
Соңғы пікірлер