Әдебиет

Талапбек АЗАНБАЙ: ҚАРАГЕР (дастан)
Әдебиет

Талапбек АЗАНБАЙ: ҚАРАГЕР (дастан)

Әлқиса   Десек те бір ризық келмес тегін, Алар жылдан еншім бар сенде менің. Түсіп қалған Азанбай түкіргенде, Туған соңғы аузынан кенжесі едім.   Атын атап әкені «аға» дедім, Бұл дәстүрді біледі саналы елім. Немересін басатын бауырына, Өткен бабам не деген дана менің.   Бір ауылда ерке өстім желік қуып, […]

Құрмантай Нүсіпұлы: Көңілім менің көк теңіз
Әдебиет

Құрмантай Нүсіпұлы: Көңілім менің көк теңіз

Құрмантай Нүсіпұлы. 1963 жылы ҚХР, Алтай аймағына қарасты Буырылтоғай ауданының Қарамағай ауылында туған. 2005  жылы тарихи отанына қоныс аударған. Қазір ШҚО Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылында тұрады. Өлеңдері мерзімді басылымдарға басылып, Тарбағатай ақындарының алманағына кірген. Ақжар ауылы қоғамдық кеңесінің мүшесі. «Шынайы сый халқыма» атты жыр жинағының иесі. Дастанбыз Азулымыз, ақылдымыз, асқанбыз, […]

ТҰРДЫХАН АЙДАРХАН: АҚ ҚАЙЫҢНЫҢ ЖҮЗІНЕН ҰЯТ ТАМЫП . . .
Әдебиет

ТҰРДЫХАН АЙДАРХАН: АҚ ҚАЙЫҢНЫҢ ЖҮЗІНЕН ҰЯТ ТАМЫП . . .

Ақпандағы арпалыс  Айналам толы ақ шаңыт, Бір сәуле көзге ілікпей, Сапарға барам аттанып, Атыма мініп сүліктей.   Тарылтып мүлдем тынысты, Ақпанның бұлдыр тұманы. Уайымдай боп жымысқы, Кеудеме шөгіп тұрады.   Жанарын тігіп жалтаңға, Қайшылап қамыс құлағын. Аршындап алға тартады, Астыма мінген пырағым.   Бұлыңғыр мынау кеш – ерек, Сездірмес тірлік […]

Төлебай Бөжекұлы
Әдебиет

Төлебай Бөжекұлы

 Төлебай Бөжекұлы Қытай қазақтарына ежелден аты таныс әйгілі ақын. Оның үлкенді – кішілі өлеңдері, айтыстары, дастандары, қағытпалары және басқа жанрда қалдырған шығармалары біреуден біреу естіп, ауыздан – ауызға таралып Қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылып отыр. Төлебайдың аты көп жерлерде Төлеубай деп қата айтылып жүр. Төлебай Бөжекұлы руы Керей ішінде Жантекекй. […]

Ұмтыл Зарыққан: Желтоқсан деген ай емес …
Әдебиет

Ұмтыл Зарыққан: Желтоқсан деген ай емес …

еркіндік дейді бұл құстың атын қанаты күйік қарғам-ау. желтоқсан сайын жаныма менің қосылар ылғи бір жамау. құдайдың өзі ұмытқан елміз қашанғы Тәңір сақтасын. азаттық дейтін асыл ұғымды иманға орап сатқасын. садаға деймін біздің бұл тірлік итке де қимас өмірім. алаштың басын көрінен қазып бөрідей шулап кемірдім. қуаты қайда тілімнің құрғыр […]

Талапбек Азанбай: Аққаптал (Тарихи дастан)
Әдебиет

Талапбек Азанбай: Аққаптал (Тарихи дастан)

Ақын Талапбек Азанбай 1965 жылы ҚХР ШҰАР Алтай аймғы Алағақ өңірінде дүниеге келген. 2004 жылы ата жұртына көшіп келіп, қазіргі кезде Алматы облысы Ескелді ауданында тұрады. Белгілі ақын Талапбек Азанбай 1990 жылдан бастап әдебиетке араласып, «Алтын тау салтанаты», «Қыран меруерті» атты жыр жинақтарында, ШҰАР көлеміндегі түрлі басылым газет – журналдарында  […]

Жүрсін Ерман: Ерлік жыры (өлең)
Әдебиет

Жүрсін Ерман: Ерлік жыры (өлең)

Ер Жәнібек баһадүрдің 300 жылдық тойына арналған жыр мұшайрасында бас жүлде алған өлең. Абылайдың қайраулы қанжары деп, Заманында дауысың жер жарып ед. Ата жаумен айқасқан арыстандай, Сенде де арман бар ма екен Ер Жәнібек?!   Таралғыда сірі боп қос тақымың, Жер бермедің жауыңа таспа – тілім. Намысыңды түйіп ап шүберекке, […]

ДАЛА БОЗТОРҒАЙЫ (Тұран Құсайынқызымен сұхбат)
Әдебиет

ДАЛА БОЗТОРҒАЙЫ (Тұран Құсайынқызымен сұхбат)

Дала бозторғайы қандай сүйкімді, қандай сұлу, қандай жағымды, қандай аяулы десеңізші?! ол құмайт жерге, қағыр тастарға қонбайды. ол дауылды нөсерлерге қарсы ұша алады, аяздарда тоңбайды. ол бүкіл табиғат дүниесіне, жан-жануарға, адамзатқа сұлулық силайтын киелі құс. ол тамылжыта ән шырқағанда көктем айы ерекше құлпырып, бүкіл тіршілік иесінің жанын әсем саз кернеиді. […]

Бүгін ақын Мұрат Шаймаранның 50 жасқа толған туған күні
Әдебиет

Бүгін ақын Мұрат Шаймаранның 50 жасқа толған туған күні

Бүгін Тәуелсіз Қазақстан әдебиетінің ірі әрі көрнекті өкілдерінің бірі Мұрат Шаймаранның 50 жасқа толған мерейлі туған күні. Шайыр, ұстаз, абзал аға, асыл жар, ардақты әке… Мұрат Шаймаран шығармашылығы поэзияға құмартқан қауымға шығыс даласының кең төсінде табиғат шарапатына шомылып шалқая, өмір нәрін, жыр сусынын сімірген  шайырдай күй кештіреді. Шаймарандық көркем эстетикаға […]

Қытайдағы қазақ қаламгерлердің қағытпалары
Әдебиет

Қытайдағы қазақ қаламгерлердің қағытпалары

Ат пен кекілік Омарғазы Айтанұлы мен Ғани Саржанұлы екеуі кезіксе болды бірін-бірі әзіл-қалжыңмен қағытпалап отырады екен. Сәли Садуақас, Шәміс Құмарлар бар бір дастарқанда қуырмаштың етін теріп жеп, қарбыта асап жатқан Ғаниға Омарғазы: – Қарды тебе жайылатын, міністен енді босаған ат секілді қарайғанын қалдырмай сыпырдың, – ғой десе Ғани: – Қар астынан […]