Алтай аңызы / Руханият
by erjanibek × 2020 ж. Қараша 29, 23:35 +06 |
«Сіздің қобызбен тартқаныңыз Жәнібектің көк аты туралы ма? » – Деп сұрадым. «Я, бырақ оның атауы – Алтайдың көк дөнені. «Тамаша ат екен» . Гецелжав аға шай қайнатуға кірісті. Менің түсімдегі ат пен алтайдың көк дөнені екеуінің тағдыры ұқсас екендігін айттым. «Сенің түсің аян беріп тұр. Сен есейгенде белгілі адам боласың»,-деді Гецелжав аға.
Алтай аңызы
Қысқаша мағлұмат: Хасен Қалибекұлы Оралтай, әлемге танымал халықаралық қаламгер — 1933 жылы Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағындағы Майлы-Жайыр жайлауында туған. Ауыл мектебінен сауатын ашқан. 1945-жылдан бастап Шығыс Түркістан ұлт-азаттық көтерілісі жетекшілерінің бірі болған әкесі Қалибек хакім Райымбекұлының қолғанаты болған. 1947 жылдан бастап “Үш аймақ” үкіметіне наразылық танытып, Кеңес одағының империялық саясатына қарсы шығып, Қызылөзеннен Еренқабырғаға қоныс аударған. 1949-жылдан бастап қуғынға ұшырап, жазалау әскерімен соғыса жүріп тұз қақтаған Такламакан шөлін кесіп өтіп, Тибеттің қуаң Саржонын басып, ыс басқан Гималай тауын асып, 1951жылы Үндістанның Кашмир аймағына өткен. 1954-жылы Түркияның Салихлы қаласына тұрақты қоныстанған. Түрік, ағылшын тілін меңгеріп, шетелдік саяхатшыларға арналған дүкен мен қонақ үйде қызмет істейді. Сонда танысқан американдық әскерилердің ықпалымен 1957 жылы
НАТО-ның Ізмірдегі әуе күштері мекемесіне қызметке алынады. I960 жылдан бастап бірыңғай қаламгерлікпен айналысқан. “Бұйұк Түркелі” (1962), (Түркелі” (Ізмір) журналдарын, “Коммунизммен күрес” (Ізмір, 1965) газетін ашқан. 1967 — 1988 жылдары Мюнхендегі “Азаттық” радиосының қызметкері, 1988 жылдан бастап “Азаттық” радиосы қазақ бөлімінің директоры боды. 1993-жылы Алматыда қазақ бөлімінің бюросын ашты. 1995 жылы зейнетке шықты. Қазір Мюнхенде тұрады.
“Шығыс Түркістан қазақ түріктері — азаттық жолында”(1961), “Бұйүқ түрікшіл Мағжан Жұмабаев (1965), “Алаш — Түркістан түріктерінің ұлт-азаттық ұраны” (1971), “Алтайдағы қанды күндер” (1977), “Қазақша — түрікше сөздік” (1984), “1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстан оқиғалары” (1988) және осы жинақта үзінділері қысқартылып беріліп отырған “Елім-айлап” өткен өмір” (1999, Станбол, 2005, Алматы) атты ұлтжанды кітаптардың авторы. Естеліктің баспаға дайындағандар Т.Жұртбай мен Е.Сіләмханұлы.
Алтай аңызы
Қазіргі қытай жері Алтай беті күллі Абақ керейдің туып өскен ата мекені. Талай заңғар тұлғаларды тудырған алтын құрсақ, Алтайдың бір туар тумасы Әди Тұрарұлы 1932 жылы Ботақара руының сүйікті мекені Алтайдың Алақақ ауылында дүниеге келген. Әди Ботақара батыр Тыныбек Нұра әулетінен тарайды. Абақ керейдің тұңғыш биі атақты жырауы, Ботақара Тыныбек […]
Алтай аңызы
by erjanibek × 2019 ж. Қыркүйек 18, 10:51 +06 |
1 Бұрынғы өткен заманда бір шал мен кемпір өмір сүріпті. Олардың дәулеті шағын болғанымен, ақыл-парасатқа, ойға бай адамдар екен. Солардың жан дегенде жалғыз бір баласы бар екен. Уақыт өз дегенін алмай қоя ма. Жасы жетіп қартайған шал мен кемпір күндердің бір күнінде ауруға шалдығыпты. Бірте-бірте аурулары меңдеп, асқынып, екеуі де […]
Алтай аңызы
Тарбағатай тауының солтүстіктегі һәм Қалба тауының оңтүстік бөктерлерінің арасында Сарыдала деген жер бар. Бұл даланың ортасында жападан-жалғыз недәуір биік тау тұрады. Сол таудың басында ұйма-жұйма болып жатқан тастарды көресіз. Тастар осы арада зікір салған баяғы шамандар заманынан қалған екен. Ал жалғыз таудың пайда болуы жөнінде мынадай аңыз айтылады. Бұрынғы заманда […]
Алтай аңызы
by erjanibek × 2019 ж. Наурыз 31, 11:03 +06 |
Көбеген 50 жасқа келгенге дейін бала көрмеген, бір күні бәйбішесі кешке үй сыртына шығып Алладан тілек тілеп, ей Алла болмаса Кетікқатпадайда да бермедің-ау. Кетікқатпа Көбегенің қойын жаятын жөнпестау жігіт болса керек. Кетікқатпа неғып жатырсың дегенде бүрсігүні қой жаюшы едім ұйықтап жатырмын дейді екен. Бәйбішесінің сөзін естіп Көбеген далаға жүгіріп шығып, […]
Соңғы пікірлер